Тақырыбы: Мектеп, ата-ана, ұстаз, бірлігі сапалы ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолы.
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Жоспары: 1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. (Додекаэдр әдісі)
2. «Менің балам, менің анам» жаттығуы.
3. «Бала қауіпсіздігі – басты назарда»
а)«Интернеттің жағымсыз әсеріне тосқауыл қою»
ә) күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, мектептің ішкі тәртіп ережесі
4. «Тұлға» ойыны. (Тоқсандық қорытынды)
5. «Мен саған сенемін» балаға хат
Қорытынды. «Кері байланыс»
Барысы.
1. Ата-аналарды жылы қарсы алу.
«Додекаэдр әдісі» арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату.
2. «Менің балам, менің анам» жаттығуы
Анасы баласының көзін тану арқылы баласының суретін табады, суреттің артында жазылған жылы сөзді оқиды.
3. «Бала қауіпсіздігі басты назарда» балалардың демалыс кезіндегі қауіпсіздігі, мектептің ішкі тәртіп ережесі түсіндіріледі.
«Интернеттің жағымсыз әсеріне тосқауыл қою» тақырыбында презентация көрсетіледі.
4. «Тұлға» ойыны. Қайшысыз қиған адам бейнесі. Бұл әдістің мақсаты қайшысыз, қаламсыз, адам бейнесін жасау.
Түйін: Барлық балаға берілетін білім бір, әр баланың қабылдау қабілеті әр түрлі.
Оқу тоқсаннының қорытындысын таныстыру.
«Мен саған сенемін» әдісі. Анадан балаға хат.
Қорытынды
Кері байланыс. «Padlet» тақтасы
Қаулы
1) Демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі ата-аналар жауапкершілігіне міндеттелсін.
2) Мектеп ережесін бұлжытпай орындау, интернеттің жағымсыз әсеріне тосқауыл қою үнемі ата-аналар жауапкершілігіне міндеттелсін.
3) Оқу тоқсанының қорытындысы еске алынсын.