Кері байланыс
Қиын болды…
Бүгін мен білдім…
Қызықты болды…
Үйге тапсырма «Бұзық бала» қандай болады?
|
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
|
https://kopilkaurokov.ru/obschestvoznanie/uroki/kimshilik_zhauapkiershilik_10_synyp
|
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық — құқықтық қатынастардың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақта бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық қатынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай уәкілетті түлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
«Міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамаудың несие берушіге мүлікті зиянды салдарларын тигізіп мүліктік нұсқа келтіреді. Бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін мүліктік санкциялар белгіленген. Қарыздар несие берушінің көрген залалдарының орнын толтыруы тиіс.»
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады.
Ең алдымен, азаматтық -құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайту да , осы мақсаттың аддын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субъектілері болып табылатын тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық — құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады.
Азаматтық құқықтың қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.
Азаматтақ — құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
а) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
б) борышқордың міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болуы;
г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау б.т.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін (мысалы міндеттемені бұзғаннан келетін залалдық орнын толтыру), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікгі белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.
Азаматтық- құқықтық жауапкершілік — Азаматтық құқықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, ереже бойынша азаматтық — құқықтық қатнастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Азаматтық — құқықтық жауапкершілік түсінігі — заң ғылымында даулы мәселе. Кейбір авторлар оң мағынадағы (позитивті) жауапкершілікті бөліп құрайды, яғни оны барлық міндеттердің бұлжымайтын, қатаң түрде жетілген бастамасы мен жүзеге асырылуы деп біледі.
Мұндай жауапкершілікке міндеттеменің тиісінше орындауда азаматтық — құқықтық жауапкершілік әр қилы ережелерге бағынады, демек оны борышқордың белгілі бір әрекетінің аясына сыйдыруға болмайды.
Басқа автордың тұжырымдауы бойынша: «Заң жүзіндегі жауапкершілік әр қашанда мінез құлыққа нақтылы баға береді, яғни сол құқық бұзушының мінез-құлқының салдарына мән береді. Сондықтан да оны ретроспективтік жауапкершілік деп атайды».
«Заң жүзіндегі жауапкершілік өзінің жасаған іс — әрекеті үшін есеп беру міндеті құқығымен реттеледі» деген де пікір бар. Өзінің әрекетінде есеп беру міндеті құқық бұзушылық болмаған жағдайда да болатындығын еске сала кеткен жөн. Жауапкершілік дегенді — «мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбірлеу шарасын қолдану » — деп те түсіндіретіндер де кездеседі.
Мұндай көз қарастың кемшілігі сол, борышқордың несие берушіге келтірген залалын өз еркімен қалпына келтіру немесе айыпты төлеуде азаматтық — құқықтық жауапкершіліктен айналып кету мүмкіншілігін туғызады.
Азаматтық — құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып есептеледі. Ондай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.
Мысалы, міңдеттеме шартында көрсетіле тұрса да тұлғаның орындалмауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, әлде кімге мүліктің залал келтіруі тәрізді жағдайларды айтуға болады.
Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда болған кезде оны белгілі- бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін мүліктік санкциялар белгіленген. Қарыздар несие берушінің көрген залалдарының орнын толтыруы тиіс. Азаматтық — құқықта залал ұғымын міндеттемені қарыздар орындаған жағдайда несие беруші алуы ықтимал, несие беруші өндірген шығындарды, оның мүліктерінің жоғалуы немесе зақымдануы, сондай-ақ ол алмаған табыстар түсіндіріледі, яғни бір адамның екінші адамға мүліктік нұқсан келтіруі залал болып табылады. Сөйтіп, залалдардың екі түрі бар: бір жағынан — тура мүліктік нұсқан, екінші жағынан — борышқор міндеттемесін орындаған жағдайда болуға тиісті несие берушінің табыстары. Қандай жағдайда болсын шаруашылық шарттарын бұзғаны үшін келісімі мен жауапкершілікті шектеуге болмайды. Материалдық нұқсан толық өндіріліп алынуы тиіс.
Жауапкершіліктің көлемі төмендеген жағдайда мүліктік жауапкершіліктің тәртібі және одан босанудың шарттары толық белгіленген.
___________________________________________
(білім беру ұйымыныңатауы)
Достарыңызбен бөлісу: