кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші кӛріністер болып табылады.
Мүгедек балалардың құқықтарын жүйелі түрде бұзу мысалдарының
бірі білім беру саласында қалыптасқан жағдай болып табылады. Жалпыға
бірдей Адам құқықтары декларациясы дене немесе психикалық
ерекшеліктеріне қарамастан, әр адамның білім алуға құқығын жариялады.
Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы
пакт білімнің тұлғаның толық дамуына, оның артықшылығын сезінуге
және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарына құрметпен қарауға
шешуші әсері туралы баяндады. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар
балалар үшін кіріктірілген білім беру институтын енгізу қажеттігі туралы
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру жӛніндегі Саламанк
декларациясы (Саламанка, Испания, 7—10 шілде 1994 ж.), Мүгедектер
үшін тең құқықтарды қамтамасыз етудің стандартты ережелері туралы
пікірлерін айтты.
Алайда, мүгедектіктің әр түрлі аспектілері жӛнінде, оның ішінде
арнайы білім беру мәселелері жӛнінде халықаралық стандарттардың
әзірленгеніне қарамастан, қазақстандық заңнама мен қолданыстағы
практика кемтар адамдардың білім беру жүйесіндегі құқықтарын
қамтамасыз ету жӛнінідегі халықаралық ұсынымдарға толық кӛлемде
сәйкес келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: