9 емтихан билеті



бет2/3
Дата29.09.2023
өлшемі30,03 Kb.
#111683
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
9-12

Күтетін нәтиже:

  • оқу үрдісінің жүзеге асырылуына оқушылардың мотивациясын көтеру;

  • өзіндік жұмыс элементтері негізінде өзіндік жұмысқа бақылау,бейімдеу қабілеттерін дамыту;

  • өз бетімен шығармашылық түрде ойлауды дамыту;

  • болашақ кәсіби маман болатындығына септігін тигізу.

2. Пәнаралық байланысқа негіздеп, төменде ұсынылған стандартты емес сабақ түрлерінің кез келгенін дайындаңыз: сабақ-семинар, сабақ-диспут, сабақ-конференция немесе т. б.

    1. илет 2ші сұрақ

3.Ылғалды климат аймағында орналасқан өндірістік орталықтар атмосфераны қатты ластайды. Неліктен?

12 ЕМТИХАН БИЛЕТІ




  1. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың іргелі ғылымдарға танымдық қызығушылығын дамытуға дайындау технологиясын құрастырыңыз.

Кəсіптік-педагогикалық білім беру саласының қоғамның дамуындағы қазіргі заманғы маңызды білім беру тенденцияларын жүзеге асырудағы жауапкершілігі – үздіксіз білім беру жағдайында жастарды өмірге дайындаумен тығыз байланысты. Білім беру саласындағы маңызды орынды – əрдайым білікті, құзырлы, оқушылардың оқуға қызығушылығын дамытуға қабілетті, оқыту жəне тəрбие беру құралдарының барлық арсеналын меңгерген мұғалім-педагог иеленеді. Қазіргі таңдағы талапкерлердің мамандықтарды таңдау қорытындылары бойынша болашақ мұғалімдерді оқушылардың жаратылыстану-ғылыми циклдегі пəндерге танымдық қызығушылығын дамытуға дайындау қажеттілігі туындауда [3]. Оқушылардың оқу шығармашылығына мотивациясын дамыту қазіргі заманғы мектептің өзекті мəселелерінің бірі болып табылады, сонымен бірге іргелі ғылымдарға танымдық қызығушылықты дамыту барлық оқыту-тəрбиелеу үдерісінің аса маңызды мəселесіне айналуда. Қызығушылықтың маңыздылығы туралы Ж.Ж. Руссо былай деген: “Қызығушылық – дұрыс жəне ұзаққа апаратын жалғыз ұлы қозғалтқыш”.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үдерісін ұйымдастыруда мұғалімнің практикалық білімдері мен біліктілігінің деңгейі ЖОО студенттердің кəсіптік-педагогикалық дайындығына тəуелді. Болашақ мұғалім жал- пы білім беретін мектеп оқушыларының іргелі ғылымдарға танымдық қызығушылығын дамытуға дайындығы болуы үшін жоғары оқу орнында арнайы ғылыми негізделген технологияны меңгеруі қажет. Болашақ мұғалімдерді кəсіптік дайындаудың мақсаты – олардың кəсібипедагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардыңтанымдыққызығушылығындамыту үдерісінің практикалық шығармашылығымен байланысты маңызды стратегиялық бағытымен байланысты мəселелерді тиімді шешуге қабілеттілігін қалыптастыру.
Бірақ педагогикалық ЖОО бұл мəселені шешуде, яғни болашақ мұғалімдерді оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға дайындау мақсатында білім беру үдерісінің барлық мүмкіндіктерін толық түрде жүйелі пайдаланбай жүргендігі белгілі. Осыған байланысты болашақ мұғалімдерді оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға кəсіптік дайындау үдерісін модельдеу жəне оны жүзеге асырудың тиімді шарттарын анықтау қажеттілігі туындайды. Қазіргі таңғы педагогикада білім беру үдерісінің мазмұны жəне процессуалды құраушыларының бірлігі туралы түсінігі қалыптасты: мақсаты, əдістері, мазмұны, оқыту тəсілдері жəне түрлері. Білім беру үдерісінің процессуалды жəне мазмұнды бөліктері бірін-бірі адекватты түрде бейнелеп отырады. Олардың арасында маңызды дидактикалық амал оқу материалы болып табылады. Оқу материалы білім беру мазмұнын анықтауда, білім беру үдерісінің процессуалды бөлігінде жəне олардың бірігіп жүзеге асырылуында маңызды рөл атқарады [4,5,6].
2.Пәнаралық байланысқа негіздеп, төменде ұсынылған стандартты емес сабақ түрлерінің кез келгенін дайындаңыз: сабақ-дәріс, сабақ-жарыс, сабақ-сайыс немесе т. б.
Жауабы жоғарыда 10 билеттің 2ші сұрағы
3.Құрғақшылық пен құрғақ жел кезінде егінді өлімнен құтқару үшін егістіктерде ылғалды қалай сақтауға болады?

1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет