8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет111/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   128
сабақ түрі мен әдісі
Тұлғатану. Дөңгелек үстел (мұғалім–модератор, оқушылар–қаты су шылар). 
Дискурс, ақпараттылық, ғылымилылық.
сабақтың деректік материалдары
Шоқан уәлиханов туралы замандастарының естеліктері
Н.И.Веселовский
аққан жұлдыз
Қырғыз хандарының ұрпағы және орыс армиясының офицері Шоқан 
Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып 
өтті. Орыс шығыстанушылары оны бір ауыздан ерекше құбылыс деп мой-
ындап, болашақта түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды 
жаңалықтар ашады деп үміттенген еді, бірақ Шоқанның мезгілсіз дүние салуы 
бізді бұл үміттен айырып отыр. Ол 30-ға да толмастан өкпе ауруынан қайтыс 
болды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт Уәлихановтың айрықша 
қабілетті екенін байқап, оның ғылыммен айналысуына барынша жағдай жа-
сады және ғылым әлеміне тамаша нәтиже әкелген Қашғар сапарына баруына 
жәрдемдесті. Уәлиханов Қашғардан оралған кезде Гасфорт сапардың есебін 
реттеуге өзі қатысып, кейіннен Уәлихановқа Петерборға барып келуіне жағдай 
жасады. Қашғар сапары туралы жазбалар осы тамаша адамның негізгі айтулы 
еңбегін құрайды; қалған мақалаларының басым көпшілігі толық аяқталмаған 
немесе кіріспе күйінде қалған және бұл мақалалардың дені қолжазба емес, 
өзгелердің көшірмесі ретінде сақталған. Қолжазбаны көшіруші өз тапсырма-
сын мүлтіксіз орындады деуге келмейді, Уәлихановтың жазуы өте түсініксіз 
болғандықтан, қайталап көшірген. Сол бос қалған жерлер көп немесе сөздердің 
мағынасы бұрмаланған, ал автор неге екені белгісіз, түзетулер жасамаған. 
Дегенмен де Уәлихановтың барлық ізденістерінің маңызы соншалық, Орыс 
географиялық зерттеу қоғамы 1867 жылдың 24 сәуірі күнгі мәжілісінде 
Ш.Ш.Уәлихановтың соңында қалған барлық мұраларын басып шығаруды 
ұйғарды. Бұл шешім сол кезде жүзеге аспай, Уәлихановтың өңделуге тиіс 
біраз мақалалары әркімнің қолында кетті. Мәселен, В.В. Григорьевтің 
қағаздарының арасынан, мен Шоқанның екі дәптерін таптым, біреуі–Едіге 
туралы қырғыз аңызы, екіншісі–оның ықшамдалған орысша аудармасы.
1887 жылы Г.Н. Потанин Уәлиханов шығармаларын басып шығару туралы 
мәселені қайта көтерді және дала генерал-губернаторы Г.А. Колпаковский 
баспаға қажетті қаржы жайын қарастыруға келісім берді. Бірақ Колпаковский 
көп кешікпей Петерборға қызметке ауысып, бұл мәселе тағы тоқтап қалды. 
Сол кезде Г.Н. Потанин менен Уәлихановтың жарық көруге тиіс жинағына 


107
редакция жасауымды және баспагер табуымды өтінді. Өз жұмысым қиын 
болса да, бұл істің жеңіл еместігіне қарамастан, Шоқан Уәлиханов аруағының 
ризалығы үшін және шығыстануға үлес болсын деп бас тартпай, оның жазба-
ларын қарап шығуға келістім. Бұл жұмыс мен ойлағаннан да күрделі болып 
шықты. Өкінішке қарай, Г.Н. Потанин маған түпнұсқамен салыстырылмаған 
көшірмені беріпті, ал олардың біразының түпнұсқасын табу мүмкін болмады.
Кейіннен, Потанин мырза арқылы Уәлихановтың бастапқы жазбаларын 
алдым. Оны К.К. Гутковскийдің қызы К.К. Гутковскаядан алдым. Менің 
өтінішім бойынша Г.Н. Потанин мен Н.М. Ядринцев Шоқан Уәлиханов ту-
ралы естелік жазды. Сондай-ақ, менің қолыма оның отандасы, Түркістан 
өлкесінде қызмет еткен және 1891 жылы Ресей консулы қызметінде жүріп 
Джидда қаласында тырысқақ ауруынан дүние салған И.И. Ибрагимовтың 
естелігі түсті. Уәлихановты жақсы білетін С.Я. Капустин бұл басылымнан 
бөлек, оның толық өмірбаянын жазып шықпақ ойы болған, бірақ онда 
Уәлиханов туралы еш мағлұмат айтылмаған, кіріспе сөзбен ғана шектеліпті.
Орыс географиялық қоғамының кеңесі, менің мәлімдемемнен кейін 
Уәлихановтың шығармалар жинағын басуға қажет қаражатты бөлуге шешім 
қабылдады, солайша мен баспа ісіне кірістім. Бірақ мені өте қынжылтқан 
жағдай: Уәлихановтың негізгі жұмысы “1858-1859 жылдардағы Алты-
шар немесе Қытай провинциясы Нан-Лудың (Кіші Бұхар) алты шығыстық 
қаласының жағдайы туралы” деп аталатын мақаласының түпнұсқасын ала 
алмадым, бұл мақала қоғамның “Жазбаларында” ұқыпсыз редакцияланған, 
өте көп қате кеткен. Тек мақаланы теру кезінде мен Уәлихановтың Сыртқы 
істер министрлігі мұрағатында сақталған есебімен танысу мүмкіндігіне ие 
болдым. Есеп көшірмеші қолымен жазылған, кей жерлеріне Уәлиханов өзі 
түзету енгізген.
Бұл мәтіннің осы томдағы барлық күмәнді тұстарын мен бөлек орнала-
стырдым (398-403 бб.), қалған қосымшалар өзгеріссіз берілді. Бұл ғасырдағы 
Шығыс Түркістан туралы біздің мағлұматтарымыз негізінен ол жаққа барып 
келген сібірлік көпестер арқылы жиналды. Осы саладағы ең тамаша еңбек 
біздің казак корпусында қызмет еткен қырғыз сұлтаны Уәлихановтың еңбегі 
болып табылады. 50-жылдардың басында ол Шығыс Түркістанға саудагер 
ретінде барып біраз қолжазба жинады. Ол Шығыс Түркістан болып саналатын 
Жоңғария мен Алтышардың (Алты қала) сипаттамасын жасады. Бұл еңбек 
1861 жылы жарық көрген “Географиялық қоғам жазбаларында” жарияланған.
А.Н. Пыпин. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет