9- сынып. Физика пәні 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналғАН



Дата15.10.2022
өлшемі18,25 Kb.
#43224
Байланысты:
№1


9- сынып. Физика пәні
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
1 нұсқа
1. Материялық нүкте түзу сызықты қозғалып 500 м жүрген соң, кері бұрылып 200 м жүріп тоқтады. Оның жүрген жолы. [1]

2. Материялық нүкте түзу сызықты қозғалып 2000 м жүрген соң, кері бұрылып 500 м жүріп тоқтады. Оның жүрген жолы және орын ауыстыруы [1]


3. Тік ұшақ түзу бойымен 400 км ұшып, 900 бұрылған соң тағы да 300 км ұшты. Тік ұшақтың орын ауыстыруы [1]


4. Жылдамдығы 4с-та 5м/с-тан 25м/с-ке дейін артқан автомобильдің үдеуі [1]
5. Еркін құлаған дененің 2 с жүріп өтетін қашықтығы [1]
6. 45м биіктіктен құлаған дененің құлау уақыты [1]
7. Денені вертикаль жоғары 10м/с жылдамдықпен лақтырды. 1с уақыттан кеінгі дененің жерден биіктігі[1]
8. Автокөлік доңғалағы 2с ішінде 20 айналым жасаса, оның айналу периодын тап. [1]
9.Радиусы 2 м бір қалыпты айналған дөңгелектің бетіндегі материялық нүкте 6 м/с жылдамдықпен қозғалады. Материялық нүктенің үдеуі [1]
10.«Сөйлемді толықтыру»  әдісі
1.Шеңбер бойынша бірқалыпты қозғалыс бұл...... қозғалыс
2.Сызықтық жылдамдық модуль бойынша өзгермейді, бірақ...... өзгереді.
3.Бір айналым жасау уақыты .....деп аталады . Уақыт бірлігі үшін айналым саны..... деп аталады.
[3]
9- сынып. Физика пәні
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
2 нұсқа
1. Материялық нүкте түзу сызықты қозғалып 500 м жүрген соң, кері бұрылып 200 м жүріп тоқтады. Оның орын ауыстыруы. [1]
2. Материялық нүкте түзу сызықты қозғалып 4000 м жүрген соң, кері бұрылып 500 м жүріп тоқтады. Оның жүрген жолы және орын ауыстыруы [1]
3.Тік ұшақ түзу бойымен 400 км ұшып, 900 бұрылған соң тағы да 300 км ұшты. Тік ұшақтың жолы [1]
4. Жылдамдығы 5с-та 15м/с-тан 5м/с-ке дейін кеміген автомобильдің үдеуінің мәні [1]
5. Еркін құлаған дененің 4 с жүріп өтетін қашықтығы [1]
6. 80м биіктіктен құлаған дененің құлау уақыты [1]
7. Денені вертикаль жоғары 10м/с жылдамдықпен лақтырды. 1с уақыттан кеінгі дененің жерден биіктігі [1]
8. Жіпке ілінген жүктің айналу периоды 2 с. Егер жүк радиусы 40 см шеңбер бойымен айналса оның сызықтық жылдамдығы [1]

9. Материалдық нүкте 4 с ішінде 16 айналым жасайды. Айналу периоды мен жиілігі қандай? [1]



10. «Сөйлемді толықтыру»  әдісі
1.Период мен жиілік өзара..... байланысты .
2.Дененің уақыт бірлігінде қандай жолмен өтетінін көрсететін шама..... деп аталады.
3.Айналмалы денедегі нүктенің бұрыштық және сызықтық жылдамдығы өзара........ байланысты .
[3]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет