m
2
-
ерітіндінің массасы.
Молярлық (мольдік) концентрация.
Молярлық концентрация 1 литр
ерітіндідегі еріген заттың моль санымен анықталады.
Егер 1 литр ерітіндіде еріген заттың 1 молі болса, ондай ерітіндіні бір
молярлы ерітінді дейді. Мысалы ас тұзының бір молярлы ерітіндісін даярлау
үшін оның бір молін, яғни 58,8 (
23г + 35,5г
58,5 г) грамын өлшеп алып
1 литрлік өлшеуіш колбаға салып ерітеміз де,
ерітіндінің көлемін су құю
арқылы бір литрлік деңгейге (колбаның мойнындағы сақинаға) дейін
жеткіземіз. Децимолярлы ертінді даярлау үшін ас тұзы молінің 0,1 См алып,
ерітіндінің көлемін бір литрге жеткіземіз.
Ерітіндінің мольдік концентрациясын См әрпімен белгілейді. Мысалы,
1 молярлы ерітінді 1М, екі молярлы ерітінді 2М, децимолярлы ерітінді 0,1М,
сантимолярлы ерітінді 0,01М, миллимолярлы ерітінді 0,001М деп
белгіленеді.
Ерітіндінің молярлық концентрациясын мына формула бойынша
есептеп шығаруға болады:
m
См
---- моль/л,
V
Мұндағы См – молярлық концентрация (моль/л); m - еріген заттың граммен
алынған массасы;
-
еріген заттың молі; V – ерітіндінің литрмен алынған
көлемі.
Моляльді концентрация.
С
m
-еріген заттың мольмен алынған
мөлшерінің еріткіштің массасына қатынасы
С
m
(KСl) =1.5 моль/кг Н
2
О
Нормальдық концентрация.
Ерітіндінің нормальдық концентрациясын
1 литр ерітіндідегі еріген заттың эквиваленттік
массасының санымен
анықтайды. 1 литр ерітіндіде 1 эквиваленттік масса еріген болса, бір
нормальды, 2 эквиваленттік масса еріген болса, екі нормальды деп атайды.
Нормальдық концентрация көп жағдайда Сн әрпімен белгіленеді.
Мысалы, бір нормальды ерітінді 1 Сн, екі нормальды ерітінді 2 Сн,
децинормальды ерітінді 0,1 Сн деп белгіленеді.
Ерітінділер дайындағанда қышқылдардың, негіздердің және тұздардың
эквивалеттік массасын мына жолдармен табады.
Қышқылдардың эквиваленттік массасын табу үшін молінің массасын
сутек
атомдарының санына бөлу керек, мысалы:
Э(Н
3
РО
4
)
98 г/моль /3
32,66 г/моль
Негіздердің эквиваленттік массасын табу үшін олардың мольдік
массасын гидроксид санына бөлу керек, мысалы:
Э(Са(ОН)
2
)
74 г/моль / 2
37 г/моль
Тұздардың эквиваленттік массасын табу үшін олардың молдік
массасын металдың атом саны мен валенттілігін көбейткеннен шыққан санға
бөлу керек, мысалы:
Э(АІ
2
SО
4
)
342 г/моль / 2
3
342 г/моль / 6
57 г/моль
Ерітінділердің нормальдық концентрациясын мына формула бойынша
табады:
Сн
ЭV
m
,
Мұндағы Сн – ерітіндінің
нормальдық концентрациясы; m – еріген
заттың граммен алынған массасы; V – ерітіндінің литрмен алынған көлемі; Э
– еріген заттың эквиваленттік массасы.
Лабораторияда ерітіндінің концентрациясын
титр
арқылы белгілеу
жиі қолданылады.
Ерітіндінің 1 миллилитріндегі еріген заттың граммен
алынған мөлшерін титр дейді
. Титрді мына формула арқылы табады:
Т
1000
Э
Сн
Т – титр; Сн – нормальдық концентрация; Э – еріген заттың эквиваленттік
массасы.
Мысалы 0,1 нормальды фосфор қышқылының титрын табайық:
Т(Н
3
РО
4
)
003266
.
0
1000
66
.
32
1
.
0
г/мл
Достарыңызбен бөлісу: