21.Жасушаның генетикалық аппараты. ДНҚ. Ген. Цистрон. Гендердің жіктелуі. Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.
ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық жасушарындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет.
Ген – бір белгінің тұқым қуалауына жауап беретін және бір нәруыз құрылымы туралы ақпарат бар ДНҚ бөлігі. Ген тұқым қуалаушылықтың негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі болып табылады. Жасушаның белгілері мен қасиеттері жеке дара тұқым қуалауы гендік деңгейде өтеді. Адам организмінде шамамен 30 мыңдай ген болады
Атқаратын қызметіне байланысты гендер 2 топқа бөлінеді ;
1) Структуралық (құрылымдық) гендер - құрылымдық белоктар немесе ферменттердің синтезін бақылайтын гендер.Бұндай гендер организмдегі маңызды нәруыздарды кодтайды.
2) Реттеуші гендер - структуралық гендердің активтілігіне әсер ететін әр түрлі белоктардын синтезін бақылайтын гендер. Реттеуші гендер өз алдына былай бөлінеді ;
1 Модификаторлық гендер - структуралық гендердің активтілігін жоғарлатып немесе тқмендететін гендер
2 Супрессор гендер - структуралық гендердің активтілігін басып тастайтын эпистаздық гендер .
Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі;
Латериальды гендер - ағзаны өлімге душар ететін гендер
Сублатериальды гендер - ағзаның көбею ұрпақ қалдыру қабілетінің бұзылуына , тіршілік әрекетінің бұзылуына не жойылуына себеп болатын гендер.
Нейтральды немесе бейтарап гендер - ағзаның тіршілік қабілетіне әсері жоқ гендер.
Ген дегеніміз нақты бір белгінің қалыптасуы мен дамуын бақылайтын,тұқымқуалаушылықтың элементарлық құрылымдық-функционалдық
бірлігі.Мысалы көздің түсін немесе нақты бір ферменттің синтезін бақылайтын гендер.Америка генетигі С.Бензер генді функционалдық бірлік ретінде цистрон деп атауды ұсынды.Цистрон әр арнайы белоктағы аминқышқылдарының орналасу ретін анықтайды.Цистрон өз кезегінде өте кіші сызықтық өлшем бірлігі реконға жіктеледі.Рекон- рекомбинацияның бірлігі болып табылатын нуклеотид жұбы.Өзгеруге ұшырай алатын геннің ішіндегі мутация бірлігі – мутон.