9-дәріс. Жоғары мектеп оқытушысының біліктілігі мен құзыреттілігі Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби біліктілігі



бет1/4
Дата30.03.2023
өлшемі36,69 Kb.
#77618
  1   2   3   4
Байланысты:
ЖМП-9


9-дәріс. Жоғары мектеп оқытушысының біліктілігі мен құзыреттілігі
Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби біліктілігі.
Маманға шешуі тиіс кәсіби мәселелерімен қатар оның жалпы интеллектуалдық дамуына, тек кәсіби салада ғана емес, жалпы кез келген істе мәселенің мәнін көре білу қабілетіне, оны шешудің оңтайлы әдістерін қарастыру, практикалық шешімге келуі, болжай білуіне қатысты талаптар легі қойылады. Оқытудың ақпараттық негіздерінің, оқу пәнін әр тұрғыдан зерттеу және оны игеруге қатысты мәселелерді шығармашылық тұрғыда, байланыстар мен қарым-қатынастардың барлық кешеніне бағытталу деңгейінде психологиялық негіздемесі жасалуда. Кәсіби білім жүйесіндегі оқытудың ақпараттық негізі субъекті материалдың толық көлемін игеруі мен оны болашақ іс-әрекетінде дұрыс қолдана алуы үшін психологиялық механизмдер проблемасын түзуі мен талдауын қажет етеді.
Ойлауда игерілетін біліммен байланыстығы жөніндегі Л.С. Выготский ұсынған идея оқыту теориясы негізін қалаушы теориялардың біріне айналды. Бұл байланыс мазмұны қабылдау тәсілін арнайы іс-әрекет ретінде ұйымдастыру арқылы ашылады. Жоғары оқу орнындағы педагогикалық қызмет әртүрлі деңгейдегі оқытушылардың кәсіби шеберлігі арқылы жүзеге асырылады және олар әртүрлі нәтижелер береді.
Педагогикалық шеберлік – кәсіби педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың жоғары деңгейін білдіреді яғни ол қысқа уақыт арлығында дұрыс қорытынды береді. Кәсіби біліктіліктің негізгі баспалдақтары: 1. Педагогикалық кәсібилік. 2. Педагогикалық шеберлік. 3. Педагогикалық жаңашылдылығы.
XX ғ. педагогикалық шеберліктің мәнін көптеген зертеушілер зерттеген. Олар: А.С.Макаренко, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин,В.Н.Кузьмина, И.Ф. Харламов және т.б. Олардың көзқарастары негізінде педагогикалық шеберлік компоненттері төмендегідей құрылыммен анықталады:
1. Кәсіби білім: педагогикалық шеберліктің негізін қалайды және үш жақты оқыту пәндері кіреді: арнайы, психо-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени.
2. Педагогикалық біліктілік үш түрлі қабілетілікті қажет етеді: оқыту-тәрбиелеу процесін жүзеге асырады; студенттермен қарым-қатынас жасау, әртүрлі жұмыс үлгісінде оларды басқара алу; өзін-өзі басқара алу-өзінің көңіл күйін, денесін ұстауы, сөйлеу мәнерін қадағалау.
Педагогикалық қабілеттілік оқытушының кісіби тұрғыдан қалыптасуға көмектеседі, ал педагогикалық техникалар жоспарланған ойларына, көздеген мақсатына жетуге жағдай жасайды.
3. Педагогикалық қабілеттілік. Педагогикалық қызметке келесі негізгі қабілеттіліктерді жатқызады:. тіл табыса алушылық, перцевтивті (интуиция, көрегіштік), ой-өрісінің кеңдігі, ұйымдастырушылық. Педагогикалық қабілеттілік педагогикалық процесті жылдамдатып, оның жемісті болуына ықпал етеді.
4. Педагогикалық өнегелілік. Оқытушының бағыттылығының құндылығын яғни қызығушылығы, арман мұраты жатады. Педагогикалық тұрғыда тәрбиелеу – білім беру процесіндегі нақты мәселелерді таңдауға, студенттермен қарым-қатынас жасауына әсер етеді.
5. Кәсіби және жеке моральдық қасиеттері. Кәсіби маңызды қасиеттерге: адамгершілік, талап етушілік, өзін-өзі билеушілік, қабілеттіліктің жоғары сатысы, өзін-өзі ұстай білуі, жинақылық, оптимисттік қасиеттер жатады.
6. Сыртқы келбеті. Сыртқы мәдениетке – сыртқы келбеті, мәнері, ұжым және студенттермен вербальды емес қарым-қатынас жатады. Сыртқы келбет мәдениетіне: киімі, шаш үлгісі, өзін-өзі ұстай алуы (жүру, отыру, тұру). Сөйлеу мәдениеті лексикалық қорының байлылығына, сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құра білуден, дұрыс ырғағын қоя білуге байланысты. Ал вербальды емес қарым-қатынасқа сабырлылық, сенімділік, дене қимылы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет