9- зертханалық жұмыс. Су микрофлорасын зерттеу Орындаған: Қиятбай Мерей
Су микрофлорасы топырақтың микробтық құрамы сияқты, себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Суда ол жердің физикалық- химиялық, жарық жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен оттегінің еру дәрежесіне, органикалық және минералды заттар болуына бейімделген тиісті биоценоздар құрылады.
Судың микрофлорасы мекендейтін ортасы.
Олардың ішінде бактериялардың барлық таксономиялық топтарының өкілдері саңырауқұлақтар,
қарапайымдар, вирустар көрінеді.Микрофлораның сапалық құрамына судың шығу тегі мекені ретінде əсер етеді
•Судың əртүрлі өсімдіктердің,
жануарлардың жəне
микроорганизмдердің өмір сүретін
ортасы.
• Адамдардың тіршілік əрекетіне
байланысты сапасы жəне
микрофлорасы өзгеріп отырады.
• Адамзат өз тіршілігінде суды тұрақты
түрде күнделіті пайдаланады
• Ашық су көздері(өзен-су
қоймалары)
• Жабық су көздері (құдықтар,
артезиан суы, бұлақтар)
• Шайынды қалдық сулары
Жұмыс барысы: Қатты қоректік орта ретінде ет-пептонды агарды пайдаланады. Тексеру мақсатында ашық бөгеннен және құбыр суынан 5-10 мл залалсыздандырылған пробиркаға немесе колбаға құйып алады да залалсыздандырылған мақта тығынымен тығындайды. Тәжірибелік үлгіні 40С температурада үш сағаттай сақтайды. Микроорганизмдер санын анықтағанда тексерілетін суды сұйылту керек. Бұны былай жүргізеді: ішінде 9 мл залалсыздандырылған суы бар бірнеше пробиркаларды дайындайды. Пробиркаларды номерлейді. Залалсыздандырылған пипеткамен тексерілетін судың бір миллилитрін алып ішінде 9 мл залалсыздандырылған суы бар пробиркаға құяды. Бұл жұмысты спиртовка жалынында жүргізу шарт. Сонда сұйылту 1:10 болады. Пробирка ішіндегі суды сол пипеткамен үрлеп араластырады да, жаңа залалсыздандырылған пипеткамен оның 1 мл алып №2 пробиркаға құяды, сонда сұйылту 1:100 тең болады. Жұмысты осылай жүргізе отырып, жалпы сұйылту санын №10 пробиркаға дейін жеткізеді. Ашық сулардың сұйылту дәрежесін 1:1000 кем жасамау керек. Соңғы, яғни бұл жағдайда №3 пробиркадан залалсыздандырылған пипеткамен 1 мл алып Петри табақшасына тамызады да, үстіне су моншасында балқытылған ет-пептонды агардың (ЕПА) 10 мл құйып, табақшаны жауып, тегіс жерде шайқай отырып, біркелкі етіп қатырады. Тексерілген суды алдын ала қатырылып дайындалған агар бетіне тамызып, залалсыздандырылған шпательмен жаюға болады. Табақшаны жауып, сыртына тиісті тәжірибені жазып 22-250С термостатқа қояды.
Соңғы, яғни бұл жағдайда №3 пробиркадан залалсыздандырылған пипеткамен 1 мл алып Петри табақшасына тамызады да, үстіне су моншасында балқытылған ет-пептонды агардың (ЕПА) 10 мл құйып, табақшаны жауып, тегіс жерде шайқай отырып, біркелкі етіп қатырады. Тексерілген суды алдын ала қатырылып дайындалған агар бетіне тамызып, залалсыздандырылған шпательмен жаюға болады. Табақшаны жауып, сыртына тиісті тәжірибені жазып 22-250С термостатқа қояды. Тәжірибе үш рет қайталануы тиіс. 4-5 тәуліктен соң Петри табақшасындағы өскен бактериялар колониясын санап, оның 1 мл судағы санын анықтайды.
Жалпы қала маңындағы судың 1 мл 460000, ал тоған суының бір миллилитрінде 1350000 микроб кездесетіні анықталды. 1мл тексерілген судағы бактериялар санын анықтау үшін екі параллель Петри табақшасындағы колониясын санап, сол тостағанша сыртында жазылған сұйылту дәрежесіне көбейтеді. Мәселен сұйылту дәрежесі 1:100, 1 мл Петри табақшасына құйылған тексеруге арналған суда орта есеппен 160 колония өсіп шықты дейік. Сонда тексерілмекші 1 мл суда 160х100=16000 бактерия болғаны. Колонияларды сипаттап, суретін салады. Зерттеу нәтижелерін келесі 7-кестеге жазады. Зерттелген колониялардың басым түрін белгілейді.
Назарларыңызға рахмет