9-сынып. №1 бжб. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған «Атадан қалған асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқылатын шығарма



Дата23.09.2024
өлшемі22,13 Kb.
#145224
Байланысты:
9-сынып әдебиет 1-тоқсан №1 БЖБ


9-сынып. №1 БЖБ. 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқылатын шығарма: Ж. Баласағұн «Құтты білік»; «Мөңке бидің айтқаны»
Оқу мақсаты: 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану. 9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;


1-тапсырма. Автордың адам бойындағы құндылықтарды не жоятыны туралы берген түсініктемесін оқи отырып, өз нұсқаңызды жазып көріңіз.

Жүсіп Баласағұнның ойы

Сенің ойың

  • біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді;

  • екіншісі – достық, оны күншілдік бұзады;

  • үшіншісі – ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;

  • төртіншісі – жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін;

  • бесіншісі – бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді.

  • біріншісі- ақыл, ...




  • екіншісі- достық, ...




  • үшіншісі- ұят, ...





2-тапсырма. Мөңке бидің шешендік сөзінде кейіпкерлерді 1-2 сөйлеммен сипаттап жазыңыз. (Асты сызып көрсетілген кeйіпкeрлердің сипаты қандай? Ол қандай адам? Үзінді бойынша автордың айтайын деген ойы қандай?)

Үзінді

Кейіпкер сипаты

Автор идеясы

Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады.











Бағалау критерийі



Дескриптор

Балл

Білім алушы

автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады

1

үзінді бойынша өз нұсқасын жазады;



5

көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды.

2

кейіпкер сипатын жазады;

3

автор идеясын анықтайды.

2

Барлығы

10


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет