А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет41/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   90
VISUAL BASIC ОРТАСЫНДА МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ 
ПРИНЦИПТЕРІ 
 
Ж.Ж. Қожамқұлова - ф.-м.ғ.к., аға оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:
мақалада Visual basic ортасында мәліметтер қорын жобалау принциптері 
қарастырылған. Мәліметтер қорына қойылатын талаптар, мәліметтер қорын жобалау 
кезеңдері келтірілген.
Түйін сӛздер
: VISUAL BASIC-те бағдарламалау тілі, мәліметтер қоры, жобалау 
принциптері, ActiveX Data Objects, ADO технологиясы.
 
Бүгінгі күнде Microsoft Visual Basic - Windows үшін әлемдегі ең танымал 
қосымшаларды жоспарлау жүйесі. Visual Basic орталығы оңай қосымшаларды құру, 
бағдарламалау құпияларын тану үшін жаңа тұтынушыларға қиындық тудырмайды, 
сонымен қатар, тәжірибелі бағдарламашылар жұмысына мықты құрал болып табылады. 
Visual Basic-пен жұмыс істеуді кез келген дайындық деңгейінде бастауға болады. 
VISUAL BASIC ӛзін инструменттердің үлкен жиынтығын пайдалана отырып, 
пішіндер мен графикалық объектілерді кӛрнекі құрастыруға болатын графикалық орта 
ретінде ұсынады. VISUAL BASIC-те бағдарламалау тілі ол кӛпке таныс BASIC 
стандарттық тілінің кеңейтілген версиясы. 
Қазіргі кезде Windows-те жұмыс істейтін қолданбалы қосымшалар жасауда Visual 
Basic және Object Pascal (Delphi) технологиялық тілдері кеңінен қолданылып келеді. 
Windows-те жұмыс істейтін қосымшалардың қолайлылығы – пайдаланушы компьютерге 
командаларды экранда кӛзге кӛрініп тұратын батырмаларды түрту арқылы беріп, нәтиже 
ала алатындығында. 
Visual Basic бағдарламасының компоненттері және олардың негізгі сипаттамалары: 
TextBox, Label, List және CommandButton компоненттерін қолданып қосымша жасау. 
TextBox – қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын 
компонент. Қосымша орындалғанда бұл ӛрісте жазылған мәтін редакцияланады. 
TextBox-тің негізгі қасиеттері: Name –объектіге ат беру, Text – ӛріске мәтін енгізу. 
Alignment – мәтінді сол жақпен, оң жақпен немесе ортамен түзету. 
Label – ақпаратты шығару үшін қолданылады. Кӛптеген қасиеттері 
TextBox
-ке 
ұқсайды, ал одан ӛзгешеліктері: мұнда қосымша орындалғанда мәтін редакцияланбайды, 
бұл объектіні батырма ретінде де пайдалануға болады. 
Label–дің ӛзіне тән қасиеттері: 
Caption
– жазу орнату. Бұл қасиетке мән беру кезінде 
кез келген әріптің алдына & амперсенд белгісі қойылса сол әріптің асты сызылып тұрады. 
AutoSize 
– обьектінің шекара ӛлшемдерін жазудың ұзындығына байланысты горизонталь 
бағытта автоматты түрде созатын бульдік шама.
WordWrap
– объектінің шекара 
ӛлшемдерін вертикаль бағытта созу. 
BolderStyle –
жазу алаңының түрін ӛзгерту, бұл 
қасиеттің мәнін 
1- FixedSingle
шамасына орнатса жазу алаңы 
TextBox 
секілді ӛзгереді, 
бірақ ондағы жазу редакцияланбайды. 
ListBox компоненті бірнеше мәтіндік қатарлардан тұратын тізім жасау үшін 
қолданылады. ListBox- тің негізгі қасиеттері: 
List
– қатарға мән беру немесе оның мәнін 
анықтау. Тізім қатарлары мәндерін қасиеттер терезесінде және программалық код 
терезесінде толтыруға болады. Тізімнің алғашқы қатарының нӛмірі 0-ге тең болады. 
ListIndeх 
– толтырылған тізімнен қатардың нӛмірін анықтау. 
ListCount –
тізімдегі қатарлар 
санын анықтау. 
Column
– тізімді бірнеше бағандарға бӛліп кӛрсету мүмкіндігін орнатады. 
CommandButton компоненті батырма жасау үшін қолданылатын объектілердің бірі. 
CommandButton-ның негізгі қасиеттері
: Caption 
- батырмаға жазу орнатады; 
BackCokor –
батырмаға түс беру; 
Picture – 
батырмаға сурет қою;
DisabledPicture –
батырманың 
ӛшірілген күйінде ғана кӛрінетін сурет орнату


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет