9-модуль. ҚАрым-қатынас психологиясы және тұЛҒА 9-ДӘріс. ҚАрым-қатынас процесінің психологиялық ерекшеліктері


«Қандай да бір келеңсіз оқиғаның болу ықтималдығы болса, онда ол міндетті түрде болады»



бет2/3
Дата15.11.2023
өлшемі20,63 Kb.
#123053
1   2   3
«Қандай да бір келеңсіз оқиғаның болу ықтималдығы болса, онда ол міндетті түрде болады» деген Мерфи заңы бар. Адам өмірінде қарым-қатынас үнемі біртекті бола бермейді. Қоршаған ортадағы адамдардың көңіл-күйі әсер ете, Сіз өзіңізді және өзгені бағалау, достық және махаббат, құрмет және сүйіспеншілік арқылы көзқарас қалыптасады.
Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-құлықтарының зандылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы. Қарым-қатынас – тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады.
Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде қарым-қатынас мәселесі шешендік өнер, эвристика және диалектика саласында зерттелді. И.А.Зимняяның айтуынша қарым-қатынас XX ғасырдағы жаңа мәселе.
Қазіргі кезде қарым-қатынас мәселесі философия, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология салаларында кеңінен қарастырылған. Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi: адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар.
Әлеуметтік психологтар біртұтас қарым-қатынас процесінің (Б.Д. Парыгин, Г. М. Андреева) үш бағытын немесе қызметін бөледі:
-комуникативті (ақпарат беру, алу және алмасу);
-интерактивті (өзара әрекеттесу);
-перцептивті (қабылдау, түсіну және өзара түсіністік).
Қарым-қатынастың пән саласының құрылымы қарым-қатынас терминінің келесідей белгілі мағыналарына байланысты:
-бірлестіру, ортақтық пен тұтастықты құру;
-хабарлама беру, вербалды және вербалды емес ақпаратпен алмасу;
-өзара түсіністікке ықпал ететін әрекет.
Қарым-қатынастың келесі аспектілері болады:
1) Қарым-қатынастың мазмұны дегеніміз ол – адамның ішкі мотивациялық немесе эмоционалдық күйі туралы мәліметтер болу мүмкіндігі;
2) Қарым-қатынастың мақсаты дегеніміз ол – адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің пайда болуы;
3) Қарым-қатынастың әдіс – құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар.
Оған қоса, қарым-қатынас ұғымы, өзара әрекеттесудің тұлғааралық сипатын көрсетіп қана қоймай, нәтижесінде қарым-қатынас қатысушыларының арасында психологиялық байланыс орнайтын ерекше қызмет түріне жатады.
Осылайша, адамдардың байланысы мен өзара әрекеттесуге түсуінің нәтижесінде қалыптасатын қатынастың психологиялық бояуы тұлғааралық қарым-қатынастың маңызды сипаттамасы болып табылады.
ІІ. Психологияда адамдар арасындағы қарым-қатынастың үш негізгі түрі бар: императивті, манипуляциялық және диалогтық.
Императивті қарым-қатынас (лат. imperativus — бұйрықты, таңдауға рұқсат етілмейтін) — бұл, әдетте, коммуникациялық серіктеске авторитарлық (күштік) әсер ету нысаны.
Оның басты мақсаты – бірін-бірі серіктесіне бағыну, оның мінез-құлқына, ойларына бақылау жасау, сондай-ақ белгілі бір әрекеттер мен шешімдерді мәжбүрлеу. Бұл жағдайда, серіктес бақыланатын механизм ретінде, әдетте, пассивті жақ ретінде әрекет етеді.
Сонымен бірге, серіктесті мәжбүрлеу жасырылмайды және ықпал ету бұйрығы ретінде бұйрықтар, қаулылар, шешімдер, талап-тілектер мен қорқытулар пайдаланылады, ал олардың орындалмау нәтижелері жазалау, қоғамдық сөгіс болып табылады.
Манипуляциялық қарым-қатынас (латынша manipuler – манипуляция жасау императивтіге ұқсас). Оның басты мақсаты, сондай-ақ қарым-қатынас серіктесіне әсер ету болып табылады, бірақ сол уақытта ол ниет жасырын, камуфляжданады.
Манипуляция, императивтік тәрізді басқа адамның ойы мен жүріс-тұрысын бақылауға қол жеткізуге деген ниетін біріктіреді. Айырмашылығы, тек манипуляциялық қарым-қатынаста әңгімелесетін серіктесі шынайы ниеті туралы хабардар етпейді, әдетте, оның қалтарыста мақсаты болады және бопсалау, қорқыту, құндылықтарды алмастыру, басқалармен қақтығысу немесе өтірік ниет білдіру, жағымпаздық, фактілерді жасыру, жалған айту және т.б. тәрізді кір әсер ету технологияларын пайдаланып жатады.
ІІІ. Достық пен жақсы қарым-қатынасты көптеген адамдар армандайды. Басқа адамдармен жылы байланыс бақытты сәттерді әкеледі және қиын уақытта көмектеседі деп ойлайды. Өкінішке орай, біз адамдармен ортақ тіл таба алмаймыз, тіпті қалыпты қарым-қатынас жасай алмаймыз! Мұндай адамдармен сөйлескеннен кейін ашу, ыза, жеккөрініштер пайда болуы мүмкін.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың психологиясы қандай? Топта, ұжымда, тіпті өз таныстарыңызбен және достарыңызбен қалай жақсы қарым-қатынас орнатуға болады? Жаңа достарды оңай тауып, ескісін жоғалтпауға қалай үйренуге болады?
Достық рахат әкелетін жақсы қарым-қатынас құру және түсіну үшін алдымен ӨЗІҢДІ түсінуің керек.
Әркім өзінің мақсат-мұратына қарай дос-жарандар табады, яғни тең теңдігін табады. Нағыз достық, адамдармен жақсы қарым-қатынас – бұл үлкен ләззат және ол ешқашан қарым-қатынаста қиындықтар тудырмайды.
Кейбір адамдар мұндай жақсы қарым-қатынасты өздері жасайды. Егер сіз күткендей қарым-қатынас болмаса, ол үшін ренжімеуіңіз керек, мұндай жағдайлар өмір сүруге үйретеді.
Интернет арқылы байланыс–бұл виртуалды қарым-қатынастың, физикалық қарым-қатынастан айырмашылығы неде? Сіз адамды физикалық тұрғыдан сезінесіз, мысалы, қолмен амандасып, иықтан құшақтап немесе қолыңызды тигізу арқылы.
Мұндай байланыстар қарым-қатынасты жеңілдетеді, әңгімелесушіні жақсырақ түсінуге көмектеседі. Интернет арқылы байланыс Skype, Viber немесе Facebook қосымшалары арқылы бейне чат арқылы жүзеге асырылады. Ал жанды байланыс нақты орындарға, тағайындалған немесе кездейсоқ кездесулерге бару арқылы жүзеге асырылады.
Интернет байланысы тағы қандай себептермен жанды байланыстан айырылып қалады? Интернет арқылы басқа адаммен байланыс орнатуға арналған бағдарламалық құралдар жақсы дамығанына қарамастан, виртуалды шындық әлі де сіздің экраныңызда қалады және сіз басқа адаммен үлкен қашықтықта сөйлескен кезде толық әсер ала алмайсыз.
Бұл жасанды, робот болып көрінеді, сондықтан сіз компьютердің мониторымен анықталмайтын нәрсенің болмауын сезініп, екінші жағынан адаммен байланыс таба алмайтын шығарсыз.Тікелей байланыста не бар? Бетпе-бет сөйлесу жанды әрі қызықты.
Сіз адаммен ішкі күйін сөйлесу кезінде тани аласыз, мүмкін дос немесе серіктес бола аласыз. Адаммен жанды қарым-қатынаста ортақ мүдделерді табу.
Мұның бәрі интернет байланысында жоқ. Қазіргі заманғы технологияларда оны онлайн-чат арқылы сөйлесу үшін керемет болуы мүмкін, бірақ кейде сізді қанағаттандыратын ойыңызды толық жеткізетін жанды қарым-қатынас орындалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет