9 НҰСҚа арапрв Сержан 3-011 топ ом тақырыбы: «Жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі синдромының фармакотерапиясы»


Препараттардың әсер ету механизмі



бет4/5
Дата05.05.2023
өлшемі24,69 Kb.
#90547
1   2   3   4   5
Байланысты:
СРСП Сапар Б. 3-011 ОМ (копия)

Препараттардың әсер ету механизмі:
Эналаприл – АӨФ тежегіштері тобындағы гипертензияға қарсы препарат. Эналаприл «ізашар дәрі» болып табылады: оның гидролизі нәтижесінде АӨФ-ті тежейтін эналаприлат түзіледі. Оның әсер ету механизмі І ангиотензиннен ІІ ангиотензин түзілуінің кемуімен байланысты, оның мөлшерінің төмендеуі альдостерон бөлінуінің тікелей азаюына апарады. Бұл орайда жалпы шеткергі қан тамырлық қарсыласу, систолалық және диастолалық артериялық қысым (АҚ), миокардқа түсетін кейінгі және алдыңғы жүктеме төмендейді.Артерияларды, көктамырларға қарағанда, көп дәрежеде кеңейтеді, бұл орайда жүректің жиырылу жиілігінің рефлекторлы артуы білінбейді. Коронарлы және бүйректік қан ағымын күшейтеді.
Жағымсыз әсерлері:
Эналаприл- тұтас алғанда, жақсы көтеріледі және көпшілік жағдайларда препаратты тоқтатуды талап ететін жағымсыз әсерлер туғызбайды.
- артериялық қысымның шектен тыс төмендеуі, ортостатикалық коллапс, сирек – төс артындағы ауыру, стенокардия, миокард инфарктісі (әдетте, айқын АҚ төмендеуімен байланысты)
- бас айналу, бас ауыру, әлсіздік, ұйқысыздық, үрейлену, сананың шатасуы, қатты қажу, ұйқышылдық, жүйкенің тозуы, парестезиялар, депрессия
- бүйрек қызметінің бұзылуы, протеинурия
- гиперкреатининемия, мочевина мөлшерінің артуы, «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, гипербилирубинемия, гиперкалиемия, гипонатриемия, гематокриттің төмендеуі, эритроциттердің шөгу жылдамдығының (ЭШЖ) жоғарылауы, тромбоцитопения, нейтропения, агранулоцитоз (аутоиммундық аурулары бар науқастарда), эозинофилия


Верапамил - кальций антагонисі болып табылады, жүрек және тамырлардың тегіс бұлшықеттерінің жасушаларындағы кальций иондарының трансжарғақшалық ағынын бөгейді. Миокард жасушаларындағы метаболизмнің энергетикалық шығын үдерісіне әсері және кейінгі жүктемені азайту есебінен миокардтың оттегі қажеттілігін тікелей азайтады. Препараттың антигипертензиялық әсері рефлекторлық жауап ретінде жүрек жиырылу жиілігі артуынсыз шеткергі тамырлардың қарсыласуы төмендеуімен негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет