9-дәріс. Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту



бет15/32
Дата18.04.2022
өлшемі81,24 Kb.
#31325
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Көрнекі ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа:

а) көру көрнекілігі әдістеріне;

ә) есту көрнекілігі әдістеріне;

б) қимыл көрнекілігі әдістеріне бөледі.

Көру көрнекілігі әдістеріне жататындар: үйренетін қозғалысты баланың (немесе педагогтың тапсырмасымен) көрсетуі. Көрсету кезінде педагог мынадай әдістемелік талаптарды басшылыкқа алуы керек:

1.Көрсетудің мазмұны сөз қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс.

2.Көрсетудің мазмұны, үйретудің мақсатына сәйкес келуі қажет:

а)бірінші рет жаттығу тәсілін көрсеткенде ол стандартты түрде, балаларға түсінікті деңгейде толық орыңдалуы керек;

ә)үйрету кезінде балалар қиын элементерді жақсы игеруі үшін қозғалыс толық немесе бөлшектеліп, жай өз қарқынында немесе баяу қарқында көрсетіледі;

б)жетілдіру кезеңінде педагог жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт шеберлері орындағандай көрсетуі керек, ол балаларды сол деңгейде орындауға ұмтылдырады.

3.Педагог жаттығуды көрсеткенде спорт залының, алаңның ең қолайлы, бәріне көрінетін, өзі де жаттығудың орыңдалуын бақылай алатын жерді таңдап алуы керек.

4.Қарапайым, жалпы жетілдіру жаттығуларын көрсеткенде "айна тәсілін" қолданған жөн.

5.Педагог көрсетуді өзі орыңдай алмайтын жағдайларда:

а)денсаулығына байланысты;

ә) көрсету кезінде дене қалпы жаттығуды түсіндіруге ыңғайсыз болса;

б) жаттығуды орыңдағанда мүмкін болатын қателіктерді баланың өзі арқылы көрсету керек болса, көрсетуді жақсы дайындығы бар балаға тапсыруына болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет