9 сынып Қазақ әдебиеті 1БЖБ
Оқылатын шығарма:Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы,
Оқу мақсаты: 9.1.3.1 көркем шығарма кейіпкерлер жүйесін анықтау;
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып,шығармашылық
жұмыс жазу
Бағалау критерийі: Білім алушы
1. Шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды;
2.Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минуларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 мину
1-тапсырма. Екі түрлі түсіндірме күнделігі арқылы ақын ойын өлең
шумақтарымен немесе қара сөзбен жалғастырып жазыңыз.Автор стиліне
сүйеніңіз.
Үзінді
Үзінді туралы пікір
«Тек әуелі жан түкпірінен
Айрауықтың ащы күйіндей
аңыраған бір азалы сарын бас
көтеріп келе жатқанын ғана
байқаған. Сәлден кейін сол бір
өзегін өртеп, өн бойын
шымырлатқан азалы сарын
тұрлаусыз мына жалғанның
опасыздығын паш етіп, бастарынан
кешкенді қара қобызбен кейінгіге
күңірене толғаған бағзыдағы
бабалардың өксік пен өкінішке толы
жыры мен зарына айналып, оқыстан
«А-а-ай-и-и-и»-лап, ышқынып,
мұның көкірегінен ал кеп
ақтарылсын-ай… тоқтаусыз
боздасын-ай!!!
— …А-а-ай-и-и-и!!!
Бұ қоныс жеті жұрттан қалған
қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Қазтуған, Асан қайғы, Орақ, Мамай,
Біз түгіл, солардан да қалған қоныс.
Бұ қоныс жеті жұрттың кеткен
қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ еткен қоныс.
Кәмелсіз қонған елін көп тоздырған
–
Қайырсыз осы секілді неткен
қоныс?!
Бидің алқымына әлдене кептеліп
қалғандай, лықсыған өксігін өзі әзер
тежеп тұр (Ішіндегі қара қобыз
қылғына қиқылдайды… ыңыранады
ышқынып!)
2-тапсырма
1-тапсырма.Н.Айтұлының өлең жолдарын оқи отырып, «Шығарманың
жаңашылдығы неде?» деген сұраққа жауап іздеңіз, кестені толтырыңыз. Дейін –
қазір – кейін» стратегиясы: Ақмола – Астана – Нұр-Сұлтан.
«Дейін»бөліміне осы күнге дейін Астана қаласына қандай пікірлер айтылып, баға
берілгендігін жазады.
- «Қазір»бөліміне оқушының тақырыптарды оқып,танығаннан кейінгі өз бағалауы
толтырылады. [5]
Ақмола кеше ғана басқа қала,
Айналды Бәйтеректі Астанаға!
Бақытым басымда тұр талай күткен,
Сеземін келмегенін оңайлықпен.
Алғысын жаудырады Елбасыға,
Болашақ бұл шардың тұрғындары.
Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап,
Ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді
Дейін
Қазір
Кейін
Дескриптор Балл Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады. 1 Шығармадағы кейіпкерге сипаттама береді; 1 кейіпкер қасиетін талдайды; 1 кейіпкердің маңызды әрекетін анықтайды; 1 кейіпкер бейнесіне қатысты қорытынды жасайды; 1 2 үзіндіні шығармашылықпен дамытып жазады; 1 автор стиліне сүйенеді; 1 өз көзқарасын білдіреді; 1 Өз ойын дәлелді жеткізеді. 1 Барлығы 8 балл