А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет40/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   90
Барлық студенттерге мәлім білімдер мен дағдыларды
әдетте жасалатын тізімге 
қоспайды. Дегенмен, білім мен дағды тізімін жасау сатысында онда күдік туғызатын 
жағдайлар туралы ескеруді және мұқият қарастырғанан кейін ғана барып ақтық шешім 
қабылдауды ұсынады. 
Кӛптеген студенттерге не тек кейбірулеріне ғана мәлім
білімдерді жасалатын материалға қосу керек. Электрондық оқыту құралдарының 
психологиялық-педагогикалық стратегиясының қалыптасуына қарай оларда студенттердің 
ӛз еркімен оқытылуын қарастыруға болады. 
Оқыту мақсаттарының иерархиясын дайындау
- информатикадан жасалатын 
электрондық оқыту құралдарының жеке бӛлімдерінің мақсаттары мен мазмұнын анықтау 
процедурасы. Алайда, мұнда кейбір қиыншылықтар туындауы мүмкін, оның себебі 
иерархияны дайындауда әр оқытушы әртүрлі нәтижелер алуы мүмкін. Бұны осы 
нәтижелерді тексеру мен салыстыру үшін пайдалануға болады. Егер мамандардың 
арасында бұл мәселеге қатысты даулар туындаса, онда бұл дауды педагогикалық тәжірибе 
шеше алады. Жоғарыда айтылған оқыту мақсаттары иерархиясының құрамы жайлы 
материал жасалатын арнайы курстың оқыту мазмұнында кӛрініс табуы керек. 
Информатикадан білім ресурстарына, оның сапасына, ақпараттық архитектурасы мен қоса 
оның бірізділігіне де талаптар қойылады.
Информатикадан электрондық оқыту құралдарын оларды жасаушылармен 
қабылданған келісімдер негізінде жасау қажет: 
-
ақпараттарды құрылымдау критерийлері мен терминологиясының бірлігі; 
-
визуалды дизайнның жалпы элементтері; 
-
біркелкі қызмет кӛрсетулерді жинақтау міндеттілігі; 
-
ресурсаралық ақпарат алмасу принциптері мен форматы жайлы; 
-
жалпы ақпараттық ресурстарды қолдану принциптері мен форматы жайлы; 
-
ақпаратқа қатысты навигация жүйесінің бір нұсқалылығы; 
-
ішкі ақпарат кӛздерін қолдану принциптері; 
-
іздеу жүйелері жұмыстарының тиімділігі үшін ақпаратты беру әдістері; 
-
метаақпараттардың айрықша экспорты және импортын жүргізу тәртібі. 
Метасипаттау түрінде рәсімделетін ақпараттық білім басылымы немесе ресурс 
жайлы біріздендірілген мәліметтер жүйесінде құрамында тӛмендегідей критерийлері бар 


94 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
бӛлімдер бекітілуі мүмкін: 
-
ЭОҚ атауы; 
-
ЭОҚ түрі; 
-
білім деңгейі; 
-
оқу үдерісінің түрлері мен формалары; 
-
оқытылатын аудиторияның ерекшелігі; 
-
пәндік және білім салалары; 
-
ЭОҚ авторларының аты жӛндері: 
-
ЭОҚ жасау мен соңғы жаңарту уақыты. 
Сонымен анықталған мақсаттарға сәйкес электрондық оқыту құралдарын жасау мен 
пайдалануды оқыту арнайы курс түрінде немесе факультативтік курс түрінде міндетті 
түрде оқытылуы керек. Курсты оқыту нұсқасын таңдау ЖОО-да оқу үдерісін ӛткізуге 
байланысты (ЭОҚ жасау технологиясын оқытуға бӛлінетін уақыт, бағдарламалық және 
ақпараттық қамтамасыз етілуі, мұғалімдердің дайындығы т.б.). 
Оқытудың кез келген әдістемелік жүйесі: мақсаттардан, әдістерден, оқыту құралдары 
мен формаларынан, сондай-ақ, оқыту мазмұнынан тұрады. ЭОҚ жасауды информатика 
мұғалімдеріне үйретудің әдістемелік жүйесін жаңғыртуды жүзеге асыру үшін оқытудың 
әдістерін, формаларын және оқытудың тиісті құралдарын инновациялық тұрғыдан таңдау 
қажет. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. 
Т.С.Назарова, Е.С.Полат Средства обучения: технология создания и 
использования. - М.: Изд-во УРАО. - 1998. - 204 с. 
2. С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования. - М.: Аспект-Пресс. 
- 1995. - 271 с. 
3. В.П.Беспалько Теория учебника. Дидактический аспект. - М.: Педагогика. -1988.-
С. 27. 
4. Теоретические основы содержания общего среднего образования / Под ред. В.В. 
Краевского, И.Я. Лернера. - М.: Педагогика. - 1983. - С. 311. 
5. И.Ф.Харламов. Педагогика. - 3-е изд. - М.: Юристъ. - 1997. - С. 127-128. 
РЕЗЮМЕ 
В данной статье определено необходимость обучения будущих учителей 
информатики к технологии разработке и использование образовательных средств 
обучения, а так же рассмотрены проблемы при определении целей и содержания 
обучения.
SUMMARY 
The article deals with the necessity of training future teachers of computer technology to 
the development and use of educational recources, and the problems in determining the 
objectives and content of education.


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
95
ӘОЖ 519.6; 622.011.4. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет