8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет112/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   128
Шоқан Шыңғысұлы уәлиханов туралы
Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны өте қызықты құбылыс–азиялық және 
еуропалық қасиеттердің қосындысы. ...Ол кезінде өз әкесі білім алған, 
қырқыншы жылдары казак әскери училищесінен кадет корпусы болып 
өзгертілген Омбы кадет корпусында оқыды. Шоқан бір ауыз орысша білмей 
корпусқа түсіп, 1853 жылы офицер болып шықты (өз қатарластарынан бір жыл 
ерте бітірді, себебі басқа ұлт өкілі болғандықтан арнаулы әскери ғылымдарды 
тыңдауға құқы болмады).
Ол сол кездегі Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа адъютант болып 
тағайындалды. Шоқанның дамуына ең алдымен оның өз табиғи дарыны себеп 


108
болса, екінші жағынан Омбы қоғамының біраз білімді адамдарының оған өзге 
ұлт өкілі ретінде ықыласы әсер етті. Гутковскийлер, Капустиндер, марқұм 
С.Я. Капустин оның ең жақын достары болды. Гутковский губернатордың 
жолдасы, Сібір қазақтары облысының меңгерушісі болған кезде, Шоқанмен 
арасы жақындай түсіп, оған қырғыздарды басқару туралы жазба дайындауды 
тапсырды.
Сол жылдары Батыс Сібір өлкесін аралаған П.П. Семенов Шоқанға 
қызығушылық танытып, оны ерекше тұлға деп таныды, оның білімділігіне 
және Түркістан туралы әдебиеттерді көп оқығанына таңғалды. Уәлиханов 
қазанамасында айтылғандай (П.П. Семеновтың мәліметтеріне сүйене 
жазылған), 1858 жылы (Шығыс Түркістандағы үзіліссіз толқулар мен 
көтерілістер себебінен Батыс Сібір басшылығы) “Қашқар жағдайы туралы 
жергілікті жерден нанымды мағлұматтар алу үшін және бұл өзі әбден қолдан 
келетін, мүмкіндігінше жан-жақты зерттеп, біліп келетін, Орталық Азияның 
осы бөліктеріндегі сауда жолдарын зерттеу үшін сенімді адамды аттандыру 
қажет болды. Тапсырма өте қауіпті болды, оны орындайтын адам батыл 
шешімді, көреген, байқағыш, сонымен қоса татар тілі мен шығыстық салт-
дәстүрді білуі керек болды, себебі азиялық киіммен жүру керек еді”. Бұл 
шарттарға Уәлихановтан артық сай келетін адам табу қиын еді. 1858 жылдың 
маусымында ол семейлік бай сарт көпестің керуенімен ертеректе Қашқарда 
өмір сүріп, кейіннен Ресейге қоныс аударған отбасынан шыққан жас сарт 
саудагер ретінде Әлім деген атпен аттанды. Уәлиханов шашын тақырлап 
алғызып, азиялықша киініп, Семейден керуенмен шықты. Керуен Қашғарға 
аман-сау жетті, ал 1859 жылдың көктемінде қазіргі Верный қаласына оралды. 
Қазанамадан: “Бұл саяхат географиялық ерлік болды. Марко Поло заманы-
нан бері осы қалада өлтірілген бақытсыз Адольф Шлагинтвейтті айтпағанда, 
Қашқарға бірде-бір еуропалық кіре алған жоқ”–деп оқимыз. Шоқанды өзі 
атын алған Әлімнің туыстары қарсы алып, оған қуанып, оның оралу құрметіне 
той жасалып, сұлу қалыңдық тауып (жергілікті салт бойынша қалада тұрған 
кезде) Шоқанды үйлендірді.
Қашқар өлкесі бұл кезеңде енді ғана төңкерісті бастан өткерген болатын, 
оны жасаған көтерілісші Якуб бек еді, сондықтан өрттің жалыны әлі басыла 
қоймаған. Уәлиханов Қашқар алаңынан адамның бас сүйегінен тұрғызылған 
пирамиданы көрді, тұрғындар солардың арасында Шлагинтвейттің да басы бар 
десті. Қашқардағы билік басындағылар Әлім атын жамылған орыс офицері 
жасырынып жүр деген хабар алды, бірақ ол тым кеш жетті: керуен Ресейге 
оралып үлгерген еді. Қашқардан қуғыншылар жіберіліп, алайда олар керуенді 
қуып жете алмады, ол орыс шекарасынан өтіп кетті.
Шамасы кадет корпусының тас қабырғасындағы өмірден бастап Шоқанның 
денсаулығына зиян келген болар. Оны әр жаз сайын туған жеріне жіберіп 
тұрғанымен, бірақ бұл сапарлардан жинаған күш-қуат қыс бойы жоғалтқан 
денсаулығын қалпына келтіре алмады. Қашқар сапары аяқталғаннан 
кейін оны Петерборға шақырды, бірақ астананың ауа райы мен өмірі оның 
денсаулығын одан әрі төмендетті: одан өкпе ауруының белгісі табылып
дәрігерлер келесі жылы туған даласына қайтуға кеңес берді. Бұдан кейін ол 
қырда өмір сүрді (Көкшетау округінде), қыста Омбыға барып тұрды. Генерал 
Черняев Ташкентке алғашқы экспедиция шығарған кезде, Уәлиханов бұл 


109
сапарға шақырылды, бірақ әскери жорықтарға төзбей және генерал Черня-
евпен іс жүргізу барысында келіспеушіліктер туып Верныйға оралды. Оның 
дерті меңдеп, 1864 жылы 31 жасында дүние салды.
Уәлихановтың баспа бетінде жарық көрген жазбалары санаулы ғана, 
олар Географиялық қоғамның басылымдарында жарияланды: “Жоңғария 
очерктері” (”Жазбалар”, 1861 ж., I II кітап), “1858-1859 жылдардағы Алты-
шар немесе Қытай провинциясы Нан-Лудың (Кіші Бұхара) алты шығыстық 
қаласының жағдайы туралы” (сонда, ІІІ кітап), 1868 жылғы “Географиялық 
қоғам хабаршысында” (ІV т. 2 бөлім) Уәлихановтың Қашқарға сапары туралы 
хабарландыру басылған.
Бірақ Уәлиханов жинаған мағлұматтардың бәрі басылған жоқ. Оның 
қолжазбалары із-түссіз жоғалып кетті. “Орта Азия тарихы, этнографиясы және 
географиясы жайлы материал жинау үшін Уәлиханов ешнәрседен аянбады, – 
делінген қазанамада, – өз халқының аңыз, әңгіме, поэма, қисса-дастандарын 
мұқият жазып алды, өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, ескі жәдігерлерді 
сатып алып, көне қолжазбаларды жинады... Уәлиханов өз еліне терең 
адалдығын сақтады, ол қазақ өмірін сүйді, сонымен бірге батыс өркениетін 
бағалай алды, өз халқының болашағын тек Ресей қанатының астынан көрді”. 
Уәлихановты жақсы білетін адамдар оның ақыл-ойының келістігі және бағыт-
бағдары жағынан орыс батысшылы болғандығын айтады: Ол Ресейді шын 
жақсы көрді, оның кемшіліктерін көре білді, жақсы адамдармен бірге оның 
жаңаруын шын жүректен тіледі. Шоқан алпысыншы жылдардағы қозғалысқа 
қызығушылық танытты. Діни тұрғыдан алғанда ол еркін ойшыл болды, бірақ 
өз халқымен байланысын үзбес үшін мұсылман болып қалды.
П.И. Небольсин.
Ш. уәлиханов петерборда”
Көп ұлысты Петерборда, бізде жарияланған діни-сенім бостандығының 
көрінісіндей басқа сенімдегі бірнеше шіркеу орын тепкен Невский даңғылы 
бар, Петерборда қырғыздар сирек; мұнда олар бар-жоғы бес адам ғана болар. 
Олар жалпы еуропалық әскери киім киіп жүреді және біреуінен басқасының 
назар аударатындай ешбір ерекшелігі жоқ. Бұл біреу – әлі өте жас атты әскер 
офицері, шамасы, шені бойынша штаб-капитан, Әулие Владимир орденінің 
иегері, шығу тегі бойынша сұлтан, аты Шоқан, әкесінің аты Шыңғыс, фамили-
ясы Уәлиханов (атасы хан Уәли, тегі – сұлтан). Уәлиханов Сібір қазақтарына 
жатады, ол Қашқарға саяхат жасап, осы қыста Географиялық қоғамның бір 
мәжілісінде жеке эрудиция мен шынайы ізгіліктерге толы баяндама жасады.
И.В. Мушкетов.
Шоқан уәлиханов және оның геологиялық коллек циясы”
1858 және 1859 жылдары Шоқан Уәлиханов көпес ретінде сауда керуеніне 
еріп алғаш рет Верный қаласы мен Ыстықкөлден Зәукі асуы арқылы Тянь-
Шаньның барлық жоталарын кесіп өтіп, Шатыркөл көлінен асып Қашқарға 
барды. Уәлиханов мырза өз саяхатының барлық нәтижелерін жариялап 
үлгермеді; ол тек маңызды ғылыми мәні бар, автордың сирек кездесетін 
байқампаздығы мен мол білімін танытатын бірнеше мақалаларын жарыққа 
шығарды; ...Ол жергілікті халықтардың тілін жақсы білді, сондықтан 


110
жергілікті халықтардан әртүрлі және толық мағлұматтарды одан артық ешкім 
жинай алмайтын еді, егер де ол Қашқардан қайтып келген соң көп ұзамай 
қайтыс болмағанда оның еңбектерінің нәтижелері тіпті жемісті болар еді. 
Оның бірнеше мақалалары бар, ең соңғысын ол қайтыс болғаннан кейін 10 
жылдай уақыт өткен соң П.П. Семенов жариялады. Олардың алғашқылары 
география саласында емес, тарих жайлы, сондықтан маңызды болғанымен 
де біз оларға тоқталмаймыз, тек атап өтерлігі, Зәукі немесе Жәукі арқылы 
Тянь-Шань асуларынан көлденеңнен кесіп өтіп, Семенов жолын жалғастыра 
келе, ол “жолда кездескен тау жыныстарының коллекциясын жасап, сондай-
ақ Яркент маңындағы Мирджай тауларында және Қарақас өзенінде алына-
тын нефрит бөліктерінің, болорлық яшманың, мәрмарды, хрусталды, Керия 
өзенінің құмды алтынын жинады”. Өкінішке қарай, бұл сирек кездесетін 
коллекция сарапталмай жатып жоғалып кетті, қалай болса да, мен қанша 
іздесем де, оны таппадым. Алтышарды сипаттағанда Уәлиханов мырза әртүрлі 
минералды заттардың бар екенін қысқаша айтып өтеді, олар аз зерттелгенімен, 
Керия ауылында алтынның көп мөлшерде жуылып алынатыны соншалық, 
тұрғындар салықты (Қытайға) осы металмен төлеп, оны жеке адамдарға сата 
алады. Хотаннан сарайға жыл сайын 80 ланға дейін алтын жөнелтіледі. Бірақ 
алтынның көп мөлшері лазурит, феруза, лағылмен бірге Памир, Қаратегін 
және Болорда өндіріледі.
П.П. Семенов Тянь-Шаньский, А.А. Достоевский
. “Ш.Ш. уәлихановтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет