т.б.). Жергілікті ауа беру жүйесіне ауа себезгілері, ауа перделері және ауа оазистері
жатады.
Мысал ретінде пеш аузына орнатылған шатыр-бүркеменің схемасы берілген
(42-сурет).
Ауа себезгісі дегеніміз арнайы құрылғыдан шығатын ауаның жұмыс
орнына немесе шектеулі жұмыс аумағына бағытталып берілуі (43-сурет).
Құрамындағы зиянды заттар концентрациясын ауа себезгілері кӛмегімен ауа
ағыны әсер ететін аумақта оның қозғалыс жылдамдығын, температурасын,
ылғалдылығын және оның ӛзгертуге болады. Кей жағдайларда ауа себезгілерін
жергілікті ауа шығару жүйелерімен бірге қолдануға болады. Ауа оазисі
дегеніміз бӛлменің қоршаулармен оқшауланған, бірақ жоғарғы жағы
бекітілмеген, бӛлменің барлық кӛлеміне қарағанда ішінде белгілі
микроклимат туғызуға болатын бӛлігі. Жан-жағынан қоршалған, бірақ тӛбесі
ашық ұяға бӛлменің басқа кӛлеміне қарағанда таза, жылы ауа беріледі.
Ауа пердесі дегеніміз есік немесе қақпаның
жоғарғы, тӛменгі немесе жанына орнатылатын,
ұзын жіңішке саңылаудан үлкен жылдамдықпен
ауа беретін құрылғы. Пердеге берілетін ауа
бӛлменің жоғарғы жағынан алынады немесе
арнайы калориферде қыздырылады (бұл жағдайда
ол ауа жылу пердесі деп аталады). 44-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: