67. Модернизм. Модернизмнің қазақ әдебиетінде даму ерекшелігі. Қазақ әдебиетінде модернистік рухта жазылған шығармалар. Модернизм - (французша modern - жаңа, қазіргі, дәстүрге қарсы) – ХХ ғасырда көркем шығармашылықтың жаңа моделі ретінде көрінді. Модернизм - буржуазиялық әлем дағдарысының
және олардың қалыптастырған сана типін белгілеген 20-ғ. әдебиет пен өнердегі философиялық-эстетикалық көзқарас. Модернизмнің философиялық және психологиялық негізіне А.Бергсонның интуитивизмі, Ф.Ницшенің философиясы, З.Фрейдтің психоанализі, К.Т.Юнгтің аналитикалық психологиясы, М.Хайдеггер, Ж.Сартрдың, К.Ясперстың, Н.Бердяевтің
экзистенциализм концепциясы енді.Модернизмде адам - өзі танып білмеген жауыздық күштің
құрбаны, ол оның тағдырын қалыптастырады. Модернизмде бірыңғай, бірдей поэтика жоқ, ол алдына ондай мақсат қойған да емес. М.Пруст шығармашылығында («В поисках утраченного
времени») «сана ағымы», психологиялық хаттар мен баяндаудың күрделі формалары, Д.Джойста («Улисс») мифологияның ерекше детализациямен байланысы көрінеді. Ф.Кафка прозасында
(«Процесс», «Замок» новеллалары мен тәмсілдері) модернизм поэтикасы түстер мен абсурд эстетикасы арқылы айқындалады. Кафканың Прусттан ерекшелігі - стилінің қарапайымдылығы
мен нақтылығында.
Модернистік әдебиеттің негізі қоғамдағы ықпалды тенденциялар мен тұлғаның рухани тәжірибесінің терең және қарсы тұру мүмкін еместей алшақтағаны деген сенімнен тұрады. Қоғамнан, өмірден, қоршаған ортадан адамның күшпен алшақтануы, әрбір тұлғаның өмір сүруден суынуы. Осы әлемнің абсурдтығын өздерінің танымымен көре білуі т.б. тұрады. Франц
Кафка, Джеймс Джойс, Марсель Пруст сынды модернист-жазушылар шығармаларында белгілі жағдайда мистикалық сарын болғанымен, ХХ ғ. буржуазиялық қоғамның даму өзгешеліктерін, ерекшеліктерін ашып берді. Осы әлемнің абсурдтығын өз танымымен көре білді. Модернизм қазақ әдебиетінде қалыптасқан ұғымдағы бағыт дәрежесіне көтеріле алған жоқ.
Әлемдік әдебиет тарихында ол ХХ ғасыр басындағы бірқатар бағыттарда, тенденцияларда, әсіресе символизмде (оның ішінде орыс және француз символизмінде), неоромантизмде, импрессионизмде, абстрактиционизм т.б. көрінді. Модернизм белгілері – жазушының барынша ашық және еркін түрде өзін-өзі ашуы, көркем тілді барынша жаңартуға, жаңаша түлетуге ұмтылысы, өзіне жақын нақтылықтан гөрі алыс тұрған универсалды, мәдени-тарихи дүниеге назар аударуы. Осы қасиеттерімен модернизм классикалық реализмнен гөрі романтизмге анағұрлым жақын тұрады. Зерттеушілер романтизмэстетикасынан поэтикалық екіұдайылық пен қосәлемділік идеясын өзіне мұраға алған модернизмде суреткер идеалды әлем мен реалды әлемнің арасындағы қақтығыстың зардабын тартатынын» жазады. 68. М.Әуезовтің «Еңлiк-Кебек” трагедиясындағы образдар. Драмалық образдар мен лирикалық образдардың айырмашылықтары, негізгі белгілері. Мына үзіндіде Абыз монологы оның образын ашуда қандай қызмет атқаратынын тұжырымда. 69. Көркем бейне жасаудағы ішкі монологтың көркемдік қызметі.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романында кейіпкерлерінің ішкі рухани әлемін, табиғатын танытудағы ішкі монологтың рөлі. Романның «Мұқаш» деген тарауындағы кейіпкер портреті. Ішкі монолог - кейіпкердің көзқарасын, дүниетанымын, мінез ерекшелігін танытудың, адамгершілік әлеміне енудің қолайлы және ең жиі кездесетін психологиялық амалы. Ол шығармада адамның психологиялық құбылыстарын, ішкі жан дүниесін ашып, характер сомдауда сүбелі үлес қосады. Ішкі монолог арқылы суреттеліп отырған кезең мен дәуірдің тынысын да аңғарамыз. Ішкі монологты басты психологиялық бейнелеу құралдарының бірі ретінде қарастырған Г.Пірәлиева оған төмендегідей анықтама жасайды: «Ішкі монолог – (іштей ойлау, кейіпкердің өзін-өзі саралауы, ой ағысы) адам психологиясының ішкі иірімдерін, күрделі де терең ойлау жүйесін, сана мен сезім арпалыстарын ашу. Ішкі монологтың көркемдік қызметі-адам жанының сырт көзге байқала бермейтін ішкі «қоймаларын», құпия-қалтарыстарын, жұмбақ сырларын шынайы да сенімді түрде бейнелей білу».Қазақ әдебиетінде тұтастай ішкі монологқа құрылған шығармалар қатарына М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі»,Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романын жатқызуға болады. М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» – осы тұстағы қазақ прозасының қазанына үлкен көркемдік олжа әкелген ерен аңсарлы дүние. Суреткердің адам болмысының, оның ішінде әйел табиғатының күрделілігін, қайшылығын және жұмбақтығын: тұлғаның бір мезгілде асқақ арман биігіне көтеріліп, күнделікті күйкіліктің қалыбынан шыға алмау қабілетін, діндар және күнәһар,мейірімді әрі қатігез бола алатынын бейнелеуі негізгі шығармашылық нысанға айналды. Бастан-аяқ Шолпанның ой толғанысына, монологқа құрылған әңгімеде оқиға желісі мен кейіпкерлер характері соның көзімен, ойы мен санасындағы «таластан» сомдалады. «Еркек атаулы бала дегенде, ішкен асын жерге қойғанда, Сәрсенбай неге бала деп аузына алмайды? Әлде... әлде... жоқ... болмас... болмас... кім біледі... жоқ... ендеше ол неге бала іздемейді. Неге... неге... шынында ол, әлде бедеу еркек пе екен? Тәңірім, Тәңірім... егер ол шынында, ол бедеу болса... құлшылықтың кемдігінен, құшақтың салқындығынан болмай, Сәрсенбайдың бедеулігінен болса» деп толғанған Шолпан –жалғыз және сырымен жан адаммен бөліспейді, жары да, көңілдесі де оның жан дүниесінде не болып жатқанымен шаруасы жоқ, оның іс-әрекетінің нағыз сырын түсінбейді. Шығармада Шолпан мен Сәрсенбайдың арасында диалог жоқ, олар өзара сөйлеспейді. Тығырықтан шығар жол таппаған әйелдің қасіреті оның ішкі сөзінде жатыр. Жалғыздық дертіне душар болған Шолпанның серігі – ойы. Сәрсенбайдың ойы Шолпанға да, оқырманға да жұмбақ.