Эгоцентрикалық стилі -отбасындағы жалғыз немесе зарығып көрген балада көбінесе өзін өте бағалы адам деп санау пікірі қалыптасады. Ол ата-ананың табынушысына және «өмірінің мағынасына» айналады. Сонымен қатар, оның айналасындағылардың қызығушылықтары назардан тыс қалып, баланың жолында құрбандық болады. Нәтижесінде ол бала басқалардың ой-пікірімен санаспайды, назарға алмайды, ешқандай шектеуді қабылдамайды, кез-келген шектеуді агрессивті түрде қабылдайтын болады. Мұндай бала кертартпа, тұрақсыз, мазасыз болып өседі.