91. Scientific-technical progress. Ғылыми техникалық прогресс тақырыбында әңгіме жүргізіңіз


Text A.A victim to one hundred and seven fatal maladies



бет4/5
Дата08.06.2022
өлшемі31,52 Kb.
#36537
түріСабақ
1   2   3   4   5
96.Text A.A victim to one hundred and seven fatal maladies мәтінімен жұмыс жүргізіңіз.
97.Tuberculosis is a harmful disease әңгіме жүргізіңіз.
Туберкулез – бұл жұқпалы ауру. Ауру көзі – туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар. Жұқтыру қаупі, әсіресе, тиісті желдетілмейтін және адамдар көп шоғырланған жерлерде аса жоғары. Туберкулез ағзаның иммундық күштерінің әлсіреуінен туындауы мүмкін (жеткіліксіз тамақтану, ауыр жұмыс, стресстік жағдайлар). Зиянды әдеттер (шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану) туберкулездің тез дамуына ықпал етеді. Туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастар жөтелгенде, түшкіргенде, түкіргенде таралатындығын ескеру керек. Осыған сәйкес бактерия бөлуші науқаспен қатынас жиі болған сайын оның айналасындағыларға да сондай жиілікте туберкулез таяқшалары өкпе тыныс жолдары арқылы өтетінін әрдайым есте ұстағаныңыз жөн.
Туберкулез микобактериясын жұқтыруға аз мөлшерде микробактериялар да жеткілікті. Әрбір ем қабылдамайтын бактерия бөлуші жылына 10-15 адамға науқасын жұқтырады. Бірақ микобактерияны жұқтырған адамдардың барлығы туберкулезбен ауыра бермейді.
Тек қана микобактерияны жұқтырғандардың 5-10 пайызы ғана туберкулездің беосенді және жұқпалы түрі дамиды. Көпшілік жағдайда иммундық жуйе ұзақ жылдар бойы микобактериялардың көбейуіне жол бермейді. Егер адамның иммунндық жүйесі әлсіреген сайын оның туберкулез микобактериясы ауруына шалдығу мүмкіндігі де жоғарылайды.Көп жағдайда туберкулез микобактериясы өкпені зақымдайды. Бұндай жағдай өкпе туберкулезі деп аталады. Туберкулез микобактериясы дененің басқа да мүшелерін зақымдай алады, ми, сүйек, буындар, бүйрек және лимфа түйіндері. Бұндай түрлер өкпеден тыс туберкулез микобактериясы деп аталады. Туберкулез ешбір белгісіз өтуі мүмкін, бірақ көп жағдайда науқастарды дәрігерге қаралуға мәжбүрлейтін белгілер болады.Туберкулез бірте-бірте дамиды, дәрігерге қаралғанда кейбір белгілер тіпті апталап немесе айлап болуы мүмкін. Өкпе туберкулезінің белгісі болып 2 апта бойы қақырықты жөтелдің болуы. Бұндай белгі байқалған барлық науқастар шұғыл түрде қақырықты зерттеуге өткізулері керек. Екі-үш апта бойындағы жөтел көп жағдайда төменде көрсетілген белгілердің біреуімен қатар болуы мүмкін:
- дене салмағының төмендеуі; - шаршағыштық; - ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі; - түнгі тершендік; - кеуде ауырсынуы, шаншуы; -алқыну; - тәбеттің болмауы; - қан түкіру. Осы белгілер пайда болған әрбір азамат тұрғылықты жеріне байланысты емханаға барғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет