Бақылау сұрақтары
Соққы дегеніміз не?
Ньютонның екінші заңы мен импульстің арасындағы байланыс қандай?
Жылдамдық пен энергияның қалпына келу коэффициенттерінің физикалық мағыналары.... және шамаларының өзара қалай байланысқан.
Шарлардың серпімді және абсолют серпімсіз соққылары үшін импульстің сақталу заңыдары қандай?
5. (7) формуланы қорытып шығарыңыз.
Лабораториялық жұмыс №2.1
Қатты дене мен сұйықтың тығыздықтарын гидростатикалық салмақ өлшеу арқылы анықтау
Жұмыстың мақсаты: қатты дене мен сұйықтың тығыздықтарын тәжірибе арқылы анықтау және техникалық лабораториялық таразылармен жұмыс істеп үйрену.
Құрал-жабдықтар: таразы, жүктер, П-тәрізді текше, жіңішке сымдар, тығыздықтары анықталатын қатты дене мен сұйық және су.
Қысқаша теория
Тығыздық дегеніміз қандай да бір дененің бірлік көлемдегі массасы, яғни , мұндағы m - дененің массасы, кг, V - оның көлемі, .
Қатты дененің және сұйықтың тығыздықтарын лабораториялық жағдайда гидростатикалық салмақ өлшеу арқылы анықтауға болады. Гидростатикалық салмақ өлшеу әдісі Архимед заңына негізделген: сұйыққа батырылған денеге тік жоғары бағытталған, шамасы осы дене көлеміндей ығыстырылып шығарылған сұйықтың салмағына тең, кері итеруші күш әсер етеді.
Қандай да бір денені ауада өлшеу кезінде, таразы бастары теңгерілген сәтте негізінен дененің жанама салмағы мен таразы жүктерінің тепе-теңдігі анықталады. Дененің жанама салмағы, яғни дененің ауадағы салмағы оның вакуумдағы салмағынан осы дене көлеміндей ауаның Р салмағына аз болады. Дененің таза салмағы болса, онда дененің ауадағы жанама салмағы болады.
Осылайша тұжырымдай отырып, таразы тастарының ауадағы салмағын табамыз, мұндағы - тастардың шын мәніндегі салмағы, - жүктер көлеміндей ауа салмағы. Тепе-теңдік кезеінде
(1)
(1) теңдіктегі әр дененің салмағын олардың тығыздықтары арқылы өрнектейік
(2)
Теңдіктің сол жағындағы және , ал оң жақтағы , және жақша сыртына шығарылады
(3)
көбейтіндісін -мен алмастырып және шамасына қысқартсақ, келесі теңдікті аламыз
(4)
Денені суда өлшегендегі тепе-теңдік кезінде де (4) теңдікке ұқсас теңдік жазуға болады:
(5)
мұндағы - судың тығыздығы, ал - суда өлшенген денені теңестіретін таразы тастарының массасы.
(4) теңдіктен (5) теңдікті азайтамыз
(6)
және (4) теңдікті (6) теңдікке бөлеміз және келесі теңдікті аламыз:
(7)
Осыдан қатты дененің тығыздығын табуға болады:
(8)
(8) формула денені суда емес, зерттелетін сұйықта өлшегенде де орындалады
(9)
(8) және (9) өрнектерін теңестіре отырып, зерттелетін сұйықтағы дененің тығыздығын анықтауға болатын формуланы табуға болады
Осыдан зерттелетін сұйықтың тығыздығы анықталады
(10)
мұндағы - денені ауада, суда және зерттелетін сұйықта (тәжірибеде табылатын) өлшегендегі таразыны теңестіретін таразы жүктерінің массалары, және судың және ауаның тығыздықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |