№85 (873) Сейсенбі, 25 қазан 2016 жыл



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата20.01.2017
өлшемі13,82 Mb.
#2319
1   2   3   4

Несібелі НҰРАДИНҚЫЗЫ.

Аранды ауылдық клубы ұжымының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігіне 

25  жыл  толуына  орай  «Қабілетті  жас  –  мемлекет  тірегі»  атты  гала  кон-

церт  өткізілді.  Алдасыберген  Дулаттың  орындауындағы  «Сәйгүлік»  әнімен 

басталған концертке ауыл жастары белсене араласты. 

Мерекелік  шарада  Г.Қазанбай,  А.Қорғанбек,  Қ.Жөкеев,  Н.Қазанбай, 

А.Абылай,  А.Аманқос  патриоттық  әндер  орындап,  көпшіліктің  қошеметіне 

бөленді. Жастар биін билеген Нұрхат Қазанбайға көрермендер ризашылықпен 

қол  соқты.  Кеш  барысында  өнерпаздардың  жан-жақтылығына  тәнті  болған 

ауыл клубының меңгерушісі Қ.Сырғали жастарға сарқылмас шабыт тіледі.



Самат СЕРІКБАЕВ,

Аранды ауылдық клубының әдіскері.

Көтеріңкі көңіл сыйлады

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік 

орталығының  ұйымдастыруымен  Қармақшы  ауданы,  Ақтөбе  ауылында 

көркемөнерпаздар  үйірмелері  жетекшілерінің  шеберліктерін  шыңдау  мен 

біліктілігін арттыру  мақсатында «Үздік үйірме  жетекшісі –  2016»  байқауы 

өткізілді.  Сайысқа  Қазалы  аудандық  мәдениет  орталығы  жанындағы  би 

үйірмесінің  жетекшісі  Индира  Рсалиева  мен  «Ақжелең»  бишілер  тобы, 

Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет үйіндегі баян үйірмесінің жетекшісі Айсәуле 

Қияс пен шәкірті Нұрәділ Тельман, Кәукей ауылдық клубының ән үйірмесінің 

жетекшісі Кәмшат Көбекова мен Аружан Бердібай қатысты.

Талапкерлер алдымен өздерін таныстырса, «Көркемөнерпаздар үйірмесі 

– ауыл мәдениетінің қайнар көзі» деп аталатын кезеңде панорамалық сабақ 

үлгісін  көрсетті.  Ал  «Өнерлі  жетер  мұратқа»  атты  бөлімінде  әрбір  үйірме 

жетекшісі өз өнерлерін ортаға салды. 

Қазылар  алқасының  шешімімен  орындаушылық  шеберлігі  мен  сахна 

мәдениетін игеруі және көрерменді баурап алуымен ерекшеленген аудандық 

мәдениет орталығындағы би үйірмесінің жетекшісі Индира Рсалиева «Үздік 

үйірме жетекшісі – 2016» номинациясын иеленіп, бас жүлдені жеңіп алды. 

Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет үйі жанындағы баян үйірмесінің жетекшісі 

Айсәуле Қияс пен Кәукей ауылдық клубы ән үйірмесінің жетекшісі Кәмшат 

Көбекова ІІІ орынды қанағат тұтты. 

Бекзат ҚАЗИҚЫЗЫ,

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту 

бөлімінің баспасөз хатшысы.

Олжалы оралды



№85 (873) Сейсенбі, 25 қазан 2016 жыл.

Жемісті 25 жыл

Ақпарат

Көңіл күнделігінен

Ә

КЕМ ЖАЙЛЫ 



ӘҢГІМЕ

КЕШ АЙТЫЛҒАН 

Мен көрдім әкемнің іштей жылағанын,

Алладан бізге бақыт сұрағанын.

Ей, бауырлар, талай рет сүрінсең де,

Әкенің сол тілеймін құламауын.

Мен көрдім әкемнің оймен қиналғанын,

Жаманды да жақсыны сыйлағанын.

Жігер сұрап біздерге бір Алладан,

Туыстарды шаңыраққа жинағанын.

Мен көрдім әкем сүйді балаларын,

Тіледі батыл қыл деп саналарын.

Ұғындырды көзімен айбат берді,

Төмендетпей жүрсін деп бағаларын.

Әке көрдім ойнаған немеремен,

Ас ішкен бірге отырып шөберемен.

Өзен дер ем ақылы сарқылмайтын,

Әңгімесі ағатын шежіремен.

Әке көрдім анамыз сол жағында,

Қосағымен келеді бір бабына.

Шулатып, асыменен төрін берген,

 Балаларын жиып ап жан-жағына.

Әке көрдім ерлердің орнын көрдім,

Әйелдердің жүретін жолын көрдім.

Бәлкім, бізді менсінбей қарар біреу,

Өмірдің оңы менен солын көрдім.

Әкем көрді аштықты, жоқшылықты,

Бала болып көрмеген молшылықты.

Тілегімен әкенің кешіп жүрміз,

Бейбіт заман, көк көйлек тоқшылықты.

Әкем маған рухани байлық екті,

Қазақпыз руымен болған текті.

Қанының тазалығын сақтап қалған,

Санама абыроймен қуат септі.

Менің әкем қазына қазылмаған,

Жыр дастан әлі күнге жазылмаған.

Баға жетпес бағалар болсақ егер,

Әкешім таудай биік қымбат маған!



          Рысгүл ШАРАПОВА,

          Жанқожа батыр ауылы.

Қазалы жері қашаннан өнері шалқыған киелі аумақ. Со-

нау бір көне заманда оғыздардың ордасы болған Жанкент-

те дүниеге келген Қорқыт бабаның күйінен бастау алатын 

өнер керуені Қазалының кешегі мен бүгінгі тарландарынан 

жалғасын тапты. Атап айтсақ, атақты күйшілер Мырза мен 

Жалдыбай, олардың ізін басқан Нәби, Қобылаш, Махамбет-

тер, дәстүрлі өнердің биігінен көріне білді. Ал, халқын ұзақ 

түндер  жырларымен  әлдилеген  Мысабай  мен  Төремұрат, 

Кәрібоз  бен  Жәмет,  Ержан  мен  Жалғасбай,  Жаппарберді, 

Дәріғұл,  Жаңаберген  секілді  дүлдүлдердің  орны  ерек-

ше. Осы топырақта жезтаңдай әншілер Халық қаһарманы, 

КСРО  мен  Қазақстанның  халық  әртісі  Роза  Бағланова, 

Қазақстан  Республикасына  еңбегі  сіңген  әртіс  Мәдина 

Ералиеваның  кіндік  қаны  тамғаны  белгілі.  Дүйім  жұртқа 

өзінің  әсем  әуендерін  сыйлаған  белгілі  сазгер,  Қазақстан 

Республикасының  өнер  қайраткері  Кеңес  Дүйсекеевтің 

есімі өңір тұрғындарына ерекше мақтаныш екені даусыз. 

Тәуелсіздік  алған  тұстан  бастап  Қазалының  мәдениет 

саласына  да  тың  серпілістер  келгенін  айтуымыз  ләзім. 

Бүгінде республикаға танымал «Қорқыт сазы» ансамблі мен 

Қазалының өз «Тамашасы» өлке өнерінің абыройын аспан-

датып жүр десек қателеспейміз. 

Бұл  күнде  ауданда  5  республикалық,  60  жергілікті 

дәрежедегі және 22 алдын ала есепке алынған тарихи-мәдени 

ескерткіштер  бар.  Жанқожа  батыр  ескерткіш-кесенесі, 

Жалаңтөс баһадүр ескерткіші, Сопы Әзіз Мүсірәлі кесенесі, 

Әйтеке  би,  Ерімбет  Көлдейбекұлы,  Бекарыстан  би,  Ақтан 

батыр, Ғ.Мұратбаев ескерткіштері, Нұрбай би мазары, Ұлы 

Отан  соғысынан  оралмаған  жауынгерлер  құрметіне  және 

«Асан  көтерілісі»  құрбандары  мен  Ауған  соғысында  қаза 

болғандар  құрметіне  тұрғызылған  ескерткіш-обелискілер, 

Ер  Мағзаман,  Сарықұл  қожа,  Қуандық  әулие,  Аманбай 

ахун, Ыбырайым қари, Жиенәлі ахун мешіттері тәуелсіздік 

жылдарында  тұрғызылған.  Осындай  ескерткіштер  мен 

дін  орындарын  ашу  аудандық,  облыстық,  республикалық 

деңгейдегі мерейтой, ас беру, еске алу тәрізді ауқымды іс-

шаралармен  қатар  жүргізіліп  келеді.  Аудандағы  әр  түрлі 

мәдени-рухани шаралар арасынан 2012 жылдың қыркүйек 

айында  өткізілген  Шығыс  жұлдызы  Ғ.Мұратбаевтың  110 

жылдығына  арналған  той  туралы  айрықша  атап  өтуге  бо-

лады.  2012  жыл  ауданда  «Ғани  жылы»  деп  жариялан-

ды.  Ғани  Мұратбаев  ауылында  4743  шаршы  метр  «Ата-

мекен»  алаңы  жасалынып,  онда  Тәуелсіздік  стелласы, 

Ғ.Мұратбаев ескерткіші орнатылды. Ағаштар егіліп, айна-

ласы қоршалды. Гүлдер отырғызылған, субұрқағы бар, де-

малатын саябақ жасалынды. Ауыл көшелері асфальтталып, 

жарықтандырылды.  Аудан  орталығынан  ауылға  баратын 

жолдың екі жағына ағаштар егіліп, абаттандырылды. Оған 

облыс бюджетінен 200 млн теңге қарастырылған.

Қазалы  ауданының  мәдениет  және  тілдерді  дамы-

ту  бөліміне  қарасты  аудандық  мәдениет  Орталығы, 

Ғ.Мұратбаевтың  мемориалдық  және  ауданның  тарихи-

өлкетану  музейлері,  26  кітапхана,  кент,  қала,  ауылдық 

округ  әкімдіктеріне  қарасты  6  мәдениет  Үйі  мен  17  клуб, 

барлығы 24 мекеме халыққа қызмет көрсетеді. Тәуелсіздік 

жылдарында  мәдениет  бөлімінің  материалдық-техникалық 

базасын  жаңартуға  тұрақты  қаржы  бөлініп,  жаңа  замана-

уи  жабдықтармен  музыкалық  аппаратуралар,  сахналық 

киімдер, театр креслолары, жылжымалы сахна, жарық беру 

аппаратурасы, «LED» экран, музыкалық аспаптар алынып, 

толығымен  жаңартылған.  Қазіргі  таңда  барлық  мәдениет 

нысандарына  жаңа  жобадағы  күрделі  жөндеу  жұмыстары 

жүргізілген.  300  орындық  Роза  Бағланова  атындағы 

мәдениет  орталығы,  Ү.Түктібаев,  Абай  ауылдарында  150 

орындық  талапқа  сай  ауылдық  клуб  үйлері  пайдалануға 

берілді. 

Елбасы мен Қазақстан Үкіметінің мәдениет пен өнерді 

дамытуға бағытталған міндеттері дәстүр сабақтастығының 

алтын  тінін  үзбей  ары  қарай  жаңа  өмірге  жалғастыра 

береріне кәміл сенімдіміз. 



Есет ТАБЫНБАЕВ.

Ө

НЕРІ ӨРЛЕГЕН ӨҢІР



Мезгіл

Әйтеке би кентінің тұрғындары мен мекемелер ұжымдары күзгі санитарлық та-

зарту, көркейту-абаттандырудың екі айлығын ұйымшылдықпен өткізуге белсене ат-

салысып келеді. 

Апта  сайын  ұйымдастырылған  сенбіліктердің  арқасында  кентіміздің 

орталығындағы  Жанқожа  батыр,  Қ.Пірімов,  Әйтеке  би,  М.Шоқай,  Әбілқайырхан, 

С.Сейфуллин,  В.Счастнов,  сонымен  қатар  О.Жанәділов  көшелеріне,  темір  бе-

тон  зауытының  маңындағы  ашық  алаңдарға  тазарту  жұмыстары  жүргізілді.  Оған 

балабақша мен мектептің қызметкерлері қатысып, қажырлы еңбек үлгісін көрсетті. 

Бұдан басқа С.Мұқанов, Т.Бокин, Т.Рысқұлов көшесінен Басықара автожолына 

дейінгі аралық, Қ.Ерімбет көшесі «ҚазМұнайГаз» трассасынан бастап жеке кәсіпкер 

С.Естенқұловтың  базасының  айналасы  толығымен,  ПМС  мекемесі,  Қарамай  көлі 

аумағында «Алпамыс», «Балапан», «Шұғыла» бөбекжай-балабақшалары, аудандық 

аурухана,  «Жетес  би»,  «Болат  жолы»  емханалары  және  №170,  226,  216  мектеп 

ұжымдары өнімді істерімен көзге түсті. 

Әйтеке би көшесіндегі барлық кәсіпкерлік нысандары, базар аулалары мен са-

уда  қатарларына  дербес  бөлімдер,  мектеп  мұғалімдері  бардюрларды  ақтап,  электр 

бағандарын,  темір  қоршауларды  сүртіп,  топырақтан  тазартып,  жол  жиектеріндегі 

шөптерді шабу жұмыстарын жүргізді. 

Аталған  шараға  38  мекеме,  кәсіпорыннан  570  адам  қатысып,  2  техника 

жұмылдырылды. Көлемі 10 шаршы метр қоқыс «Қазалы Көркем Сервис» мекемесі 

арқылы арнайы орынға тасымалданды.



Сенбіліктегі серпінді қимыл

Әйтеке  би  кенті  әкімдігінде  санитарлық  тазалыққа  байланысты  жергілікті 

қоғамдастық  мүшелерімен  жиын  өтті.  Басқосуды  кент  әкімі  А.Ақжігітов  ашып, 

жүргізіп отырды. 

Санитарлық  тазалық  аясындағы  жұмыстар  жайы  талқыға  түскен  жиын-

да  аудандық  ішкі  істер  бөлімі  жергілікті  полиция  қызметінің  бастығы  М.Тәжібай            

хабарлама жасады. 

Әйтеке  би  кенті  бойынша  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасаған  138  тұрғын 

тіркелген. Бақылау жұмыстары барысында 33 тұрғынның заңсыз септик құрылысын 

жүргізгендігі  анықталып,  жергілікті  полиция  қызметі  арқылы  әкімшілік  ескерту 

жасалды.  Ал,  белгіленбеген  орындарда  сауда  жасаған  77  тұрғынның  заң  ережесін 

бұрмалағандығы, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидасын 

бұзғаны  үшін  төрт  азаматқа  63  630  теңге  көлемінде  айыппұл  салынғандығы  атап 

өтілді.  

«Қазалы  Көркем  Сервис»  серіктестігінің  директоры  Д.Тұяқбаев  «Тұрғындар 

бұрынғыға  қарағанда  тазалыққа  бейжай  қарай  алмайтын  дәрежеге  жақындап  келе 

жатыр.  Дегенмен  арагідік  көшеге  қоқыс  шығарып  қоятын  тұрғындар  да  кездеседі. 

Көпшілік  арасында  тазалыққа  жауапты  мекеме  бар  деген  түсінік  қалыптасқан. 

Тұрғындардың біразы бізбен келісім шартқа отыруға мән бермейді. Мен мекемедегі 

жұмысшы-қызметкерлерге жалақыны қайдан тауып беремін. Келешекте жұртшылық 

біздің тілегімізді ескерсе екен. Сонда оларға қызмет етуден шаршамас едік» деген 

ұсынысын ортаға салды. 

Қоғамдастық мүшелері, 5 квартал тұрғындары Кәрбоз Нәбиев, Жанұзақ Совет-

ов,  Сараман  Сәрсенбаев  тағы  басқалары  жарықтандыру,  газ,  жол,  канализация 

турасындағы сауалдарын қойып, тұшымды да нақты жауап алды. 

Жиында  аудан  прокуроры  Ғалым  Едігеев  сөз  алып:  «Тазалық  –  мәдениеттің 

жоғарғы көрсеткіші. Көп болып біріксек қана таза аула мен көрікті қалаға қол жеткізе 

аламыз. Сондықтан қазіргі таңда біз «Таза қала» жобасын жүзеге асыру мақсатында 

жұмыстар  жасап  жатырмыз»,  –  дей  келе  барша  кент  тұрғындарын  тазалыққа 

шақырды. 



Бану ШӘЙКЕНОВА,

Әйтеке би кенті әкімінің 

баспасөз хатшысы.

Тазалық таразыланды

СЫР ДИҚАНДАРЫ ТАБЫС ТӨРІНДЕ



Ел  Тәуелсіздігі-

нің  25  жылдық  мерейтойы 

қарса ңында  қазалылық  диқандар 

табысқа  кенелді.  Дәлірек  айтсақ,  ала 

жаздай  атыз  жағалаған  еңбекші  қауым 

осы  жылы  күріштің  әр  гектарынан  49,2 

центнерден  өніп  алды.  Бұл  –  біздің  ау-

дан  үшін  рекордтық  көрсеткіш.  Өткен 

жылы әр гектардан 42,7 центнерден 

«Сыр  маржанын»  жинаған 

болатын.

КӨҢІЛ АЙТУ

№85 (873) Сейсенбі, 25 қазан 2016 жыл.

ҚАЗАНАМА

Қазіргі  таңда  халықтың  аузынан,  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының беттерінен «Медиация» сөзі түспейді. Алай-

да,  бұл  ұғым  біздің  қоғамға  енді  ғана  еніп  жатқандықтан 

оның  мағынасын  жұртшылық  терең  ұғына  бермейді.  Ел-

басы  Н.Ә.Назарбаев  Судьялар  одағының  V  съезінде 

сот  тәртібімен  қаралуға  жататын  дау-дамайларды  азай-

ту  мәселесіне  назар  аударуды,  соттан  тыс  реттеудің  бала-

малы  тетіктерін,  соның  ішінде  бітімгершілік  және  медиа-

ция  процедураларын  енгізуді  тапсырған  еді.  Осыған  орай, 

2011  жылдың  28-қаңтарында  ҚР-ның  «Медиация»  туралы 

Заңы  қабылданды.  Аталған  Заңға  сәйкес  Қазақстанда  дау-

ларды  баламалы  шешудің  жаңа  түрі  –  медиация  енгізілді. 

Медиация  –  өзара  қолайлы  шешімге  келу  мақсатында 

медиатордың  бейтарап  жақ  көмегімен  тараптар  арасында 

дауды (шиеленісті) реттеу тәртібі.

Медиацияның  тараптары  жеке  және  заңды  тұлғалар 

болуы  мүмкін.  Медиатор  медиация  тарабы  болып  табыл-

майды.  Медиация  сотқа  дейінгі  тәртіпте  және  азаматтық, 

еңбек,  отбасы,  басқа  құқықтық  қатынастардан  туындай-

тын  жеңіл  және  орташа  ауыр  қылмыс  туралы  істер  бой-

ынша  қылмыстық  іс  барысында  қарастырылатын  даулар-

да қолданылады. Медиатор басшылыққа алатын негіз бола-

тын 5 қағидамен ерекшеленеді: еріктілік, тараптардың тең 

құқылығы,  медиатордың  тәуелсіздігі  және  бейтараптығы, 

медиация  рәсіміне  араласуға  жол  берілмеуі,  құпиялылық. 

Артықшылықтары:  тараптар  уақытын  үнемдейді,  себебі, 

сот  рәсіміне  қарағанда  әлдеқайда  қысқалау,  мемлекеттік 

баж  салығы  төленбейді  және  адвокаттың  қымбат  тұратын 

қызметі керек емес.

Жоғары  білімі  бар,  жасы  25-тен  асқан,  2011  жылғы 

3-шілдедегі  ҚР  Үкіметінің  қаулысымен  бекітілген  ереже-

лерге  сай  келетін  медиаторларды  дайындау  бағдарламасы 

бойынша  оқыған  тұлға  кәсіби  медиатор  бола  алады.  Ол 

кәсіби  медиаторлардың  реестрінде  тіркелуі  тиіс.  Жасы 

қырыққа жеткен және кәсіби емес медиаторлар реестрінде 

тіркелген тұлға кәсіби емес медиатор бола алады.

Қазір Қазақстанда 78 медиатор қызмет атқарады. Бар-

лығы  арнайы  сертификат  алғандар  және  медиаторлардың 

тізілімдік  реестрлерінде  тұрғандар.  Азаматтық  немесе 

қылмыстық  үдеріс  шегінен  тыс  жүзеге  асырылатын  ме-

диация келісім жасағаннан бастап отыз күнтізбелік күннен 

кешіктірілмей  аяқталуы  тиіс.  Қажет  болса,  тараптардың 

өзара  шешімі  бойынша  медиацияны  өткізу  мерзімі  отыз 

күнтізбелік  күнге  дейін  ұзартылуы  мүмкін.  Дегенмен,  бұл 

мерзім  жиынтығы  алпыс  күнтізбелік  күннен  аспауы  тиіс. 

Ерекше  жағдайларда  шешілетін  даудың  қиындығына  бай-

ланысты  қосымша  ақпарат  пен  құжаттар  қажет  болған 

жағдайда  медиацияны  өткізу  мерзімі  тараптардың  және 

медиатордың  келісуімен  отыз  күнтізбелік  күннен  асыр-

май  ұзартылуы  мүмкін.  Медиацияны  қолдануға  байланы-

сты бір мысал келтіретін болсақ, некені жалғастыруға, ата-

ана  құқықтарын  жүзеге  асыруға,  балалардың  тұрғылықты 

жерін  белгілеуге,  ата-аналарының  балаларды  бағып-

күту  жағдайына  қатысты  ерлі-зайыптылар  арасындағы 

келіспеушіліктер медиация арқылы шешілуі ғажап емес.



Болат НҰРМАНОВ,

Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі,

Қазалы ауданының нотариусы, кәсіби медиатор.

МЕДИАЦИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ

Адам және заң

Мемлекет 

басшысы 

Н.Ә.Назарбаевтың  Мәңгілік  ел  қа-

лыптастыру  бағытындағы  бес  инс-

ти туционалдық  реформасын  жүзеге 

асырудың  «100  нақты  қадамы»  ел 

болашағының 

жарқын 

жос пары 



ретінде  қабылданды.  Онда  «Шағын 

және  орта  бизнесті  дамыту  –  ХХІ 

ғасырдағы  Қазақстанды  индустриялық 

және  әлеуметтік  жаңғыртудың  басты 

құралы»  екендігі  аталып,  2030  жылға 

дейін  экономикадағы  үлесін  ең  аз  де-

генде екі есеге өсіру межеленіп отыр.

Осы  ретте  «Атамекен»  Ұлттық 

кәсіпкерлер  палатасының  бизнесті 

дамытуға арналған 10 басым қадамында 

өз  кәсібін  жаңадан  бастаушыларды 

кәсіпкерлікке  оқы тудан  бастап  биз-

нес  жобаларды  дайындау,  салықтық 

есептіліктерді тапсыру, қаржы-несиелік 

қолдаулардың  тиімділігін  пайдала-

ну,  кәсіпкерлердің  заңды-құқықтық 

қорғалуын  қамтамасыз  ету,  жергілікті 

өнім  өндірушілерге  қолдау  көрсету 

секілді нақты салалар айқындалған. Бұл 

бағытта «Бизнестің жол картасы – 2020», 

«Жұмыспен қамту – 2020», «Агробизнес 

– 2020» сынды салалық бағдарламалар 

қабылданып,  кәсіпкерліктің  кез  кел-

ген түрін дамытуға қаржылай көмектер 

көрсетілуде.

2016  жылдың  8  айында  аудан 

кәсіпкерлеріне  қаржы  ұйымдары  та-

рапынан  319  өтініш  бойынша  811,73 

млн теңге несие бөлінді. Оның ішінде: 

Екінші деңгейлі банктер арқылы 342,37 

млн  теңге;  «Ауыл  шаруашылығын 

қаржылай  қолдау  қоры»  АҚ-ның  не-

сиелеу  бағдарламасының  «Эко-даму» 

арқылы  24,0  млн  теңге;  «Жұмыспен 

қамту  –  2020»  бағдарламасының 

«Ауылдық  жерде  кәсіпкерлікті  да-

мыту  бағытымен»  146,19  млн  теңге; 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы 

арқылы «Құлан» бағдарламасымен 27,7 

млн теңге, «Сыбаға» бағдарламасы бой-

ынша  6,3  млн  теңге;  КС  «Қазалы  не-

сие» ЖШС-і арқылы 93,1 млн теңге не-

сие берілді.

Қызылорда  облысындағы  Бірік кен 

Ұлттар  Ұйымының  Даму  «Аймақтық 

экономикалық  даму  және  тиімді 

басқару»  бағ дарламасының  операто-

ры  «Бастамаларды  қолдау»  қоғамдық 

бірлестігі  Қызылорда  облысының 

барлық 


аудандарында 

шағын 


кәсіпкерлерге  пайызсыз  және  кепілсіз 

несие  беру  конкурсынан  2016  жылы 

жалпы құны 3,5 млн теңгені құрайтын 3 

жоба қолдау тауып, қаржы ресурстары-

мен қамтамасыз етілді.

Сөйтіп  жеке  кәсіпкер  Жанар күл 

Жеңсікбаева  «Тігін  цехын  кеңейту» 

жобасына  1,5  млн  теңге;  Серік  Ибра-

гим  «Көкөніс  өнімдерін  өсіретін 

жылыжайға»  0,5  млн  теңге;  Анаркүл 

Қуанышева  «Темір,  ағаш  бұйымдарын 

дайындау  цехына»  1,5  млн  теңге 

қаражат алуға қол жеткізді.

Кәсіпкерлікті 

дамытушылар 

үшін  қаржы-несиелік  қолдау ларға 

қолжетімділікті  арттыру,  пайыздық 

жеңілдіктерді  пайдалануда  «Бизнестің 

жол  картасы  –  2020»  бағдарламасы  өз 

тиімділігін  көрсетуде.  Бағдарла маның 

ерекшелігі, ауылдық елді мекендердегі 

кәсіпкерлердің    ұсы нылған  жоба-

лары  үшін  салалық  шектеулер  алы-

нып  тасталса,  «Даму»  кәсіпкерлікті 

қолдау қоры» АҚ арқылы 19 пайыздық 

несиенің 10 пайыз көлемінде несие бой-

ынша пайыздық субсидиялау мүмкіндігі 

мен  ішінара  мүліктік  кепілдендіру 

жеңілдіктері қарастырылған.

2016  жылға  Қызылорда  облы-

сында  бағдарламаны  іске  асыру  үшін                        

1675668  мың  теңге  бөлініп  отыр.  Ау-

дан  кәсіпкерлері  170,8  млн  теңге 

құрайтын  5  жобаға  екінші  деңгейлі 

банк  арқылы  несие  қаражатын  алып, 

«Даму»  кәсіпкерлікті  дамыту  қоры» 

АҚ-ы  арқылы  субсидиялануда.  Атап 

айтқанда, 

жеке 

кәсіпкерлер: 



М.Есқожаев  «Күріш  өңдеу 

цехын  кеңейту»  жобасы-

на  «Банк  Центр  Кредит» 

АҚ-ның  Қызылорда  филиа-

лы  арқылы  80,0  млн  теңге, 

А.Сырғабаевтың 

«Жылжы-

майтын  мүлікті  жөндеу»  жо-



басы 

«Қазақстан 

Халық 

Банкі»  АҚ-нің  Қызылорда 



филиалынан  10,0  млн  теңге, 

Е.Урумбаев «Тұрмыстық және 

медициналық 

қалдықтарды 

жою  цехы»  жобасымен  «Қазақстан 

Халық Банкі» АҚ-ның Байқоңыр фили-

алы  арқылы  11,2  млн  теңге,  сондай-ақ 

«АзияСтройЭнергоСервис»  ЖШС-нің 

«Құрылыс,  құрал-жабдықтар  және 

көлік алу» жобасы бойынша «Техно Ли-

зинг»  ЖШС-нен  19,6  млн  теңге,  «Рза-

Мұнай-Газ-Құрылыс»  ЖШС-нің  айна-

лым қаражатын толықтыру мақсатында 

«Казкоммерцбанк»  АҚ  арқылы  50,0 

млн теңге несие алды. 

Сонымен  қатар,  жеке  кәсіпкер 

Ұ.Қолдасбаеваның  8,0  млн  теңгені 

құрайтын «Сауда ғимаратын іске қосу» 

жобасы  Өңірлік  үйлестіру  кеңесінен 

оң  қорытынды  алды.  Алдағы  уақытта 

«Даму»  КДҚ»  АҚ  арқылы  субсиди-

яланатын  болады.  «Даму-Өндіріс» 

бағдарламасы аясында 2016 жылы жеке 

кәсіпкер  О.Мырзағұл  «Казкоммерц-

банк» АҚ-ы тарапынан 10,0 млн теңге 

алып, «Нан өңдеу цехын кеңейту жоба-

сын» жүзеге асыруда.

«Даму-Аймақтар»  бағдарла масы 

аясында  «Сыр  маржаны»  ЖШС  «Ай-

налым  қаражатын  толық тыру»  жоба-

сына орай «Банк Центр Кредит» АҚ-ы 

арқылы  қаржыландырылып,  «Даму» 

КДҚ» АҚ-ы кепілдендіруде.

Облыс  көлемінде  шағын  және 

орта  бизнесті  несиелендіруші  ретінде 

«Қазақстан Халық банкі», «Банк Центр 

Кредит»,  «Ресей  Жинақ  Банкі»  АҚ-

ның  филиалдары  белсенділік  таныту-

да.  «Еуразиялық  банк»,  «Цесна  банк», 

«ВТБ» банктеріне де құжаттар ұсынуға 

болады.

Жалпы,  ауылдық  кәсіпкер лерге 



қолжетімділікті  арттыру,  ауылдық 

елді  мекендердегі  мүліктерді  кепілге 

алу  арқылы  несиелендіру  бағытында 

«Микробизнес  Қызылорда»  жоба-

сы  мен  «Қызылорда»  инвестициялық 

орталығы» ЖШС құрылып, 2016 жылға 

облыс  әкімдігі  мен  «Атамекен»  ҰКП 

арасындағы  әріптестік  меморандумға 

сәйкес 660,0 млн теңге қаражат бөлінді. 

Аталған орталық арқылы 2015 жылы 9 

жоба бойынша аудан кәсіпкерлері 45,4 

млн  теңге  қаражат  алса,  2016  жылдың 

9 айында 18 жобаға 114,4 млн теңге не-

сие  қаражаты  пайдаланылуда.  Әйтеке 

би  кентінен  13,  Қазалы  қаласынан  2, 

Аранды  ауылдық  округінен  1,  Бірлік 

ауылдық  округінен  1,  Қарашеңгел 

ауылдық округінен 1 жоба жүзеге асы-

рылуда.

Бұл  бағдарламаның  ерекше лігі, 



ауылдық  елді  мекен  кәсіпкер лерінің 

ұсынған  жобалары  үшін  10  пайыз 

көлемінде және 10,0 млн теңгеге дейінгі 

жобалар қаржыландырылады. 

Сондықтан  да  мемлекет  тарапы-

нан кәсіпкерлікті дамы туға қаражаттың 

жеткілікті  бөлінгендігі  ескеріліп,  осы 

саламен  айналысуға  ынталы  азамат-

тарға  мемлекеттік  органдар  мен  «Ата-

мекен»  ҰКП  аудандық  филиалы 

арқылы  тұрақты  қолдау  көрсетілетін 

болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет