[Барлығы: 5]
19 (а) Металдық кристалдық тор құрамындағы иондар, атомдар және бос электрондар металдық байлансты заттарға ерекше қасиеттер береді. Металдық кристалдық торлы заттардың өзіне тән үш қасиетін сипаттаңыз.
i)_________________________________________________________________ [1]
ii)_________________________________________________________________ [1]
iii)_______________________________________________________________
[1]
19 (b) Көптеген металдар балқытқанда оңай араласып, біртекті қоспа түзеді, ол салқындағанда құйма түзіледі. Адамдар таза металға қарағанда олардың құймаларының қасиеттері пайдалы екенін байқаған. Мыстың құймасы қалай аталады және оның атымен аталған тарихи кезең?
____________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
19 (c) Массасы 73 г Са(ОН)2, Na2СО3 заттарынан тұратын қоспаны тұз қышқылымен өңдегенде көлемі 11,2л (қ.ж) газ бөлінді. Қоспадағы кальций гидроксидінің және натрий карбонатының массасын табыңыз.
[2]
19 (d) Металдар мен олардың физика-химиялық қасиеттерінің арасындағы ұқсастықты бағдаршамен көрсетіңіз.
[3]
[Барлығы: 10]
20 (a) Сабындар майдың сілтілік гидролизі нәтижесінде, сонымен қатар жоғары карбон қышқылдарының сілтімен немесе калий, натрий карбонаттарымен (гидрокарбонаттары) әрекеттесуінен түзіледі.
i) Сабынның алыну реакциясын жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
ii) Сұйық сабын мен қатты сабынның ерекшелігі қандай?
__________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
iii) Сабынның қолданылу салаларын жазыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
20 (b) Белгісіз Х органикалық заты жанғанда көмірқышқыл газын және су түзеді. Х заттың құрамында 81,8% көміртек атомы және 18,2% сутек атомдары бар. Заттың сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 22. Х затының формуласын және молекулалық массасын табыңыз.
[2]
20 (c) Х затының жану реакциясының теңдеуін жазыңыз.
[1]
[Барлығы:6]
ЖАУАПТАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |