9-дəріс. Классикалық ғылымның қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата19.05.2022
өлшемі141,17 Kb.
#35025
1   2   3
яғни, заңдарды орнататын. Немесе генерализациялайтын (жалпылайтын). 
Қоғамдық ғылымдар идиографиялық (өзіндік ерекшелігі бар )деуге болатын 
тəсілге ұмтылады. 
Əлеуметтік-гуманитарлық 
таным 
зерттеушіден 
сезімдесуді, 
толқынысты, парапарлауды, оның тағайындалуы мен мақсатын түсінуді 
қалайды. Олар өзін мəтін, ескерткіш, шығарма, құрал, жест, əлеуметтік 
институт пен құрылымдар түрінде көрсетуі мүмкін. 
Жаратылыстануда зерттеу пəндері субьектіге қарсы қойылып, обьект 
ретінде ұсынылады. Оның ішкі дүниесіне енуді зерттеуші қалаймайды, оның 
ішкі жағынан емес, сырттан талдайды, рухсыз элементтерге бөлшектейді, 
экспериментальдік құралдар арқылы əсер етуге кезігеді, оған азап шегу алып 
келетіндігіне алаңдамайды. 
2. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми төңкерістердегі басты 
жаңалықтар: салыстырмалылылық теориясы, кванттық механика, оған сəйкес 
келетін космология. 1905 жылы А. Эйнштейннің ашқан салыстырмалық 
теориясы кеңістік пен уақыттың салыстырмалы екендігін негіздеуге 
арналған. Бұл релятивичтік сипат алады, вакуумдағы жарық жылдамдығына 
жақын қозғалатын денелер туралы. 1915-1918 жылдары салыстармалықтың 
жалпы теориясын негіздеді. Ол екі постулаттан құралады: 1. Салыстырмалық 
қағидасы, тыныштықта тұрған оқшау материалдық жүйеде жəне түзу сызық 
бойынша бірқалыпты қозғалыстағы кез-келген процесс бірдей өтеді. 2. 
Вакуумдағы жарық жылдамдығының тұрақтылығы, оның жарық көзінің 
жылдамдығына тəуелді емес екендігі. 
Ендеше, вакуумдағы жарық жылдамдығынан, кез-келген жылдамдық 
бойынша қозғалатын əрекет аса алмайды; жарық жылдамдығына 
жақындыған дене қозғалысында уақыт ағымы баяулайды, массасы да осы 
жылдамдықтың күшеюі бойынша артып отырады. Қозғалыстағы массивті 
дене өзінің айналасындағы кеңістік-уақытты қисайтады. Бұл ұлғайып бара 
жатырған əлем моделін жасаудың алғышартын анықтап берді. Обьектінің 
кеңістік-уақыттық қасиеті бақылаушының жағдайына (орнына) байланысты 
болып шығатындығын ашып берді, оқиғалардың əлемдегі бір уақыттылығы 
абсолютті емес, бақылаушының жағдайына байланысты салыстырмалы 
болып келеді. 
Кванттық механика ұсақ бөлшектердің қозғалыс заңдары мен 
суреттелуінің тəсілінің бекітілуі туралы теория. Бұнда бөлшектер 
толқындық пен корпускулярлық қасиеттерді алып жүруші жəне олар бірін 


бірі 
жоққа 
шығармайды, 
керісінше 
толықтырып 
отырады. 
Корпускулярлы-толқындық дуализм теориясы шықты.
Космология əлемді біртұтас ретінде зерттейтін, астрономиялық 
бақылаулармен қол жетімді болатын ғарыш туралы ілім. ХХ ғасырдың 20 
жылдарында галлактикадан тыс астрономия туып, ол мынадай кезеңдерді 
бастан өткерді: уақыт пен кеңістіктің қисаятындығы мен кеңістіктің 
тұйықталуы 
мүмкін 
екендігі 
туралы 
түсініктердің 
ұсынылуы; 
А. А. Фридман (1922–1924) ұсынған қисайған кеңістік тұрақты емес, ол ол 
кеңеюі немесе сығылуы тиіс, осыған сəйкес ғаламның жасы (кеңею 
үұзақтығы шамаланды) ; кеңейіп бара жатырған ғалам бойынша денелер əр 
түрлі сатыда болады. Бұдан бастапқы сатыдағы ұлғаюда өте жоғары 
температурада жылу тарағандығы кейіннен суығандығы ұсынылды. Суыну 
кезінде атом, протогаллактика, жұлдыздар пайда болған деген болжам 
негізделді.
Бұдан əлемнің бастапқы тығыз қалпы (сингулярлық) мен оған қайта 
оралу мүмкіндігі туралы мəселелер қойылды. Бұл ғарыш пен адамзаттың 
пайда болуы мен өмір сүруі, аяқталуы мен жалғасуы, болашағы туралы 
философиялық мəселелерге ойысты. 
3.Əлемнің шексіз көптүрлілігі мен біртұтастығына байланысты 
философия өзінің ұғымдар мен категориялар жүйесі арқылы əлем құрылымы 
мен жаратылу мəселелеріне бойлай енудің жалпы бағдарларының 
концептуалдық мəніне қарай ұмтылады. Соның бірі космогенез, яғни, 
философия тарихы бойынша қарастырылатын космология (ғарыш туралы 
ілім) оның даму эволюциясының өн бойында тұтас ұсынылатын мəнді 
обьектіге де айналғандығы бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. 
Бұл жерде біз зерделеп отырған Бейболмыс мəселесінің Ештеңе ретінде 
алмастырылған нұсқасы бойынша космогенездің түп бастамалық алғы 
проблемалары туындайды. Сондықтан басты алғышарт ретінде – ғылыми 
космогенездік хаос пен діни жаратылу актісіндегі Ештеңе мəселелерін 
салыстыра бағамдау – Бейболмыс проблемасының ғылыми-жаратылыстық 
жəне діни-сенімдік синкретизмдік бірлігін қайтадан реконструкциялайды. 
Ғылыми тұрғыдан сарапталатын Хаостың алғы бастамалық қызметіне 
байланысты осы тұстан космогенезге ортақ мəселе – теологиядағы жаратылу 
актісін негізге алатын креацонизмдегі Ештеңенің алғы бастау болып 
табылатын жақ екендігі туралы аналогиялық конструкция алынады. 
Космогенездегі алғы бастауды біз орталық түсінік ретінде қарастырып, оның 


ғылыми жəне діни тұрғыдан жарыспалы түрде негізделетін тұғырнамаларын 
философиялық тұрғыдан сараптау əлемнің пайда болуы туралы екі 
парадигманы зерделеуді қажет етеді.
Қазіргі 
заманғы 
ғылыми-теориялық 
зерттеулерде 
хаосты 
– 
Бейберекетсіздік жəне таза бостық түрінде қарастыратын екі түрлі парадигма 
бар. Біз бірінші нұсқаны негізге ала отырып, зерттеу обьектімізге қатысты 
екінші модельді таңдап аламыз. Осыған байланысты оны материалдық жəне 
идеялдық түрде қарастыратын көзқарастар бойынша аналогиялық түрде 
əлдене мен Бейболмыс ретінде таразылауымызға болады. 
Сондықтан Хаос туралы түсініктің даму эволюциясын біз шарты түрде 
мынадай кезеңдерге бөліп көрсетуімізге болады: 1) мифологиялық хаос; 2) 
мифохаостың философиялық жəне алғы ғылыми деңгейі (б.э.б 5 - б.э.1ғғ); 3) 
хаостың креационизмдегі бостық сипаты (б.э.1ғ-б.э.10ғ); 4) Хаостың ғылыми 
жаратылыстық негізделуі (ХІХ-ХХ ғғ); 5) Хаостың қазіргі заманғы 
жаратылыстану концепцияларындағы философиялық аспектісінің ұсынылуы 
(ХХ-ХХІ ғғ.). 
Мифологиялық хаостың генезисі көне дəуірлердегі Египеттік
Вавилондық, Үнділік, Қытайлық жəне Гректік дүниетанымдардан 
туындайды. Хаостың мифтік дəуірдегі қызметі – енжар алғы бастау мен 
белсенді креативтік қуаттылық бойынша нақты екі парадигмаға тоғысады. 
Көне Вавилондықтар мен ассириялықтардың «Энума элиш» (б.э.б. ІІ-І 
мыңжылдықтар) туындысында, құдай Мардук алғашқы Хаосты пайдалана 
отырып, əлемді қалыптастырып шығарғандығын жəне көне шумерлердің 
хаосты жаратушылық рольге қатысты қолданғандығын атап көрсетуімзге 
болады. Көне Египеттегі алғашқы хаостың теңіз түріндегі формасынан 
туындаған əлемнің генезисі ұсынылады. Ал көне Үнділік веда мəтіндерінде
хаостың алғашқылығы мен одан кейін əлемнің құрылуы үшін барлық 
элементтердің қатынасуы, олардың бейберекетсіздікте болып, кейіннен 
болмыстың алуандығы бойынша дифференциацияланғандығы көрсетіледі. 
Жаратылу мен пайда болудың осы персонажы, сəйкесінше, көне Қытайлық 
мифосюжеттерден де көрініс береді. Ол Қытайлық даосизм ілімімен 
жалғасын табады. Дао хаостан кейінгі, əрі хаостың өзі, əрі Бейболмыс 
түрінде интеграцияланады. Көне Грециядағы мифотуындылардың бірі 
Гесиодтың «Теогониясында» да Хаос бастапқы мəнді түсіндіру мен 
космогенездің субстраты ретінде бағаланады. Космогенездегі мифохаостық 
субстрат – таза трансцендециялды айқынсыздықты, кейде əлденеге дейінгі 
бір нəрсе екендікті, түп бастаудың ең алғашқысы болып табылатындықты, 


бейберекетсіздік пен абсолютті болмауды, белсенділік пен бейтараптылықты, 
əлемнің материалы мен қатысушы жақты т.б. білдіретін көпмəнді 
Бейболмыстық-болмыстық сипатты маңызды жақ ретінде тұжырымдалады. 
Оның ең айқын процесс ретіндегі көрінісі – космогенездегі «хаостан 
болмысқа ұмтылу тенденциясының» моделіндегі алғашқылық. Дегенмен, 
мифохаостың бұл қызметі де хронологиялық əрбір дəуір мен əрбір халықтық 
дүниетанымның архаикалық ойлау стильдерінің спецификасына байланысты 
құрылады. 
Яғни, мифохаостың бұндай прологикалық-мистикалық сюжеттерінен 
теориялық 
тұжырымдама 
туындамағанмен, 
əдіснамалық 
жобалар 
туатындығы сөзсіз. Сондықтан мифтегі хаостың жалпы концептуалдық 
деңгейіндегі Бейболмыстық сипаттың көрінісіне тоқталар болсақ:
-
Ең түпкі бастаудың бастауы түрінде болмыссыздыққа алып келетін 
Хаосты түрлендірудің фантасмагориясын байыптауымызға болады;
-
Хаос – таза Бейболмыстық емес, Бейболмыстың əлденелік, яғни, 
қазіргі ғылыми жаратылыстану түсініктері бойынша жүйесіздік 
қызметін атқарады;
-
Хаос таза абсолютті бостық түрін иелену үшін – айқынсыздық, 
белгісіздік, анықталмайтындық, жаратушылық, бастапқылық т.б. 
қасиеттерді жамай отыра, материалдық та, рухани да болмыс болып 
табылматын сакральдылық пен ұлылықты құрайды;
-
Космогенездің асқақтығы мен трансцендентальдылығын ұлғайту 
үшін қажетті субьект, əрі тылсымдық парадигмасын орнату үшін 
қажетті жақ, түпкі болмыстың туындауының субстраты болмыс пен 
əлдене болмас үшін қажетті мəн, құдайлар мен құдай типтес
жаратушылар үшін қажетті «материал»;
-
Бейболмыстың космогезенездегі ең алғашқы туындаған моделі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет