9,11-сыныбы бойынша емтихан қорытындысы



бет1/3
Дата24.04.2023
өлшемі259 Kb.
#86397
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
емтихан 11 сынып


9,11-сыныбы бойынша емтихан қорытындысы
9-сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсыруын жоспарлы түрде ұйымдастырды. Емтихандарға әзірлік жұмыстары мен даярлық қосымша сабақтар кестесі құрылып, оқушыларды сапалы даярлау әкімшіліктің назарында болды.
Пән мұғалімдері оқушылардың оқу курсы бойынша білімдеріне қадағалау жасап, әр оқушының стандарт белгілеген оқу жоспарының толық меңгеруіне жауапкершілікпен қарады. Негізгі мектеп курсы бойынша мемлекеттік емтихан нәтижесінің соңғы жылдардағы қорытындысымен салыстырмалы көрсеткіші:

Пән

2012-2013оқу жылы

2013-2014 оқужылы

2014-2015оқу жылы




Оқуш

Үлгері

Б/с

ООД

Оқуш

Үлгері

Б/с

ООД

Оқуш

Үлгері

Б/с

ООД

Қ.т

24

100

79

52,3

24

100

54

55,6

35

100

68

61,3















































































Салыстырмалы кестеден байқалғандай негізгі пәндерден білім сапасын өткен оқу жылымен салыстырғанда жоғарлағаны байқалып, пән мұғалімдері Шәңгішбаева А.С., Илюбаева А.А., Турсиянова Н.А., Абенова А.Ә., Ахметова Ш.Қ. пәндердің оқытылу сапасын көтеру мақсатындағы әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттырған. Сабақтарда деңгейлі бағдарлама модульдері мен заманауи оқыту тәсілдерін, АКТ-ны нәтижелі қолданған.
Таңдау пәндері бойынша қорытынды кестесі:

Пән аты

Оқушы саны

Үлгерім

Білім сапасы

ООД

Қ. тарихы

8

100

33,5

55,5

география

2

100

100

82

биология

10

100

40

60

физика

9

100

56

63

Ағылшын т.

4

100

100

82

Химия

2

100

100

82

Мемлекеттік емтихан кестесінен байқалғандай пәннің оқытылуы мемлекеттік стандарттың жеткілікті және оңтайлы деңгейін байқатқан қазақ тілі, орыс тілі, география, биология, физика, ағылшын тілі мен химия пәндері, ал сынаулы деңгейді байқатқан математика, Қазақстан тарихы пәндері. Әкімшілік қорытынды аттестаттау бойынша барлық пәндердің оқытылу жағдайына талдау жасады. Қазақ тілі пәнінен диктант жұмысының нәтижесінде оқушылар тіл білімінің негізгі салаларын жақсы меңгергенмен, қүрделі сөздердің тыныс белгісінен, н/ң ұқсас әріптерден, әріп тастау мен азат жолдан жазу ережелерінен қателер жіберген. Пән мұғалімдері Шәңгішбаева А.С., Илюбаева А.А. қазақ тілінің білімдік, танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерте білген. Нәтижесінде жылдық қорытындымен салыстырғанда үш оқушы проргесс байқатты. Алайда, мұғалімдерге оқушылардың орфографиялық сауаттылықтарын арттыру жұмыстарын кеңінен қарастыруы қажеттілігі байқалды. Математика пәнінен оқушылар жазбаша емтихан тапсырып, 3 оқушы жылдық бағамен салыстырғанда прогресс байқатты. Оқушылар емтихан жұмысы барысында өрнекті қысқаша көбейту формуласын қолданып, ықшамдау, теңсіздікті шешу, прогрессияның белгісіз мүшесін табу тапсырмаларын жақсы деңгейде орындағанмен, тригонометрия өрнегінің мәнін табу, берілген аралыққа тиісті теңсіздік шешімін салудан қателер жіберген. Мұғалімдер Турсиянова Н.А., Абенова А.Ә. математикалық функционалдық сауаттылықты арттыра отырып, қолданбалы сипаттағы математикалық есептерді шешу құралы ретінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды терең ойластыру керек. Орыс тілі пәнінен сынып оқушылары ауызша емтихан тапсырып, 13 оқушы жылдық бағамен салыстырғанда прогресс байқатты. Пән мұғалімі Ахметова Ш.Қ. оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, АКТ мен электронды оқулық тапсырмаларын шеберлікпен қолданып, оқушылардың білім беріктігін қамтамасыз ете білген. Оқушылар сөз таптары, сөзжасам, оқшау сөздер мен бірыңғай мүшелер тарауларын жақсы деңгейде меңгергендерін байқатты. Алайда, төл сөздің пунктуациясы және сабақтас құрмалас түрлерінен қателер жіберді. Мұғалімге оқыту сапасы мен оқушының білім сапасын үздіксіз байланыста ұстау керек. Қазақстан тарихы пәні бойынша 9-сыныпта 8 оқушы таңдау пәні ретінде емтихан тапсырып, желтоқсан оқиғасы, Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі, Моғолстан мемлекетінің құрылуы тақырыптарын жақсы меңгергендерін байқатты. Алайда, мұғалім Азылханова А.Б. оқушыларда тарихи ақпараттарды жүйелеп іздеу, зерттеушілік, тарихи деректердің түрлерімен кешенді жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруды әлсіз жүргізгендіктен, пәннің орташа оқытылуы стандарттың сынаулы деңгейін байқатты. География пәнінен 2 оқушы таңдау бойынша емтихан тапсырып, картамен географиялық байланыс жасау, Қазақстанның шаруашылығы мен жер бедері, халқы туралы деректерді жақсы меңгергендерін байқатты. Дегенмен, оқушылар аймақтық компонент пен шетелдік компанияларда шаруашылық бойынша қателер жіберді. Сондықтан, мұғалімге географиялық білімді өмірлік тәжірибеде, оқу және оқудан тыс әртүрлі жағдаяттарда қолдана білу біліктілігін қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды сабақта пайдалану ұсынылады. Биология пәнінен 10 оқушы емтихан тапсырып, негізгі мектеп курсы бойынша білімдерін көрсетті.Емтихан барысында оқушылар эволюциялық білім негіздері, Ч.Дарвиннің теориясы, генетика негіздері, жасуша құрылысы мен тіршілік үшін күрес, бейімдеушілік түрлері, фотосинтез тақырыптарын жақсы айтқандарымен, жасушадағы энергетикалық алмасу, экожүйе, макроэволюция, оның бағыттары, жерде тіршіліктің пайда болуы тақырыптарын төмен деңгейде меңгергендерін байқатты. Мұғалім Бисатова Ғ.Ш. оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру мақсатында деңгейлі бағдарлама модульдерін сабақтарға жүйелі түрде тиімді ықпалдастыруды қарастыру керек. Физика пәнінен 9оқушы емтихан тапсырып, пәннің орташа оқытылуы емтихан нәтижесінде стандарттың жеткілікті деңгейін байқатты. Оқушылар қозғалыс түрлері, энергия, оның айналуы, күш туралы білімдері жақсы болғанмен, пайдалы әсер коэфиценті, жылу машинасы, жай механизмдер тақырыптарын әлсіз меңгерген. Мұғалім Дамухан М. пәнді оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту негiзінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу керектігі байқалды. Ағылшын тілі пәнінен 4 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырып, өз білімдерін ақтап шықты. Емтихан барысында шақтар және лексикалық тапсырмаларды, тақырып бойынша монологтық сөйлеуді жақсы орындағанмен, граммикалық тапсырмалардан кемшілік байқалды. Мұғалім Шоматова Ә.А. оқушыларға түсінікті тәсілдер мен құралдарды қолдана отырып жалпы және арнайы іскерліктерді қалыптастыру мен жетілдіруді инновациялық оқыту түрлері арқылы дамыту қажет. Химия пәнінен 2 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырып, электролиттік диссоциация, металдардың химиялық қасиеттері, бейметалдардың физикалық касиеттері тақырыптарын жақсы меңгергендерін байқатты. Алайда, топтық жалпы сипаттамаы, молярлық масса есептеуден қателер жіберді. Мұғалім Тогузова А.З. химияны оқытуда оқушыларды күнделікті өмірге, өндірістік іс-әрекеттерге, білім алуды жалғастыруға, қоршаған ортада өзін дұрыс ұстауға қажетті химиялық білімдермен қаруландыру міндеттерін шеше білген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет