Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
«Сәлеметсің бе» «Амансың ба»
«Саумысың» деген сөздерді ғажайып сөздер ретінде әңгімелесу.
Неліктен олай деп ойлайсындар?
«Денсаулық дегеніміз не?»
Амансың ба деген сөз нені білдіреді?
Адамның байлығы не?
Денсаулық болу үшін не істеу керек?
Бейне баян көреміз.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
|
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
|
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
.
|
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер 1.Өзін-өзі тану оқулығы.2.
|
Сабақтың ортасы
|
Денсаулық.
Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педагог өзі бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады.
«Бәріміз – біріміз үшін, біріміз-бәріміз үшін»деп деніміз сау болсын деп тілейік!
Жолда жүру ережесі?
Қауіпсіздік мектебі?
Жаманнан жирен?
Жарақаттың алдын алу?
- Міне, осы сұрақтар не жайлы айтады? Жарақат алу деген не? Қандай жағдайларда жарақат алу мүмкін? Оның алдын-алу жолдарын білеміз бе? Сол жөнінде мәліметтермен таныс боламыз, тәжірибе түрінде көрсетеміз.
ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;
Жарақат алудағы алғашқы көмекті жүргізу жолдарын білуіміз керек. Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымдалған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті әсері өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден орташа кеткенде, ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырылуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал.
Қан кету түрлері: Зақымдалған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы артериялық (күре тамырлық), веналық (көктамырлық), капиллярлық (қылтамырлық) және паренхиматоздық болып бөлінеді. Артериялық қан кету жүректен ағза мен ұлпаларға қан баратын ең ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз, ірі күре тамырлардан аққан қан жараланған жерден атқылап немесе фонтанша ағады, түсі ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды, жарақаттанған адамның өміріне елеулі қауіп төндіреді. Көктамыр деп жүрекке қайта бара жатқан қан айналымын айтады, оның түсі қара қошқыл болады, ол үздіксіз, баяу ағады. Қылтамырлық қан кету ұсақ тамырлардан ағады, ол тамшылап ағады, өздігінен тоқтайды. ^ Алғашқы медициналық көмек: Уақытша қолда бар құралдармен қан ағуды тоқтату. Қан ағуды тоқтату тәсілдері: 1) Аяғын жоғары көтеру, бұл жағдайда қан миды қоректендіреді; 2) Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен атқаруға болады. Егер білек жараланса - онда қанды тоқтату үшін артерияны иық сүйегіне, қолтық жағынан қатты қысып басады. Артериялық қан сирақтан ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады. Самай күре тамырын бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады. Ұйқы күре тамырын зақымдалған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып орайды. Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады. Кәрі жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке басады. Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады таңғышпен таңып тастау.
ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады; суретпен жұмыс. Қандай көмек көрсетілуде?
|
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
|