9 сыныпқа арналған дүниежүзі тарихынан емтихан жұмысы
А блогы
1. Елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген, оңың табыс көзін өндіріс пен саудадағы және қаржы-несие салаларындағы кәсіпкерлік қызметті құрайтынәлеуметтік топты анықтаңыз.
А) буржуазия
В) жұмысшылар
С) жұмысшы аристократия
Д) өнеркәсіп пролетариаты
[1]
2. Ортағасырларда шаруалардың азық-түлікпен өтейтің салықтың түрінкөрсетіңіз.
А) барщина
В) оброк
С) азық-түлік салғырты
Д) ондық салық
[1]
3.Германиядағы нацистік идеологияның маңызды белгілерін анықтаңыз.
А) сөз бостандығы
В) теңдік
С) толерантылық
Д) нәсілшілдік
[1]
4.Нақты әлемді оның қозғалысы мен өзгерісін барынша табиғи және бейтарап сипаттауға ұмтылған өнер бағытын анықтаңыз.
А) неоклассицизм
В) реализм
С) импрессионизм
Д) романтизм
[1]
5.Азаматтардың дін ұстану еркіндігі мен діни мемкемелердің мемлекеттен бөлінуін білдіретін ұғымды анықтаңыз.
А) құқықтық мемлекет
В) зайырлы мемлекет
С) унитарлы мемлекет
Д) азаматтық мемлекет
[1]
6. «Ағартушылық абсолютизм» теориясының негізін қалаған ағылшын философы:
А) Томас Гоббс
В) Вольтер
С) Джон Локк
Д) Г.Мабли
[1]
7.Ғылыми бақылауының нәтижесінде «Аспан денелерінің айналысы туралы» еңбегін жазған ғалымды анықтаңыз.
А) И.Кеплер
В) Д.Бруно
С) Г.Галилей
Д) Н.Коперник
[1
8.Түркия тарихында 1918-1923 ж.ж. азаттық күресті басқарған, бірқатар маңызды реформалар жүргізген тарихи тұлғаны анықтаңыз.
А) С.Демирель
В) Т.Озал
С) М.Кемал
Д) И.Иненю
[1]
9. Бірінші дүниежүзілік соғысқа түрткі болған оқиғаны анықтаңыз.
А) Германия- Италия арасындағы қақтығыс
В) Австро-Венгрия- Сербия арасындағы қақтығыс
С) Англия-Сербия арасындағы қақтығыс
Д) Ресей- Франция арасындағы қақтығыс
[1]
10. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды:
А) Германияның Польшаға соғыс ашуымен
В) Германияның Австрияны қосып алуымен
С) Германияның Чехославакияны бөлшектеуден
Д) Германияның Францияға басып кіруінен
[1]
11.XIX ғ. Ресейде либерализмді ұсынған қоғамдық ағымды анықтаңыз.
А) халықшылдар
В) батысшылдар
С) ұлтшылдар
Д) марксистер[1]
12.Талантты американдықмеханик, XX ғасырдың басында автомобильдердің бірнеше түрін құрастырып,сынақтан өткізген,кейін ірі өнеркәсіп иесіне айналған іскер:
А) Г.Маркони
В) М.Планк
С) Г.Форд
Д) Т.Эдисон
[1]
13.Англияда өнеркәсіп төңкерісі нәтижесінде бу машинасын ойлап тапқан өнертапқыш:
А) Джон Кей
В) Джеймс Уатт
С) Ричард Аркрайт
Д) Джеймс Харгривс
[1]
14.1929 ж Нью-Йорктегі биржаның күйреуіАҚШ-тың дамуына қалай әсер етті?
А) банктер, компаниялар банкротқа ұшырады
В) АҚШ-тың басқа елдермен қатынасы шиеленісті
С) АҚШ баска елдерден несие алуға мәжбүр болды
Д) азық-түлікке баға төмендеді
[1]
15.КСРО –да және басқа да «социалистік» деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілін анықтаңыз.
А) нарықтық экономика
В) жоспарлы экономика
С) ұлттық экономика
Д) бәсекелестік экономика
[1]
Б блогы
16.Жауабын жазыңыз.
М.Тэтчер үкіметінің экономикалық саясатының бағыттары
1)--------------------------------------------------------------------------
2)---------------------------------------------------------------
3)-------------------------------------------------------------------
4)-------------------------------------------------------------
[4]
17.XX ғ. екінші жартысы мен XXI ғ. әдебиет пен өнердегі негізгі ағымдары кестесінаяқтап толтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |