8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет115/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   128
сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында басты назарда ұсталатын мәселелер: 
1. Шоқан Уәлихановтың саяхаттарының нәтижелері. 
2. Шоқан Уәлихановтың шығармалары мен ғылыми зерттеулері.
3. Шоқан Уәлихановтың Петербургтағы шығармашылық өмірі. 
4. Шоқан Уәлиханов салған тарихи суреттер мазмұны. 
5. Шоқан Уәлихановтың шығармаларының құндылығы.
Сабақ барысында мұғалім оқушылар назарына мектеп кітапханасынан 
және өзінің жеке кітап қорынан Шоқан Уәлихановтың шығармаларын 
алып келіп, сыныпта шағын кітап көрмесін жасайды. Осы кітап көрмесіне 
кітаптармен бірге Шоқан Уәлихановтың сөздерінен цитаталар жазып, оны 
А3, А4 көлемдегі қағаздарға қалың бояумен шығарып қою кітап көрмесінің 
мазмұнын аша түседі. Қалалық өңірде ЖОО-ның профессор-оқытушы 


113
құрамынан сабаққа “Шоқантану” бойынша пікір айтуға қонақ шақырса да 
болады. Оқушыларға Шоқан Уәлиханов туралы түсірілген көркем фильмдер 
мен деректі фильмдерді көруді ұсыну керек. Факультатив сабаққа таңдаулы 
оқушыларға “Шоқантанудан” баяндама, ғылыми жоба қорғауға тақырып 
беру керек. Факультатив, үйірменің қорытынды отырысында “Шоқан мен 
оның достарының” арасындағы диалогтан көрініс ұйымдастыруға да болады. 
Алтынемел аймағында тұратын мектептер осы тақырыптағы сабақты Шоқан 
Уәлихановтың мұражайында өтуі керек. Нәтижесінде, осы тақырыпты жүргізу 
әдістемесін “әдістемелік журналдарда” (”Қазақ тарихы”, “Мектептегі ғылыми 
жұмыс” т.б.) жариялап тәжірибемен бөлісу қажет. 
Бағалау мүмкіндігі
Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын сұрақтар:
1. Шоқан Уәлихановтың ғылыми экспедицияларының бағыттары.
2. Шоқан Уәлихановтың орыс ғалымдары және ағартушылармен рухани 
байланысының нәтижесі неде?
Қосымша тапсырма
Шоқан Уәлиханов туралы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің 
естеліктерімен танысып, талдау жасаңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет