Этиленді хлорда жағу(тартпа шкафта). Этилен жанып тұрған имек шыны түтіктің ұшына жалынды жақындатса жанады , осы жалынды хлоры бар банкаға енгізсе , этилен хлор ішінде де өте көп күйе шығарып жана береді .мына реакцияның теңдеуін аяқтаңдар :С2Н4 + Сl 2→ .Хлорды алдын ала немесе тәжірибе кезінде даярлауға болады .Ол үшін шыны банкаға майдаланған калий перманганатын түбі жабылғанша сеуіп , оның үстіне аздап концентрациялы тұз қышқылын қосса , банка ішіне біртіндеп хлор тола бастайды .Хлор өте улы , тәжірибе кезінде сақ болу керек .Калий перманганаты мен тұз қышқылы қосылғанда хлордан басқа тағы қандай заттар түзіледі ? Реакция теңдеуі арқылы көрсетіңдер.
Жеке тапсырмалар:
Қанықпаған көмірсутектерге қандай реакция типі тән. Мысал келтір.
Қанықпаған көмірсутектердің химиялық қасиеттерін реакция теңдеулері арқылы жазып көрсетіңіз.