8-сынып бойынша тестік ж±мыстар


Жарық құбылыстары Тест А-1



бет15/19
Дата01.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#70917
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
8-synypa-arnalan-test-zhmystary

Жарық құбылыстары Тест А-1


1.Жарықтың түзу сызықты таралу заңының дұрыс тұжырымдамасын көрсет:
а) вакуумде жарық сәулелері түзу сызықты таралады;
б) ауада жарық сәулелері түзу сызықты таралады;
в) мөлдір ортада жарық сәулелері түзу сызықты таралады;
г) мөлдір біртекті ортада жарық сәулелері түзу сызықты таралады;
д) біртекті ортада жарық сәулелері түзу сызықты таралады;
2.Көлеңкенің пайда болуы, Күннің және Айдың тұтылуы жарықтың қандай қасиетін сипаттайды?
а) жарықтың шағылуы; б) жарықтың сынуы; в) жарықтың толық шағылуы;
г) жарықтың түзу сызықты таралуы; д) жарықтың жұтылуы.
3.Төмендегі тұжырымдардың қайсысы жарықтың шағылу заңын сипаттайды?
1) Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;
2) Түсу бұрышының синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады;
3) Түскен сәуле мен сынған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;
4) Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең;
а) 1,2; б) 3,4; в) 2,4; г) 1,4; д) 1,3.
4. Егер күнмен жарықталған, биіктігі 110см тік тұрған сырық жер бетіне 130см көлеңке, ал телеграф бағанасының көлеңкесі одан 520см артық болса, бағананың биіктігі:
а) 5,2м; б) 5,3м; в) 5,5м; г) 5,8м; д) 6,2м.
5.Күннің горизонттан биіктігі 46º. Жазық айнадан шағылған күн сәулелері тік төмен кету үшін жарық сәулелерінің айна бетіне түсу бұрышы:
а) 22º; б) 46º; в) 68º; г) 44º; д) 23º;
6. Жазық айнаны бұрышқа бұрса, одан шағылған жарық сәулесі қандай бұрышқа ауытқиды?
а) 0; б) ; в) 2 ; г) 4 ; д) 90º.
7.Түсу бұрышы 54º болғанда, слюдада жарықтың сыну бұрышы 30º-ты құрайды. Слюдадағы жарық жылдамдығы:
а) 2,8·10 м/с; б) 1,85·10 м/с; в) 2,64·10 м/с; г) 2,76·10 м/с; д) 3·10 м/с.
8. Жарық сәулесі вакуумде 24см қашықтықты жүріп өтеді, ал оптикалық мөлдір ортада сол уақыт ішінде 12см қашықтықты жүріп өтеді. Ортаның сыну көрсеткіші:
а) 1,5; б) 2; в) 3; г) 4; д) 5.
9.Төмендегі жағдайлардың қайсысында жарықтың толық шағылу құбылысы байқалады?
1) жарық оптикалық тығыз ортадан оптикалық тығыздығы аз ортаға өткенде;
2) жарық оптикалық тығыздығы аз ортадан оптикалық тығыздығы көп ортаға өткенде;
3) оптикалық тығыз ортаның бетінде жарықтың түсу бұрышы шектік бұрышқа тең немесе одан кіші болғанда;
4) оптикалық тығыз ортаның бетінде жарықтың түсу бұрышы шектік бұрышқа тең немесе одан үлкен болғанда;
а) 1,4; б) 1,3; в) 2,3; г) 2,4; д) ондай жауап жоқ.
10. Жасыл жапыраққа қызыл шыны арқылы қарасақ, бізге ол қандай түспен көрінеді?
а) қызыл; б) жасыл; в) қара; г) қызғылт жасыл; д) көрінбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет