9 сынып ІІІ оқу тоқсанына Қазақстан тарихынан Қысқа мерзімді жоспар


ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады; Бейнематериал



бет10/38
Дата27.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#70208
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;
Бейнематериал
«Желтоқсан көтерілісі. Декабрь-желтоқсан 1986»деген бейнематериалды көрсетіңіз. Бейнематериалды көрсетпес бұрын оқушыларға критерий беріңіз. Бұл критерийлерді әр оқушыға жеке параққа жазып берген абзал. Сонымен қатар әр оқушының критерий талаптары бойынша жұмыс жасауын қадағалаңыз немесе алдын-ала қалай толтыру керек екендігін түсіндіріңіз.
Бейнематериалды көрсеткеннен кейін, критерий бойынша сыныптық талқылау жүргізіңіз. Оқушылардың ойына ой қосу және олардың патриотизм қасиеті арттыру үшін, Ә.Тінәлиевтің орындауындағы «Желтоқсан желі ызғарлы» деген бейнематериалды көрсетуді ұсынамын.
Оқу мақсатына байланысты1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру үшін «маңыздылық» кестесімен жұмыс ұйымдастырыңыз.
ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.
2-тапсырма «ЕНАРА» стратегиясы (5R) маңыздылық кестесі

Есте қалатын (кім үшін?)


Нәтижелі (қандай нәтижелерге әкелді? Нәтижелері позитивті
әлде негативті сипатқа ие ме?)




Айырықша мәнді (Сол тарихи кезеңде ол қандай көрініс тапты?
Ол маңызды немесе айрықша болып есептелді ме?)




Резонансты (Оқиға/құбылыс қазіргі өмірге әсер етті ме? Қазіргі
қоғам дамуына әсер етті ме? Адамдар одан сабақ алды ма?)




Айқындайтын/ басқа да қырларын түсінуге жол ашатын (оқиға/
құбылыс сол заманның адамдарының өмірі мен көзқарастары
туралы қандай ақпарат береді?)




Жұптық жұмыс жасауда ЕБҚ оқушыларға жұпты таңдауда қолдау көрсетіледі

Мәтінмен жұмыс

Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды


Критерийлері:
Бейнематериал атауы
Бейнематериалбасты идеясы не?
Бұл бейнематериалдан не көремін деп ойлайсыз? Бейнематериалатауына негізделіп, көремін деп күтетін үш түсінік немесе идеяны және адамдарды тізіп жазыңыз
Бейнематериалдың идеясын жеткізудегі нәтижелілігін қарастырыңыз. Қарым-қатынас құралы ретінде оның мықты және әлсіз тұстары қандай?
Бұл бейнематериал көрермен көзқарасы немесе эмоциясына сай келе ма? Ол сізді қандай сезімге бөледі?
Бұл бейнематериал сізге түсірілген кезеңнің өмірі туралы қандай мәлімет береді? Негізгі екі ерекшелікті анықтаңыз
Бұл оқиға туралы жазба ресурсында көрсетілмеген қандай ақпарат алдыңыз? Жауабыңызды нақтылаңыз
Дескриптор:
Әр бағананы толтыру барысында дәлел келтіру керек;
Өз ойына дәлелдеу барысында дерекке немесе дереккөзге сілтеме жасау қажет;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет