I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырыптар
Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені.
Оқу мақсаты
9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру
9.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға береді
әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарына талдау жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма 1. Соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайын талдаңыз.
Берілген сурет бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Ә.Хайдаровтың картинасы қандай тарихи оқиға туралы ақпарат беретіндігін жазыңыз.
Тарихи оқиғаның орын алу себептерін жазыңыз.
Тарихи оқиға барысынан мысалдар келтіріңіз.
Тарихи оқиғаның салдарын жазыңыз.
Тарихи оқиғаны салдарын тоқтату туралы шешім қашан қабылданғандығын жазыңыз.
3. Берілген сурет бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Сурет қандай тарихи оқиғадан хабар беретіндігін анықтаңыз.