бастапқының бастапқысы, ең түпкі бастапқыны бідіретін
субстрат.
-
Əрбір мифтегі хаостың түпмəні символдық-образдық түрде
құрылғандықтан экспликациялау мен мифсіздендіруді
қажет ететін
тылсым көпқызметті феномен;
Хаостық, бостық ұғымдарының эволюциясы
теологияда Бейболмыс
түсінігінің шеңберіне жинақталады. Бұнда да Ештеңе мен Бейболмыс бірін-
бірі еркін алмастыратын синонимдер типтес таза адекватты ұғымдар болып
құрылады. Яғни, аталған теологиялық концециялар
мен діндердің рухани
көздерінің барлығы да бастапқылық ретінде Бейболмысты орталық түсінікке
шығарады.
Креционизмдегі бұл мəселенің күрделілігі екі жазықтықта қатар
қарастырылатын Бейболмыстың мəніне қатысты. Мəселен, Құдайдың əлемді
Ештеңеден, яғни, Бейболмыстан жаратуы
мен құдайдың Бейболмыстық
сипатқа өтуі. Демек, жарату актісіндегі болмысқа матариал ретіндегі
бастапқы жоқтық жəне трансценденциялдығы
арқылы көрінетін құдайдың
Бейболмысы. Бұл проблема космогенездегі Хаос түсінігін де қатыстырып,
Бейболмысты үш түрлі парадигмада қатар зерделеуді қажет етеді.