Лекцияның оқыту нәтижелері: 1 студенттер биологиялық объектілерде, оның ішінде адам ағзасында өтетін физикалық қасиеттер мен физикалық процестер туралы жүйелі білімдерін қалыптастырады
2. Диагностикалық зерттеулер кезінде өлшенетін шамалардың (механикалық, жылудық немесе акустикалық) табиғатын ажырата алады
3. Биологиялық объектілердің әртүрлі физикалық және механикалық сипаттамаларын анықтау әдістерін талдай біледі.
Лекция мақсаты мен міндеттері:Электрокардиография және оның құрылысы мен талдау ретімен танысу.
Лекция мазмұны: Электрокардиография — бұл жүрек жұмысы кезінде туындайтын электр өрістерін зерттеу және тіркеу әдісі. Электрокардиография кардиологияда қолданылатын электрофизиологиялық аспаптық диагностика әдісі болып табылады.
Электрокардиографияның нәтижесінде электрокардиограмма алынады. Электрокардиограмма (ЭКГ) — жүрек жұмысы нәтижесінде туындайтын және дененің бетінде жүргізілетін потенциалдар айырмасының графикалық көрінісі.
Электрокардиограф (грек. kardia - жүрек, grapho - жазамын) - адамның немесе жануарлардың жүрек қызметінде болатын электр құбылыстарын жазып алатын аспап.
ЭКГ-да негізінен 5 тізшені ажыратуға болады: P, Q, R, S, T. Кейде U толқынын да байқауға болады. P тізшесі жүрекшелер миокардының қозу үрдісін көрсетсе, QRS кешені — қарыншалар систоласын, ST сегменті және T тізшесі қарыншалар миокардының реполяризация үрдісін көрсетеді. U тізшесінің түзілу табиғаты жайлы зерттеушілердің көрқарастары ажырайды. Бірқатары осы тізшенің түзілуі папиллярлы бұлшық еттердің немесе Пуркинье талшықтарының реполяризациясымен сипатталады деп есептесе, басқалары – диастола кезінде миокард жасушаларына калий иондарының кіруіменен байланысты деп есептейді. Реполяризация үрдісі (Repolarization) — жасуша мембранасынан әрекет потенциалы өткеннен кейінгі осы мембрананың тыныштығының бастапқы потенциалы қалпына келу фазасы.
Электр потенциалдары теріс зарядқа иеболған, қозған ет талшықтары мен оңзарядты қозбаған ет талшықтарыарасындағы электр айырмашылығы.
Электрокардиография жүректің қызметінзерттеуде ең тиімді және сенімді әдіс болыптабылады. Ол ауыру сезімінсіз, алдын аладайындықсыз, тез арада нәтижесін алуғамүмкіндік беруші әдіс. Бұл әдіс арқылыскрининг жүргізуге, жүректің туа жәнежүре пайда болған ақаулары,функционалдық қызметі жайлы анықақпарат бере алады. Сондықтан, кеңқолданылатын әдіс болып табылады.
Электрокардиографтың құрылысы: