9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті


Жалпы білім беретін мектептерге. ІІІ нұсқа



бет5/15
Дата27.03.2023
өлшемі135,14 Kb.
#76571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
?àçà? ò³ë³ ìåí ?äåáèåò³ (îðûñ ò³ë³íäå î?ûòûëàòûí ñûíûïòàð?à) Æàë

Жалпы білім беретін мектептерге. ІІІ нұсқа

1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.

Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері

Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі болып саналады. Бұл мереке

Орта

Азия

халықтарында

мыңдаған

жылдар

бойы

тойланып

келеді.

Ал

2010

жылдың 10 мамырынан




бастап

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас

Ассамблеясының 64-қарарына

сәйкес 21

наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып

белгіленді. Бас Ассамблея өзінің берген

түсініктемесінде «Наурызды

көктем

мерекесі

ретінде

3000

жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында,

Кавказда, Орта

Азияда және Таяу Шығыста 300

миллион адам тойлайтындығын»









мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мерекесін мәдени мұра тізіміне кіргізді.

«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.
Парсының «нау» сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшыраса да, мағынасы көп халықтың тілінде
сақталған. Шығыс жыл санағы бойынша, бұл мереке ирандықтардың жаңа жылы —
Наврузға жақын. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл
мерекені «Бәйшешек» не «Гүлнавруз», татарлар «Нардуган», бирмалық-

тар «Су мерекесі», хорезмдіктер «Наусарджи», буряттар «Сагаан сара», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп атаған. Қазақтардың Наурызды тойлау тарихын ұлы ақын Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында көшпелі халықтардың тарихымен ұштастырады. Бұл Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектерінде де кездеседі. Шығыс халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлағаны туралы деректер көп. Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған: әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған. Көне киімдерін тастаған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл күні кәрі-жас қуанады.Адамдар бір-біріне жақсы тілектерді айтады, татуласады.

Наурыздың дәстүрлі тағамы «Наурыз көже» туралы деректер өте көп. Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. Өзбекстанда «Сумалақ» — наурыз көжеге ұқсас дәстүрлі тағам.

Қазақстанда Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, халық болып тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.Ал 1991 жылы 15 наурызда Қазақстан Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. 2009 жылдың 24 сәуірінде Елбасы наурыз айының 21, 22, 23 күндерін «Наурыз мерекесі» деп жариялады.

Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мерекесі. Сан ғасырлық парасат пен еңбектің нәтижесінде қалыптасқан Наурыз мерекесі халықтың жарқын болашағының кепілі болып қала береді.

(346 сөз)

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Ежелгі - ____________________________________________________________
Мерекелейді – _______________________________________________________
Елдер – _____________________________________________________________
Мәлімет – __________________________________________________________
Сайыс – ___________________________________________________________

32
9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет