№98 мамыр 2011 жыл



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата26.02.2017
өлшемі4,69 Mb.
#4994
1   2   3   4   5   6

«Ер Жігіт-2011» байқауы 

университет ректоры 

Бақытжан Әбдірайымның 

құттықтау сөзімен басталды.

Университет басшысы 

Еуразия ұлттық университетінің 

15 жылдық мерейтойы ел 

тәуелсіздігінің 20 жылдығы 

қарсаңында тойлануы оның 

салмағын арттыра түсетінін 

атап көрсетіп, оқу ордамызға 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

берген «Ұлттық» деген ерекше 

мәртебе университет ұжымына 

зор жауапкершілік жүктейтінін 

жеткізді. Бұдан кейін ол былтыр 

университетіміздің әлемнің ең 

үздік 500 жоғары оқу орындары 

қатарына енгендігін тілге 

тиек етіп, келешекте бұдан да 

жоғары  көрсеткішке жетуге 

тиіс екендігімізді тұспалдады. 

Сөз арасында ректор



 

университетіміздің қазіргі 

деңгейге жетуіне бұрынғы 

Целиноград педагогикалық 

институтының ректоры 

Балташ Сұңғарбековтың, 

Целиноград инженерлік 

құрылыс институтының 

ректоры Ахмет Риза Чикаевтың 

және де ЕҰУ құрылған кезден 

қазірге дейін басшылық 

жасап келген ректорлар: 

Амангелді Құсайынов, 

Мырзатай Жолдасбеков, 

Сәрсенғали Әбдіманап сынды 

азаматтардың  еңбегі ерен 

болғандығын баяндады. «Егер, 

университетіміз белгілі бір 

жетістіктерге жетіп жатса, ол – 

біздің ұжымның ынтымағы мен 

бірлігінің арқасы деп түсінгеніміз 

жөн», - деді ректор өз сөзінде. 

Сонымен қатар ректор 

университеттің республика 

шеңберіндегі жетістіктері мен 

халықаралық байланыстарына 

тоқталып, студенттердің 

майталман маман болуы үшін 

барлық жағдай жасалатынын 

ашып айтты. «Қазіргі таңда 

біздің  студенттер шетелдерді 

білімімен ғана емес, өнерімен де 

тамсандырып келе жатыр. Соңғы 

уақытта біздің өнерпаздар Ресей, 

Түркия, Украина, Йордания, 

Беларуссия, Әзірбайжан сияқты 

мемлекеттерде бірнеше мәрте 

болып, халқымыздың ұлттық 

салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын 

насихаттап қайтты.

Университетімізде жыл 

сайын «Қыз Жібек» пен 

«Ер Жігіт» байқауы дәстүрлі 

түрде тойланып келеді. Бұл 

байқаулардың да берері мол. 

Мұнда ұлттық құндылықтар 

жан-жақты  насихатталады», 

- деді университеттің бірінші 

басшысы. 

Жиын барысында 

Б.Әбдірайым Лев Гумилев 

атындағы ЕҰУ-дың 15 

жылдық мерейтойына орай 

білім және ғылым саласына 

сіңірген көпжылдық еңбегі 

және университетіміздің 

өсіп-өркендеуіне қосқан 

орасан зор үлесі  үшін 

Педагогика ғылымдарының 

кандидаты, доциент Балташ 

Сұңғарбековты, техника 

ғылымдарының кандидаты, 

профессор Ахметриза Чекаев, 

филология ғылымдарының 

докторы, академик, мемлекет 

және қоғам қайраткері 

Мырзатай Жолдасбековты, 

көп жылдар бойы оқу 

ордамыздың  шаруашылық 

жөніндегі  проректоры 

қызметін атқарған Мұхтар 

Оразалинді, әлеуметтік 

ғылымдар және өзін-өзі тану 

кафедрасынының доценті 

Роза Айтмағамбетованы 

және Инженерлік құрылыс 

кафедрасының доценті 

Байтан Құсайыновты «15 

жылдық мерейтой» медалімен 

марапаттады.  

Осыдан соң 3 аталым 

бойынша университеттің 

үздіктеріне құрмет көрсетілді. 

Нәтижесінде Әлеуметтік 

ғылымдар факультетінің студенті 

Олжас Беркімбаев - «Жыл 

студенті», студенттік театр - 

«Ең үздік шығармашылық топ», 

«Мақсат» зерттеу клубы - «Ең 

үздік клуб» атағын жеңіп алды. 

Басқосу барысында 

университетіміздің 15 жылдық 

мерейтойына келген  Сенат 

төрағасының орынбасары 

Мұхамбет Көпей ыстық 

ықыласын  білдірсе,  Мәжіліс 

депутаты Динар Жүсіпәлиқызы 

Мәжіліс төрағасы Орал 

Мұхамеджановтың  ЕҰУ 

ұжымына жолдаған құттықтау 

хатын оқып берді. Айтпақшы, 

біздің мерекемізге еліміздегі 

Төтенше және өкілетті елшілер, 

саясат және қоғам қайраткерлері 

де ортақтасты. Ал бокстан әлем 

және Сидней олимпиадасының 

чемпионы Ермахан Ыбрайымов, 

«Бетпе-бет»  бағдарламасының 

жүргізушісі Берік Уәли, қазақ 

халқының тұңғыш ғарышкері, 

Кеңес Одағының батыры, 

генерал-майор Тоқтар 

Әубәкіров, атақты продюсер 

 

Қыдырәлі Болман және 



«Бәйтерек» тобының әншісі 

Ерлан Малаев «Ер Жігіт – 2011» 

сайысына төрелік етті.  

Биылғы «Ер Жігіт – 2011» 

сайысының басты ерекшелігі 

оған ЕҰУ-дың жігіттерімен 

 

қатар республикалық «Ұлан» 



гвардиясынан келген 3 

сарбаз  қатысты. Жігіттер 

«Таныстыру» кезеңіне берілген 

уақыт аралығында өздерін 

қалаған стильде таныстырса, 

«Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде 

әннен, жырдан, күйден, биден 

шашу шашты. Ал «Күш атасын 

танымас» деген айналымда 

жігіттер білектерінің күшін 

байқатты. 

Қазылар алқасының 

шешімімен «Ер Жігіт – 2011» 

сайысының бас жүлдесін Ернұр 

Таутанов жеңіп алды. І орын 

Ернар Әбілдаевқа бұйырса, әл-

Фараби Жұмағұлов II орын, 

Айдын Сыздықов IІІ орынды 

 

алды. Сонымен қатар әл-Фараби 



Бізге 15 жыл

Ернар  ӘБІЛДАЕВ, «Ер 

Жігіт-2011» сайысының І 

орын иегері:

- Бұрын оқушы кезімде түрлі 

байқауларға қатысып, жүлделі 

орындарға ие болғанмын. 

Студент атанғаннан бері дүбірлі 

додаға алғаш рет қатысып 

отырмын. Байқауға бір айдан 

астам уақыт дайындалдым. 

Көп оқыдым, спортпен 

шұғылдандым. Нәтижесі жаман 

емес деп ойлаймын. Жалпы, 

өзім салауатты өмір салтын 

ұстанамын. 7-сыныптан бастап 

жүйелі түрде тән саулығы мен 

жан саулығына назар аударып 

келемін. Ауыр атлетика саласы 

бойынша спорт шеберіне 

үміткермін. 



Тоқтар ӘУБӘКІРОВ, 

Қазақ халқының тұңғыш 

ғарышкері, генерал-майор: 

- Еуразия университетінде 

тамаша кеш өтті. Басында 

«Ер Жігіт» деген байқау не 

нәрсе екен, қалай болады екен 

деп ойладым. Тап қазір қатты 

қуанып тұрмын. Біздің жігіттер 

ұсақталмаған екен. «Міне, біздің 

жігіттер!» деп мақтана алатын 

нар тұлғалар бар екен. Бүгінгі 

мерекелік кештен рахат сезіммен 

кетіп барамын. 



Норбер ЖУСТЕН, ҚР-ғы 

ЕО елшісі:

- Мен осы университетке 

келуге құлшынып тұрамын. 

Өйткені мұнда кез келген 

қонаққа лайықты құрмет 

көрсетіледі. Бұл – университет 

ректорының парасаттылығы, 

яғни университет шетелмен 

тату байланыста болуы арқылы 

өз студенттеріне жақсы жағдай 

жасайды. Университет өте 

дұрыс бағытта келе жатыр. 

Бір байқағаным, мұнда ұлттық 

салт-дәстүр мен ғылымға қатты 

қарайды. 

Бақытбек СМАҒҰЛОВ,

Ауған соғысының ардагері:  

-  Біз – тәуелсіз елміз. 

Тәуелсіз елдің санасы да, 

мақсаты да тәуелсіз болу керек. 

Еуразия университетінің төл 

перзенттері тәуелсіздіктің 20 

жылдығы мен оқу ордасының 

15 жылдық мерейтойына орай 

ұйымдастырылған «Ер Жігіт» 

байқауында қазақтың кім екенін, 

қазақтың жігіттерінің қандай 

болатынын дәлелдеді. Осындай 

игілікті іс-шараларды жиі-жиі 

өткізіп тұру керек. Ұрпақ үшін, 

келер күн үшін.  



Омер КОДЖАМАН, 

Түрік елінің өкілі: 

-  Бұл - оқу орны Еуразиядағы 

жеңісті университтердің бірі. 

Білім сапасы мен  техникалық 

мүмкіндігі көптің көңілінен 

шығады. Біз осы оқу орнымен  

түркология саласы бойынша 

тығыз қарым-қатынастамыз. ЕҰУ 

– жаңа заманның университеті. 

Мұндағылардың барлығы 

бәсекеге қабілетті. 

Қас қарайғанда Жастар 

үкіметі «ENU party» атты шоу-

бағдарлама ұйымдастырды. Би 

кешінен кейін университеттің 15 

жылдығының құрметіне отшашу 

берілді. 

Насихат 

ОСПАНОВА           

Ернұр ТАУТАНОВ, 

«Ер Жігіт-2011» сайысының 

бас жүлде иегері

Жұмағұлов «Б.Момышұлының 

батыр шапағаты» медалін 

иеленді. 

 Біржан Ерманов «Білекті 

жігіт» атанса, Ернұр 

Әбдірахманов «Өнерлі жігіт» 

деп танылды. Ал Нұржан 

Дүйсебай «Жігерлі жігіт», 

 

Әлібек Төлеп «Сері жігіт» деген 



атаққа лайық болды. 

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

8

 

9

МАМЫР   


2011 

МАМЫР  


2011 

Мы начинаем наше 

путешествие по Евразий-

скому Арбату. Первыми 

встречными, с кистью и 

мольбертом, оказались 

студенты Факультета ар-

хитектуры, дизайна и 

изобразительного искус-

ства. Студенты ФАДИ 

под руководством зам.

декана по воспитательной 

работе -  К.Б. Боргеко-

вой, устроили изобрази-

тельное шоу! Около 10 

студентов ФАДИ демон-

стрировали свое мастер-

ство прямо на глазах у 

всех гостей. Любой жела-

ющий мог стать натурой 

для юных художников: 

Рамазановой Динары 

(ИЗО-22), Толеубаевой 

Алтыншаш (ИЗО-22), 

Жумагереева  Армана 

(ИЗО– 22), Жоламано-

вой Маржан (ИЗО-22) и 

многих других. По – сло-

вам наших художников на 

их счету много различных 

картин, посвященных 

Казахстану, его природе, 

Астане. В проекте карти-

ны, посвященные ЕНУ 

им. Л.Н.Гумилева. 

Жоламанова Мар-

жан: «Поздравляю наш 

университет с Днем Ро-

ждения, желаю войти в 

10-ку лучших университе-

тов мира!»

Толеубаева Алтын-

шаш: «Я горжусь тем, 

что учусь в ЕНУ. Благода-

ря, ЕНУ у меня появилось 

много друзей. Поздрав-

ляю университет с 15 - ем. 

Творческих побед!»



Жумагереев Арман: 

«Я рад тому, что выбрал 

именно этот университет. 

Поздравляю от всей души 

наш университет с его 

Днем Рождения!»

А мы с вами, дорогие 

читатели, отправляемся 

гулять дальше по Евра-

зийскому Арбату. Вокруг 

бегают дети. Что же это 

такое, неужели в День Ро-

ждения ЕНУ  студентами 

становятся уже в этом 

возрасте?! Дело в том, что 

мы попали на выставку 

детских рисунков «Бұл 

менің университетім – 

Бұл менің болашағым». 

Завешанные стенды раз-

ноцветных «детских 

картин» так и пестрят 

повсюду. Они сотворены 

руками детей  сотрудни-

ков ЕНУ. (Вот что значит, 

если мама или папа рабо-

тает в нашем универси-

тете.) И все такие яркие, 

такие красивые. Один 

лишь взгляд на них под-

нимает настроение. При 

поддержке зам. деканов 

ФАДИ - Боргековой К.Б., 

ФИТ - Кадеркеевой З.К, 

ФТФ - Нурмухамбетовой 

А.К., были отмечены  и  

одарены ценными приза-

ми, победители лучших 

рисунков. 

Поздравляю, свой уни-

верситет с Днем Рожде-

ния! Успехов и процвета-

ния! Вместе мы добьемся 

много!


                                                                                                                          

Ботагоз 

АЙТЖАНОВА

По Евразийскому Арбату

В честь 15-ия Евра-

зийского национального 

университета им. Л. Гу-

милева, на первом этаже 

УЛК состоялась фотовы-

ставка «Менің сүйікті 

университетім», где сту-

денты и преподаватели 

ЕНУ смогли выразить 

свою любовь на бумаге.

…ЕНУ 15 лет!!!! По по-

воду этой юбилейной даты 

прошло много мероприя-

тий, одно из которых, фо-

товыставка  «Менің сүйікті 

университетім». Внима-

нию всех гостей были пред-

ставлены 3 стенда с распе-

чатанными фотографиями, 

которые так или иначе 

были связаны с жизнью 

университета. Цветные 

фото стали самым ярким 

подтверждением тому, ка-

ким видят студенты ЕНУ. 

А на все интересующие 

вопросы отвечал Карагыт-

шин Ж., зам.декан по вос-

питательной работе ФЕН. 

«В целом это плановое ме-

роприятие, но за подобный 

неординарный подход к 

празднованию мы обязаны 

Л. Алтаевне и Обществен-

ному Департаменту Со-

циально - воспитательных 

работ во главе с Е. Оралта-

евичем. На самом деле, все 

мероприятия были записа-

ны в четкий план и разде-

лены между факультетами. 

К примеру, наш факультет 

был ответственен за орга-

низацию фотовыставки и 

высадку цветов в форму 

цифры 15. Все работы нам 

присылали в течение меся-

ца до знаменательной даты, 

к сожалению, работ было 

не особо много, думаю это 

из-за предстоящей сессии. 

Но здесь вы можете видеть 

только лучшие фото из всех 

представленных, поэто-

му можно считать, что все 

представленные конкур-

санты победители» - про-

комментировал зам.декан. 

На фотовыставке мы 

смогли увидеть ЕНУ та-

ким, каким его видят наши 

студенты и каким они его 

любят. Из участников осо-

бо хотелось бы отметить 

Дамиру Абраеву и Санжар-

бека Кылыч Уулу. А мне же, 

особо понравились следу-



Мой любимый ЕНУ

ющие фотографии – вы-

ложенная надпись ЕНУ из 

мобильных телефонов, де-

вочка с хвостиками перед 

домом магистрантов, фото 

пары, где «она» думала «о 

них», а «он» о ЕНУ, над-

пись группы из перчаток и 

серия снимков с плакатом 

«я люблю ЕНУ».

Помимо замечательных 

снимков, для всех собрав-

шихся играла на фортепи-

ано Трахпанова Маржан 

(ИСФ, ТЭ-13). Классиче-

ские произведения затем 

сменились всеми знакомы-

ми и любимыми мелодия-

ми из к/ф «Титаник» и му-

зыкальной группы Linking 

Park – Numb Piano. 



P.S: Закрывая глаза, 

до сих пор ощущаю это 

чувство, гордости за свой 

университет и неопису-

емой любви к нему. ЕНУ, 

мы тебя любим!!! С днем 

Рождения!

Гульдария

 ВАЛИЕВА

В честь 15-ия Евра-

зийского национально-

го  университета имени 

Л.Гумилева состоялась 

выставка научных работ, 

участниками которой 

стали студенты кафедры 

Архитектура. 

Работы представлен-

ные на выставке были са-

мыми разнообразными. В 

подготовке мероприятия 

участвовали не только вы-

пускники кафедры, но так  

же молодые, и бесспорно 

талантливые студенты вто-

рого курса. Их творческие 

работы были выполнены 

исключительно вручную и 

выставлены на планшетах 

для всеобщего обозрения. 

Работы оказались весьма 

увлекательными и ориги-

нальными. Сами проекты 

были достаточно просты 

и небольшие по объему, 

студентам было поручено 

спроектировать индивиду-

альный жилой дом. Одна-

ко эксклюзивность работ 

заключалась в своеобраз-

ности этих домов.  По-мне-

нию старшего преподава-

теля кафедры Архитекту-

ры А.З. Исиной., сейчас в 

Астане преобладают более 

однотипные жилые дома, 

а студенты искали новые 

образы, изучая националь-

ный стиль и этноархитек-

турный дизайн. 

Так же посетителям вы-

ставки были представлены 

лучшие дипломные работы 

бакалавров архитектуры 

этого года. Все проекты ре-

комендованы для участия в 

международных конкурсах 

и смотрах дипломных про-

ектов Алматы, Стамбуле, в 

нескольких города Японии.

А.З. Исина: «Наши 

студенты занимаются по 

просьбе ректора  разработ-

кой малых архитектурных 

форм на территории ЕНУ, 

тем самым вносят большой 

вклад в развитие нашего 

университета. Наш маги-

странт разрабатывал не-

большие зоны отдыха для 

студентов на территории 

нашего городка. Так же 

наши студенты выполняли 

макет генерального плана 

ЕНУ, который сейчас на-

ходится в стенах главного 

корпуса университета». 

 

Мейирим  СМАЙЫЛ



Выставка научных работ

В минувшую субботу Евразийскому националь-

ному университету имени Л.Н. Гумилева исполни-

лось 15 лет. За это небольшое время, о нем знают 

как о сильном, перспективном университете, выпу-

скающего профессиональных кадров высокого клас-

са. Поэтому, в честь Дня Рождения университета 

студенты различных факультетов подарили неза-

бываемый праздник. Одним, из подарков стала вы-

ставка, посвященная ЕНУ. 

Галерея



Шахмат шебері



– Патшалар ойыны 

әлеміне кездейсоқ келмеген 

шығарсың. Осы уақытқа 

дейін қандай белестерді 

бағындырып үлгердің?  

– Шахматқа 4 жасымнан 

бастап қызықтым. Өйткені, 

алдымдағы ағам мен  әпкем осы 

ойынды ойнайтын. Соларға 

еліктеймін деп жүргенімде  ше-

берлігім  шыңдалып, қабілет-

қарымым байқала бастады. 

Мүмкіндіктерімді дер кезін-

де аңғарған анам мені шах-

мат мектебіне алып барды. 

Ұстаздарымның үйреткендерін 

зердеме тез сіңірген бо-

луым керек, 7 жасымда 1-ші 

дәрежелі шахматшы атан-

сам, 8 жасымда спорт ше-

берлігіне үміткер болдым. 

Ал 11 жасымда халықаралық 

дәрежедегі спорт шебері, 13 

жасымда халықаралық шахмат 

қауымдастығының шебері де-

ген атақтарға қол жеткіздім. 

14 жасқа қараған шағымда 

әйелдер арасында  халықаралық 

дәрежедегі спорт шебері деп 

мойындалдым. 

2004 жылы Сингапурде жа-

лауын желбіреткен Азия бірін-

шілігінде вице – чемпионның 

тұғырынан табылсам, 2005 

жылы Астана қаласының чемпи-

оны деп танылдым.  2007 жылы 

әлем чемпионатының күміс ме-

далін жеңіп алып,  2008  жылы  

11 жасымда ұлттық құрамаға 

қабылдандым. Сөйтіп Дрезден-

де және Ханты-Мансийскіде 

 

ұйымдастырылған халықаралық 



шахмат  Олимпиадаларына 

қатыстым. 

Бүгінге дейін 10, 12, 14, 

16 жастағы қыздар арасында 

Қазақстанның бірнеше дүркін 

жеңімпазы болдым. Ташкент-

те, Дубайда, Анталияда өткен 

халықаралық жарыстарда да топ 

жардым.  Ең ірі жеңіске былтыр 

Грецияда өткен әлем чемпио-

натында жеттім. Онда менің 

мойыныма алтын  алқа тағылды. 

Шахматқа кездейсоқ келдім 

дей алмаймын. Себебі менің 

шахматпен қатар көркем гим-

настикамен шұғылданып, қала 

біріншілігінде және «Синего-

рье-2003» халықаралық турни-

рінде жеңімпаз болғаным бар. 

Бұған қоса мен Петр Чайков-

ский атындағы №2 музыкалық 

мектебтің Фортепьяно сыны-

бын үздік бітіріп шыққанмын. 

Бапкерім Ольга Черепанова: 

«Не шахматты, не гимнасти-

каны, не музыканы таңда» деп 

талап қойған кезде мен ойланба-

стан «шахмат» дедім. Яғни, мен 

шахмат әлеміне өнер атаулының 

басқа салаларынан саналы түрде 

бас тартып келдім. 

- Грецияда өткен әлем чем-

пионатын есіңе түсіре аласың 

ба?

-Әрине. 


Порто-Каррас  

қаласында өткен шахматтан 

жастар арасындағы Әлем чем-

пионатына 99 елдің  1500 шах-

матшысы қатысты. Ұлдар мен 

қыздар арасындағы жарыс 

швейцариялық жүйе бойынша 

11 кезеңнен тұрды.

Мен 11 ойынның 

нәтижесінде 8 ұпай жинадым. 

Ақтық айқаста  Еуропа чем-

пионы әзірбайжандық Ульвия 

Фаталиева кездестім. 5 жарым 

сағатқа созылған сында  мен ба-

сым түсіп, әлем чемпионы атан-

дым.


- Неге 8 ұпай?

- 2 партияда қарсы-

ластарыммен тең ойнадым. Бір 

ойында ұтылып қалдым.



- Кімнен, қалай, неге?

 - 9-шы кездесуде мен 

көш бастап келе жаттым. 

Соған арқаланып отырып, 

қателіктерге жол беріп қойдым. 

Ресейлік қарсыласым Алина 

Бивол менің жаңылыс жасаған 

жүрісімді кешірген жоқ. 



- Әлем чемпионы атанғанда 

ең бірінші кімнен сүйінші 

сұрадың?

 - Анамнан. Жалпы, мен 

өмірдегі барлық жетістіктерім 

үшін анама қарыздармын. Мен 

жақсылық атаулының бәрін 

анамнан үйрендім. Анамның 

маған деген мейірімі мен махаб-

батына ешнәрсе жетпейді. Ол 

мені мықты болуға, алған бетім-

нен қайтпауға үйретті. Менің 

барлық бастамаларымның 

басында анам тұрады. Менің 

қолдаушым да, демеушім де - 

анам. 


- Ол кісі қасыңда болмап па 

еді?

- Иә, анам әлем чемпиона-

тына менімен бірге барған. 

Бірақ мен қобалжымасын деп 

соңғы ойынға қатысқан жоқ. 

Айтпақшы әлем чемпионы 

атанған күн менің туған күнім 

болатын. 



- Өзіңе өзің сыйлық 

жасаған екенсің ғой, туған 

күнің қашан еді?

- Иә, дәл солай болды. Мен 

1996 жылдың 31-ші қазанында 

туыппын. Бұл күні дүниеге шах-

маттан әлем чемпионы Алек-

сандр Алехин мен блиц-шах-

маттан әлемнің экс-чемпионы 

Александр Грищук келген екен.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет