Тапсырма Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарына мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз.
2. Дерек негізінде тапсырманы орындаңыз.
IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК
85-қадам.
"МӘӉГІЛІК ЕЛ" патриоттық актісі жобасын әзірлеу.
86-қадам. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫӉ "ҮЛКЕН ЕЛ - ҮЛКЕН ОТБАСЫ" КЕӉ КӨЛЕМДІ ЖОБАСЫН ИЗІРЛЕУ ЖәНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ол қазақстандықтардыӊ біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамныӊ бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасыныӊ туристік саласын дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және "Астана - Еуразия жүрегі", "Алматы - Қазақстанныӊ еркін мәдени аймағы", "Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер", "Алтай інжулері", "Ұлы Жібек жолын қайта жаӊғырту", "Каспий қақпасы" өӊірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.
87-қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудыӊ "МЕНІӉ ЕЛІМ" ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оныӊ аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соныӊ бірі - "ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ" КЕӉ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ - ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдіӊ тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардыӊ өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдіӊ "сапарнама карточкасына", ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады.
Дереккөзі: www.kt.kz
Берілген үзіндінің қандай құжаттан алынғандығын анықтаңыз.
Бұл құжаттың қабылдануның себебін анықтаңыз.
Құжаттың мазмұнына қысқаша сипаттама жазыңыз.
3. Қазақстандағы ұзақ мерзімді стратегиялардың маңыздығын дәлелдеңіз.