9 ДӘріс ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі, жасқа сай ерекшеліктері. Тағам гигиенасы



Дата06.01.2022
өлшемі21,38 Kb.
#12799
түріҚұрамы
Байланысты:
ас корыту


9 ДӘРІС
Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі, жасқа сай ерекшеліктері. Тағам гигиенасы
Адам өз тіршілігінде қажетті қоректік заттарды тамақтандыру арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде пайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттардан құрады.

Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде бөлшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік т.б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын – ас қорыту мүшелерінде болады. Сол сияқты жеген тамақ та ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары тік ішек арқылы сыртқа айналады. Жеген тамақ тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бұзылады. Ас қорыту мүщелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.

Бұл химиялық “конвейерде” асты қорыту ерекше заттар – ферменттер – арқылы іске асады. Ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қортылмайды. Әрбір фермент тек өзіне тән жұмысты ғана орындайды, бір ферментті екінші ферментпен алмастыруға болмайды.

Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен ұйқы бездері жатады.


Ауыз қуысындағы ас қорыту. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады.Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақталады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Астың қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Тамақты шайнап, ұсату – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалыорналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстінгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және ұрт қатысады.

Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілейкеймен араластырады да, жұтқыншаққа карай жылжытады. Жүту кезінде арнайы тетіктер арқылы ас қоймалжыңының тыныс жолдарына бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді. Өңеш ұзындығы 22-27 см шамасындағы ұзын түтік. Оның ішкі кілегей қабаты, қаптарланып ас қоймалжыңы өткен сәтте кеңейіп, оны өткізуге бейімделген. Мұнда ас қорытылмайды.

Қарында астың қорытылуы. Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып жеткеннен кейін қарындағы астың қортылыуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етеді. Қарын сөлінің құрасында 0,35-0,5 %-дық тұз қышқылы, органикалық заттар мен хлордың, фосфордың натрийдің және күкірттің тұздары болады. Органикалық заттарға ферменттер, азотты қосылыстар жатады. Қарын сөлінің құрамындағы липаза ферментті ұсақ молекулалы, айталық жұмыртқаның сары уызындағы, ана сүтінің құрамындағы майды ғана қорытады. Ол майды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады.

Ішектегі ас қорыту. Қорытылған ас қарын қуысынан аш ішектің алғашқы бөлімі он екі ішекке жылжытады. Мұнда екі үлкен бездерден сөл құйылып, асты қорытуға қатысады. Олар бауырдың өті мен ұйқы безінің сөлі. Ұйқы безі сөлінің құрамындағы трипсиноген ферменті, ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады.

Зат алмасуы. Жасқа сай ерекшеліктері.Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына байланысты. Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Зат алмасуы тоқталысымен тірлік жойылады. Оның барысында организмге түрлі қуатты бар қоректік заттар, тұздар мен су кіреді де, бұл заттардың ыдырауынан пайда болған денеге қажетсіз улы заттар денеден шығарылады. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмде енген заттарды өздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организдегі клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қуат алады.

Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшеліігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамда ғана теңеседі. Бала кезінде ассимиляция басым болса, қартайғанда, керісінше диссимиляция басым болады.



Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық затар бар. Олар органикалық және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады. Дені саулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмдегі шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Организмге қажетті “құрылыс материалдарды” денеге тамақтану арқылы жеткізіледі. Әр адам өмір бойы өзінің салмағынан анағұрлым артық белоктар, майлар, көмірсу, тұздар мен суды қабылдайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет