А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет39/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90
Бірінші элемент
– білімдер жүйесі, мұнда студентке бір 
емес, бірнеше мысалы: физика, математика, биология, химия, т.б. пәндер әлеміне енуге 
кӛмектесетін интегралдық сипаттағы компьютерлік программаларды жасау ұсынылады. 
Модельдеудің үлкен мүкіндіктері кӛрсетілген 
екінші элемент
– студент меңгеруі тиіс 
репродуктивтік білімдер. Компьютер репродуктивтік білімдерді қалыптастырудың күшті 
құралы екендігі сӛзсіз 
үшінші элемент
– шығармашылық білімдер. «Жаңалықтарды ашу 
арқылы оқыту» идеясын дәріптейтін, сондай-ақ қиын жағдайларды модельдеу жолымен 
оқытатын арнайы микроорталарды қолдану арқылы дамытылуы мүмкін 
тӛртінші 
элемент
– оқыту мазмұны студентті жеке тұлға ретінде дамытуда маңызы бар 
педагогикалық мәселе және ол жаңа ақпараттық технологиялар аясында оқытудың тұлғаға 
бейімделген үлгісін пайдалану арқылы тиімді шешілуі мүмкін. Алайда, ЭОҚ нақты бір 
құралын пайдалану арқылы кез келген пәнді оқытуда алдыңғы орынға білімдерді 
қалыптастыру мәселесі шығады. Сол себептен біздің жағдайда «оқыту мазмұны, кәсіптік 
білімдер мен алғашқы кәсіптік тәрбиені қалыптастырып, студенттерге ұсынылатын 
тапсырмалар, жаттығулар кешені, оқулық ақпаратының мазмұны, құрылымы, құрамы» 
дейтін кӛзқарасты ұстанғанымыз жӛн. 
Оқу материалының мазмұны ғылымның қазіргі күйіне сәйкес, сондай-ақ, онда 
ғылыми дәлелденген, бұрынан қалыптасқан мәліметтердің болуы және оқу материалының 
мазмұны пәнаралық байланыстарды ескере отырып, қандай да бір ғылымның жүйесі мен 
логикасына сай құрылуы керек [5]. 
Оқыту мазмұнына қатысты мынадай кемшіліктерді атап кӛрсеткен жӛн: пәнаралық 
байланыстың жоқтығын, түрлі пәндерде материалдың жӛнсіз қайталануы, оқулықтарда 
негізгі мен қосымша материалдардың дұрыс бӛлінбеуі, сұрақтар мен тапсырмалар 
кӛлемінің аздығы. Оқулықтың әрбір авторы мазмұнның ғылыми деңгейін арттыру үшін 
түрлі мәселелерді енгізуге тырысады. Оқулықтың әрбір бӛлігі, әрбір мәлімет ӛте маңызды, 
әрі қажетті болып келеді. Нәтижесінде тым қиындатылған, жеке маманға қажетті, бірақ 
жалпы білім мақсаттарына міндетті емес артық материалдардан тұратын курстар пайда 
болады. «Оқулықтың тым қиындатылуы, жӛні жоқ мәліметтермен толықтырылуы жалпы 
білімге үлкен зиян келтіреді».
Сонымен қатар, білім мазмұнының толқын іспеттес ұлғаюына байланысты әр 
оқулықта сол пәннің жеке құбылыстарын құрайтын құрылымдық элементтерін бӛліп 
кӛрсету қажеттілігін айтуға болады. Ендігі жерде сол саланың барлық жеке құбылыстарын 
оқып-үйренудің қажеті жоқ. Мұндай белгілі білімді бӛліп кӛрсету материалды игерудің 
қажетті кӛлемін қысқартуға мүмкіндік береді.
ЭОҚ жасауды үйренудің ӛзіне тән ерекшеліктері бар. Мұнда міндетті түрде оқу 
материалының жүйелілігі мен құрылымдық-функционалдық байланысы қамтамасыз етілуі 
керек. Оқу курсының, егер оқу материалы жүйесіз және құрылымсыз болса, 
бағдарламалық жүзеге асырылуы қиындайды. 
Білімнің әр саласында, әр ғылыми пәнде оқу материалының жеке компоненттерінің 
құрылымдық байланысын анықтаудың арнайы әдістері жасап шығарылуы мүмкін. 
Мысалы, жаратылыстану пәндері оқулықтарының оқу материалының құрылымын 
графтар теориясы негізінде анықтау ұсынылады. 
Оқу мазмұнын таңдаған кезде оқыту мақсаттарына сай болуымен қатар, оқытудың 
дидактикалық принциптерін ескерген жӛн. 
Ғылыми принцип оқыту мазмұнында бұрын қалыптасқан, дәлелденген білімдермен 
қатар тиісінше сол білім саласының жаңалықтарының болуын да талап етеді. Ғылыми 
принципті ескеру педагогикалық үрдісте информатикадан ЭОҚ-тың дидактикалық 
мүмкіндіктерін зерттеп білуге кӛмектеседі. 
Информатика пәні бойынша арнайы курстың оқыту мазмұнын таңдау үшін ЭОҚ 
жасау технологияларының кейбір жақтарын, сондай-ақ ЭОҚ жасаудағы студенттердің 
қызметтерін де қарастырған жӛн.
Информатика пәні бойынша ЭОҚ үшін оқу материалын таңдаудан бұрын студентке 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
93
оқу тапсырмаларының сипаттамаларын орындау керек, оқу мақсаттарын анықтап оларды 
операцияландыру керек (яғни оқуды жақсы бітірген әркім орындай алтын операциялар 
арқылы берілуі). 
Ол үшін оқыту мақсаттарының иерархиясын дайындауды жүргізу керек. Оқыту 
мақсаттарының иерархиясын дайындау – оқыту мазмұнын сараптаудың алдында 
жүргізілетін жұмыстың негізгі бӛлігі. Ол мыналарды қамтиды: 
- сабақтың мақсаттарын анықтау; 
- қалыптастырылатын білімді кӛрсететін іс-әрекеттерді анықтау; 
-сол іс-әрекеттерді орнындауға мүмкіндік беретін білімдерді анықтау; 
- сол білімдерді болашақ оқушыға мәлім немесе беймәлім деп бӛлу. 
Кейбір білім мен дағды түрлі тапсырмаларды шешу үшін қажет болуы мүмкін. 
Мұндай білім мен дағдының материалдар мазмұнын анықтаудағы бӛлу және пайдалану 
кезіндегі мәні ерекше. Оқу материалдарының түрлі бӛлімдерінде меңгерілетін әрекеттер 
жиынтығын орналастыру, оқыту кезінде қайталаулар санын азайтуға мүмкіндік береді. 
Студенттердің әрбір әрекеті нәтижелі орындауы үшін қажетті жоғарыда айтылған 
білім мен дағдыны, бұл оларға бұрыннан белгілі және мынаны оларға оқыту керек деп 
екіге бӛлеміз. 
Ол үшін білім мен дағдыны шамамен былайша бӛліп кӛрсету керек болып табылады: 
-
барлық студенттер үшін жаңа; 
-
барлық студенттерге бұрыннан мәлім; 
-
кӛптеген студенттерге мәлім; 
-
тек кейбіреулеріне ғана мәлім білімдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет