8 сынып ІІІ оқу тоқсанына Қазақстан тарихынан Қысқа мерзімді жоспар



бет16/37
Дата13.03.2023
өлшемі1,71 Mb.
#73696
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру





Ой салу
Талқылау сұрақтары:

-Егер сені танымайтын бір елді басқаруға жіберсе, басқара алар ма едіңіз? Қандай қиындықтар кездеседі деп ойлайсыз?
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айқындау
ЕБҚ оқушыға қолдау көрсету мақсатында суреттің үлкен нұсқасын ұсынамын.



Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу





ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



Таратпа суреттер

Тақырып
тық суреттер





Жаңа білім



«Қара.Оқы.Жап.Жаз.Айт» мәтінмен жұмыс

  1. Аштықтан қазақ халқының жартысына жуығы қырылды.

  2. Ауылшаруашылығының құлдырауы.Жеке шаруаны жою.

  3. Шаруалар көтерілістері. Халықтың жаппай қоныс аударуы.

PEST анализ «Ұжымдастырудың зардаптары»



Жағымды жағы

PEST
анализ

Жағымсыз
жағы




Р
Саяси







Е
Экономикалық







S
Әлеуметтік







Т
Технологиялық




ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;
Құжатпен жұмыс: деректің шығу тегі мен мақсаты негізінде құндылығы мен шектеулігін анықтату.
1929-1932 жылдардағы ашаршылық - қазақтарды жаппай отырықшылдандырудың нәтижесі («ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ХАЛЫҚ ҚАСІРЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ» Халықаралық ғылыми конференциясы материалдарының жинағынан), Астана баспасы, 2012
Қазақстанда Кеңес билігі орнағаннан соң, əсіресе Қазақстан Компартиясының басшылығына Ф.Голощекин келгеннен бастап, жергілікті ұлт өкілдерін отырықшыландыру жобасы күн тəртібіне батыл шаралардың бірі ретінде қойылды. Көшпелі жайылымды өндіріс пен көшпелі қоғамның рулық құрылымын арасында өзара бір-біріне тəуелділік бар деген пікірталас туындады.
Большевиктердің ойынша, отырықшылық өмірге көшпелілердің экономикалық негізін жəне қоғамның рулық құрылымын қирату арқылы немесе екеуін бір мезгілде қирату арқылы келуге болатын еді. Коммунистік партияның 1928 жылғы XV конференциясында Ф.Голощекин ірі байлар мен «жартылай феодалдарға» қарсы қудалау науқанын беделді ру басшылары мен руларды əлсіретудің алғашқы сатысы ретінде жүргізу ұсынысымен шықты.
Ұжымдастыру науқаны жəне астық, ет дайындау жоспарларын орындау қажеттігіне қарамастан, қазақ көшпелілерін отырықшы өмір салтына көшіру стратегиясы 1929 жылы-ақ Қоныстандыру басқармасы əзірлеген шараларда ауылшаруашылығының кəсіби мамандары – агрономдармен басқа «мамандарының» ғылыми негіздеген дəлелдеріне сүйеніп жүзеге асырыла бастады. Құрғақ дала аймағының биогеографиялық, климаттық жағдайларында созылмалы жəне күтілмеген жұт бола қалғанда, көшпелі өмірдің келешегі жоқ жəне ол өнімді əрі тұрақты шаруашылық құру үшін кедергі болады деп саналды.
Отырықшылыққа ауысудың алғашқы науқанының нəтижесінде жүз мыңнан аса көшпелі жəне жартылай көшпелі отбасылардың біраз бөлігі киіз үйден құрылған ауылға ұқсас «орнығу бекеттерінде» орналастырылды. Ол отбасыларды қажетті жабдықтармен жəне азық-түлікпен қамтамасыз ету өте төмен деңгейде жүргізілсе, «орнығу бекеттерінде» орналастыру орындары мен ондағы тұрғындардың күнделікті қажеттіліктерге бағынышты қарапайым күн көру мүмкіндіктеріне есеп жүргізе алмағандықтан, кейбіреулері үйлерін салып бітірместен басқа жаққа кетіп жатты.
Кеңес үкіметінің жалпы саясатында отырықшыландыру саясаты мен көшпелілердің тағдыры ұжымдастыру мен астық жəне ет дайындау, Қазақстандағы ауқаттылардың мал-мүлкін тəркілеу жəне индустрияландыру істерімен салыстырғанда басымдылық сипатта болмады.
Көшпелілерді отырықшылдыққа көшіру науқанына қарағанда, мал өсірумен айналысатын қазақтар үшін ең ауыр соққы 1931 жылы шарықтау шегіне жеткен жаппай ет дайындау науқаны болғанын еске салғанымыз жөн.
Егер аштықтан бір миллион үш жүз мыңдай адам немесе республика халқының үштен бірі қырылса, мал басы қырық бес миллионнан төрт миллионға дейін кеміді. Сөйтіп, отырықшылдандыру мал басының күрт азаюы салдарынан мал шаруашылығына қайта орала алмай, түгелдей мемлекеттің көмегіне тəуелді болып қалған босқындардың көшіп-қонуына ұласты.
Бір миллиондай қазақтың көрші республикалар мен басқа елдерге кетуге мəжбүр болуы (репатриациялануы) Қазақстандағы бірінші бесжылдықта федералды, аймақтық жəне жергілікті деңгейде орнықтырылған экономикалық басымдықтарға сəйкес қоныстандыруға мүмкіндік туғызды.
Отырықшыландыру, ең алдымен, қазақтардың басым бөлігін ғылыми-техникалық мамандардың «социалистік отарлы-жайылымдық мал шаруашылығы» деп ойлап тапқан дүбəрə шаруашылық түріне, яғни отарды жайылымда кəсіби малшы бақса, ал малды ауылдың қалған тұрғындары экономикалық қызметтің басқа түрімен айналысатын жаңа шаруашылық ұжымшарларына бекітуді көздеді.
РКФСР ХКК төрағасының орынбасары қызметін атқарған Тұрар Рысқұлов жоғары билік орындарын Қазақстандағы аштық жөнінде хабардар ете отырып, қазақ мал шаруашылықтарында жеке иеліктегі мал басын көбейту жəне ұжымшарларға мал сатып алу арқылы жайылымдық мал шаруашылығын қалпына келтіру жоспарын қолдады. Бұл шаралар ауылдық жерлердің жағдайын жақсартуға мүмкіндік жасады.
1926 жылғы Халық санағы бойынша, қазақ халқының 70 пайызы немесе үш миллиондай адам көшпелі немесе жартылай көпшелі шаруашылық жүргізген. Осы көшпелі малшылардың жартысына жуығы аштықтан қырылды, жүз мыңдайы көршілес кеңестік республикаларға жəне сырт елдерге көшуге мəжбүр болды. Басым бөлігі - көшпелі өмір салтын ұстанған миллионға жуық қазақтар мал шаруашылығымен айналысатын ұжымшарларға орналастырылса, екі жүз мыңдайы – техникалық жəне дəнді-дақылдар өсіретін ұжымшарларға, өзгелері өнеркəсіптік секторға орналастырылды.
Изабель Огайон, Франция Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері (Франция) Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді. 
ЕБҚ оқушыға тапсырманы үлгі бойынша жасауды ұсыныңыз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет