А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а


МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӚНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет53/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   90
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӚНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ
ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Н.Н. Карменова - г.ғ.к., профессор, А.Б. Сиқымбаева – 2 курс магистранты 
(Алматы қ., Қазмемқызпу) 
Аннотация:
Маңғыстау облысы ӛнеркәсіп салаларының даму кезеңдері, геологиялық 
құрылымы, геофизикалық, гидрогеологиялық және мұнай-газ ӛнімдерін пайдалану 
жолдары қарастырылды 
Түйін сӛздер:
Ӛнеркәсіп, геология, геофизика, гидрогеология, мұнай, газ. 
Облыста ӛнеркәсіп саласының негізі ХІХ ғ-дың 50-жылдарынан бастап қалыптаса 
бастады. Ол кезде балық, маусымдық итбалық аулау кәсіпшілігі және олардың негізінде 
бірнеше шағын балық ӛңдеу, тұз ӛндіру цехтары болды. Балық аулауды жолға қою үшін 


122 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
Каспий теңізі жағалауында 10-нан астам елді мекендер салынды. Ал ӛнеркәсіптің нағыз 
дамуы, осы аймақтың жер қойнауынан мұнай, газ кен орындарының табылуынан 
(Оңтүстік-Маңғыстау мұнай-газ кен орны) және оны игеруден басталды. Маңғыстау жер 
қойнауын зерттеп, мұнай-газ байлықтарын ашуда жүргізілген қыруар жұмыстарды 
негізінен тӛрт кезеңге бӛлуге болады [1]. 
1-кезең
1887-1949 ж. аралығындағы жалпы геологиялық зерттеулерді қамтиды. 
1887ж. басшылығымен алғаш рет Маңғыстаудың геологиялық картасы жасалды. Кейінгі 
жылдары ӛлкенің стратиграфиялық сұлбасы мен тектоникалық құрылымдары анықталды. 
1911ж. және 1926-1927ж. М.В.Бярунас Маңғыстау жерінің стратиграфиясы мен 
тектоникасын зерттеп, бұрынғы Андрусовтың ұсынған болжамдарын, сондай-ақ Қарасаз 
Тасбас және Қошақ антиклинальді құрылымдарын анықтады. Қарасаз-Тасбас 
алаңдарының мұнай белгілерінің барлығын байқады. 1926ж. В.Соколов Маңғыстауда 
мұнай кӛздерін іздестіру жұмыстарын жүргізу керектігі жӛнінде пікір айтты. 1932 – 
1933ж. С.И.Аликсейчик Қанға, Түбіжік, Мыңсуалмас (Маңсуалмас) алаңдарында зерттеу 
жүргізіп, олардың геологиялық картасын жасап, бұл жерлерде мұнай қорларының болу 
мүмкіндіктерінің жоғары екендігі туралы тоқтамға келді. 1933-1937 ж. Маңғыстау, Үстірт 
аймақтарына геофизикалық жұмыстары жүргізілді. Осы жасалған зерттеу жұмыстарының 
нәтижесінде Орталық Маңғыстауда ірі жер асты құрылымдардың барлығы анықталды. 
1937-1940 ж. түбекті зерттеу ісін Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу геологиялы барлау 
институты (БҒЗГБИ) қолға алды, зерттеу жұмыстарын Алексейчик, А.В. Фурсенко, 
Е.И.Соколова, Е.В.Мятлюк, т.б. ғылыми қызметкерлер жүргізді. Бұлар бұрынғы жасалған 
геологиялық зерттеу жұмыстарына тыңғылықты шолу жасап, түбектің стратиграфиялық 
түзілімдерін, тектоникасын, палеогеографиясын анықтап, түзілімдердің мұнайлылығы 
жӛнінде ғылыми болжамдар айтты. Соғыстан кейінгі жылдары да Маңғыстау геологиясын 
зерттеу жұмыстары жедел жүргізіле бастады. 1946 ж. В.В.Мокринскийдің басшылығымен 
БҒЗГБИ-дің геологиялық экспедициясы соғыс кезінде уақытша тоқтатылған ізденіс 
жұмыстарын қайта жалғастырды. Сӛйтіп, ол ӛзінің кӛп жылғы зерттеу еңбектерін 
қорытындылады. Қаратаудың геологиялық құрылымын, кӛмірлілігін, пермь, триас, юра, 
бор, т.б. жас шӛгінділердің стратиграфиялық түзілімдерін, құрамдарын, тектоник, 
палеогеографиялық ерекшеліктері мен қасиеттерін талдады. 1947-1950 ж. БҒЗГБИ 
геологтары А.А. Савельев, Н.Ф. Кузнецова Солтүстік Ақтау жотасына геологиялық түсіру 
мен Бозащы түбегіне шолу жұмыстарын жасап, нәтижесінде Солтүстік Ақтауда бірнеше 
шағын құрылымдар бар екені анықталды [1]. 
2-кезең
1950-1957ж. қамтылып, арнайы геологиялық-геофизикалық зерттеу 
жұмыстарының кең кӛлемде жүргізілгенін кӛрсетеді. БҒЗГБИ экспедициясы Маңғыстауға 
орнығып, түбектің мұнай, газ іздестіру сияқты жұмыстардың ғылыми негізін (Б.Ф.Дьяков, 
Н.Н.Черепанов, Н.К.Трифонов, Д.С.Несвит, В.Г.Юров, А.И.Димаков, А.Б.Кочан, т.б.) 
құрды. Зерттеу жұмыстарының барысында стратиграфия, литология, белгілі горизонттар, 
юра, бор және палеоген-неоген дәуіріндегі тау жыныстарының коллекторлық 
сипаттамалары анықталды. Маңғыстаудың геологиялық құрылысы, гидрогеологиясы, 
мұнай мен газдың геохимиясы, әр түрлі карталар тұрғызылды; геологиялық, тектоник, 
мұнай мен газдың перспективалық, т.б. арнаулы зерттеулері жүргізілді. Осы БҒЗГБИ-дің 
жүргізген ғылыми-зерттеулерінің қорытындысында Маңғыстаудың әрбір аймақтарына, 
аудандарына, құрылымдарына жеке-жеке геология-тектоникалық тұрғыдан баға берілді, 
белгілі құрылымдарға ӛндірістік тұрғыдан барлауға дайындау үшін іздестіру 
жұмыстарының нақтылы бағыттары анықталып, оны іс жүзінде асыру жұмыстары 
қаралды. Солтүстік Маңғыстау тектоникалық аймағында Қызан құрылымы табылып, 
барлау жұмыстарына дайындалды. Орталық Маңғыстауда барлау жұмыстарына Түбіжік 
және Құсайын құрылымдары ұсынылды, ал Оңтүстік Маңғыстауда Жетібай, Еспелісай 
құрылымдары белгіленді. 
1951 жылдан бастап кең кӛлемде геологиялық барлау жұмысын «Қазақстанмұнай» 
бірлестігі (Н.А. Калининнің басшылығымен) жүргізе бастады. Маңғыстаудағы барлау 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
123
жұмыстарының жоспары анықталды, бірлестіктің түбекте «Геологиялық іздестіру 
конторы» (ГІК) құрылып Түбіжік, Бекі-Басқұдық алаңдарында геологиялық іздестіру 
жұмыстары, ал 1952 – 1956 ж. БҒЗГБИ сейсмикалық зерттеу жұмыстарын кең кӛлемде 
жүргізе бастады. Солтүстік Бозащының шығыс бӛлігін Бекі-Басқұдық дӛңінің батысында, 
Түбіжік, Құсайын, Қызан алаңдарында жүргізілген жұмыстар бұрыннан белгілі 
құрылымдарын растағаннан басқа тағы да жаңадан Жоласқан, Еспелісай, Жетібай, Жазбай 
сияқты құрылымдарды анықтауға мүмкіндік берді. Бұдан кейінгі жылдары (1956 – 58) 
сейсмикалық зерттеулердің барысында Оңтүстік Маңғыстаудың геологиялық жағынан 
нақтыланып (Песчаный мүйісінде) Қараудан, Қауынды, Ӛзен, Тоқпақ құрылымдары 
анықталды, сонымен қатар ірі Қарақия, Қауынды, Жазыгүрлі сияқты ойыстарының 
барлығы белгілі болды. Осы жылдары Маңғыстауда басқа да ғылыми мекемелер жұмыс 
істеді. КСРО ҒА-ның музей ғалымдары Қаратаудағы пермь, триас қабаттарын зерттесе
Бүкілодақтық аэрогеологиялық тресі (БАГТ) Маңғыстауда геологиялық түсіру 
жұмыстарын аяқтады. Ал «Қазақстанмұнайбарлау» тресінің геологиялық іздену конторы 
Қарасаз – Тасбас және Бекі – Басқұдық маңында геологиялық жұмыстарын жүргізді. 
БҒЗГБИ-дің ғалымдары Дьяков пен Черепановтар осы ӛлкеде ӛткізген кӛп жылғы ізденіс 
жұмыстарын жинақтап Маңғыстаудың тектоникасы мен мұнайлылығын және газдылығы 
туралы ғылыми қорытынды жасаудың нәтижесінде Оңтүстік Маңғыстау мен Бозащы 
түбегінің болашағы зор екенін дәлелдеді. Осы қорытындылар Маңғыстау геологиялық 
ізденістерінің және мұнайлылығы мен газдылығының ғылыми негізі болды да, болашақ 
мұнай мен газ барлау жұмыстарына жалпы бағыт кӛрсетті [2]. 
3-кезең
1957 – 1961 жылдарды қамтиды да, Маңғыстаудың мұнай мен газдылығын 
айқындағанын сипаттайды. Сол себептен БҒЗГБИ үш бағытта барлау жұмыстарын 
жүргізу керектігін ұсынды: Солтүстік Маңғыстау тектоникалық зонасында Қызан 
құрылымы, Орталық Маңғыстау тектоникалық зонасында Түбіжік пен Құсайын алаңдары 
және Оңтүстік Маңғыстау тектоникалық зонасы. 1957 ж. Форт-Шевченко қаласында 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет