Глюкокортикоидтардың қабынуға қарсы әсері олардың қабыну медиаторларының түзілуіне, тамырлық компонентке және де қабынуға қатысатын жасушаларға әсеріне байланысты. Глюкокортикоидтардың әсерінен ұсақ қан тамырлары тарылады және сұйықтың экссудациясы азаяды. Қабынған ошақта лейкоциттердің жиналуы азаяды, макрофагтар мен фибробластардың белсенділігі төмендейді. Простаноидтардың, лейкотриендердің және тромбоциттерді активтейтін фактордың синтезі азаяды. Соңғы әсері фосфолипаза А2 тежелуіне байланысты. Бұл жағдайда стероидтар тікелей әсер етпейді. Яғни олар аталған ферментті тежейтін арнайы белоктар липокортиндер биосинтезін лейкоциттерде күшейтеді.
Преднизолон - синтетикалық глюкокортикоидты препарат, гидрокортизонның сусыздандырылған аналогы. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессиялық әсері бар, бета-адренорецепторлардың эндогенді катехоламиндерге деген сезімталдығын арттырады. Қабынуға қарсы әсері эозинофилдердің және жуан жасушалардың қабыну медиаторларының босап шығуын бәсеңдетуіне; гиалурон қышқылын өндіретін липокортиндердің түзілуін индукциялау және жуан жасушалардың санын азайтумен; қылтамырлардың өткізгіштігін азайтумен; жасуша жарғақшаларын (әсіресе лизосомальды) және органелл жасушаларын тұрақтандырумен байланысты; Қабыну үдерісінің барлық сатысына әсер етеді: арахидон қышқылы деңгейінде простагландиндердің (Pg) синтезін тежейді, (липокортин фосфолипаза А2-ні бәсеңдетеді, арахидон қышқылының либерациясын басады, қабыну үдерісіне, аллергияға ж.б. ықпал ететін эндогендік асқынтотықтардың, лейкотриендердің биосинтезін тежейді), "қабыну цитокиндерінің" (интерлейкин 1, альфа ісіктері некрозы факторы ж.б.) синтезін тежейді; жасуша жарғақшаларының әртүрлі зақымдаушы факторлардың әсеріне төзімділігін жақсартады.
Қабынуға қарсы стероидты емес заттарға циклооксигенезаға тежегіш әсер көрсететін және сол арқылы простаноидтар биосинтезін төмендететін заттар жатады. Циклооксигеназа-1 (ЦОГ-1) қалыпты жағдайда өндіріледі және организмде простаноидтар түзілуін реттейді. Циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) өндірілуі едәуір дәрежеде қабыну үдерісімен ынталанады. Қабынуға қарсы стероидты емес заттардың көбі қабынуға қарсы, анальгетикалық және ыстықты түсіретін әсер көрсетеді.
Ибупрофен – қабынуға қарсы стероидты емес дәрі. Ауыруды басатын, қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін әсері бар.
Циклооксигеназаны тежейді және простагландиндер биосинтезін бөгейді. Ауыруды басатын әсері қабыну қарқындылығын азайтуымен, брадикинин өндірілуінің төмендеуімен және әсерінің әлсіреуімен байланысты; қабынуға қарсы әсері қабыну патогенезінің түрлі топтарына әсер етуімен байланысты (тамырлардың жоғары өткізгіштігі қалпына келеді, микроциркуляция жақсарады, гистаминнің, брадикининнің және басқа да қабыну медиаторларының босап шығуы төмендейді, АТФ түзілуі тежеледі, бұл қабыну үдерісінің энергиямен қамтамасыз етілуінің төмендеуіне байланысты); ыстықты түсіретін әсері аралық мидың жылу реттейтін орталығы қозғыштығының төмендеуімен байланысты. Тромбоциттер агрегациясын қайтымды тежейді.
СБЖ кезінде артериялық гипертензияны емдеу? Препараттардың әсер ету механизмі, жанама әсерлері.
Дәрілік нефропротекциялық емнің негізін ренин-ангиотензин жүйесінің жұмысын
шектейтін — ААФ ингибиторлары және БРА заттары құрайды. Гипотензиялық препараттардың қосымша топтары: бета-блокаторлары, кальций өзекшелерінің блокаторы. Созылмалы бүйрек ауруларының 4–5-сатыларында ілмектік диуретиктерді тағайындау (фуросемид). Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі АҚ-ның мақсатты деңгейі ≤140/90 мм сын.бағ., микроальбуминурия/ протеинурия кезінде ≤130/80 мм сын.бағ. құрайды. Дәрілерді таңдау барысында шумақтық фильтрация жылдамдығын (ШФЖ) ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |