А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет42/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   90
Down Picture-
батырманың басылған 
күйінде кӛрінетін сурет орнату; 
Style-
объектінің жоғарыда айтылған графикалық 


96 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
мүмкіндіктерін орнату; (
BackCokor, Down Picture
); 
Cancel – 
ESC пернесін қолдану 
мүмкіндігін орнату; 
Default-
ENTER пернесін қолдану мүмкіндігін орнату. 
Енді осы қарастырған компоненттерді пайдаланып жоба жасау жолдарын 
қарастырайық. Visual Basic бағдарламасында қайталану және тармақталу алгоритмдерін 
жобалау. Қайталану процестерін ұйымдастыру үшін мынадай операторлар қолданылады. 
1.
For K=m To n Step p 
Цикл денесі 
Next K 
Цикл параметрі алғашқы мәні мен соңғы мәнінің арасында жатса цикл денесі 
орындалады, әйтпесе цикл тоқтап, басқару циклден кейінгі операторға беріледі. 
2.
While KЦикл денесі 
Wend 
While операторындағы шарт орындалғанша цикл денесі орындалады, әйтпесе цикл 
тоқтап, басқару циклден кейінгі операторға беріледі. 
3. Do While KЦикл денесі 
Loop 
Do While операторындағы шарт орындалғанша цикл денесі орындалады, әйтпесе 
цикл тоқтап,басқару циклден кейінгі операторға беріледі. 
4. Do Until KЦикл денесі 
Loop 
Do Until операторындағы шарт орындалмаса цикл денесі орындалады, ал шарт 
орындалса цикл тоқтап, басқару циклден кейінгі операторға беріледі. Сондай-ақ Visual 
Basic процедураларында цикл операторын қолданып цикл ішіндегі цикл ұйымдастыруға 
болады. 
VISUAL BASIC алгоритмдеу негіздерін игеруге және Windows бағдарламасы 
ерекшеліктерін оқып-үйренуге ӛте сай келеді, сондай-ақ кез келген тұрпаттағы қуатты 
қолданбалар жасау үшін барлық мүмкіндігі бар.
Мәліметтер қоры бұл ақпараттарды сақтауға арналған ұйымдастырылған құрылым. 
Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл 
базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын 
басқару жүйелері (МББЖ) ӛз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен 
қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-
қатынас жүзеге асырылатын әдістерді де (яғни, программалық код) орналастыруға 
мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек ғана мәліметтер 
ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз. 
Мәліметтер қоры – бұл алдымен кестелер жиынтығы, мәліметтер қорына 
процедуралар және басқа объектілер қатары кіреді. Кестені қандай да бір объектілер 
жиынның атрибуттары бар екі ӛлшемді кесте ретінде елестетуге болады. Кестенің аты 
идентификатор болады, ол арқылы оған сілтеме жүреді. Кестенің бағандары сол немесе 
басқа объектілердің характеристикаларына, яғни ӛрістерге сәйкес келеді. Әрбір ӛріс 
сақталған мәліметтердің аты мен типі арқылы сипатталады. Ӛрістің аты – идентификатор. 
Ол әртүрлі программалардағы мәліметтерді манипуляциялау үшін қолданылады. Ӛрістің 
аты латын әрпімен жазылады. Ӛрістің типі мәліметтер ӛрісінде сақталғандардың типтерін 
сипаттайды. Ол жол, сан, үлкен текстер, кескіндер т.с.с. болуы мүмкін. 
Мәліметтер қоры тӛмендегідей талаптарды қанағаттандырады:
 
1.
Мәліметтер тәуелсіздігі – бұл принципті екі жақты анықтауға болады. 
а) Мәліметтер ӛзгертілгенде осы мәліметтерге қолданылған программа ӛзгертілуі 
міндетті емес. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
97
ә) Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын барлық программа басқа программадағы 
ӛзгертулерден оқшауланған болуы тиіс. 
1.
Мәліметтер қорында мәліметтер мүмкіндігінше қайталанбауы тиіс, яғни, артық 
мәлімет болмайтындай етіп, сақтауды ұйымдастыру. 
2.
Жан-жақты байланысты орнату және қолдау. Мұндай байланыстар қандай да бір 
файлды әр түрлі қолданбалы программалардан шақыруды ұйымдастырады. 
3.
Үзіліссіз дамытылуы, яғни, барлық уақытта мәліметтер ӛзгертіліп және кеңейтіліп 
отыру мүмкіндігі бар. 
4.
Мейлінше аз шығындану, яғни, жадыдан кӛп орын алмау. 
Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері
Мәліметтер қорын жобалауда мәліметтерді ұйымдастыруды үш кезеңде: ақпаратты –
логикалық (инфологиялык), даталогиялық (концептуалдық) және физикалық деңгейлерде 
қарастыру қабылданған. Бұл деңгейлерге пәндік саланың инфологиялық, концептуалдық 
және физикалық модельдері сәйкес келеді. 
Мәліметтер қорын құратын және оларға сұрауды ӛңдейтін бұл - мәліметтер қорын 
басқару жүйелері болып табылады. Дербес МҚБЖ бір компьютерде орындалатын жеке 
мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Жеке МҚБЖ – Paradox, dBase, FoxPro, 
Access. Комплекстік мәліметтер қорын программалаудың ортасы кӛмегімен құруға 
болады. Мысалы, Delphi, Visual Basic т.б. 
Visual Basic ортасы Access, FoxPro, Dbase, Paradox форматындағы мәліметтер 
қорымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
Қазіргі таңда қолданылатын мәліметтер қоры «клиент-сервер» архитектурасымен 
жұмыс істейді. Visual Basic ортасында клиент-сервер архитектурасымен жұмыс істеу үшін 
ADO (ActiveX Data Objects) технологиясы қолданылады, бұл мәліметтер қорына ену 
әдістерін қамтитын жаңа технологиялардың бірі. 
ADO технологиясын Access, Oracle, SQL, және т.б. мәліметтер қорына қосылу үшін 
қолдануға болады. Бұл технологияда МҚ-на тез және ыңғайлы түрде қосылуға мүмкін 
беретін OLE DB жаңа механизмі қолданылады. ADO технологиясында OLE DB 
драйверлері бар кез келген МҚ-на қосылу мүмкіндігі бар. 
VB қосымшаларында ADO технологиясын жүзеге асыру үшін үш түрлі құрал 
қолданылады: 
1.
ADO Data Control 
2.
ADO Connection Object (МҚ-на қосылуды жүзеге асыратын объект) 
3.
ADO Recordset Object (жазбалар жиынтығы мен жұмыс істеуге арналған объект) 
ADO Connection Object және ADO Recordset Object объектілері DLL – кітапханалар болып 
табылады. Сондықтан олармен жұмыс істеу типтер кітапханасына сілтеме жасау 
кӛмегімен іске асады, яғни қасиеттер, әдістер, оқиғалар және мәліметтер типтері осында 
орналасқан. 
Visual Basic ортасында мәліметтер қорын, кестелерді құру және оларды ӛңдеу үшін 
Visual Data Manager қосымшасы қолданылады. Мәліметтер қорында сақталатын буманы 
кӛрсетіп мәліметтер қорына атау бергеннен кейін оның құрамына кіретін кестелер, 
индекс, кілттік ӛрістер құруға болады. 
Visual Basic ортасында мәліметтерді кесте режимінде кӛру үшін DataGrid, FlexGrid, 
DataBoundList компоненттері, ал форма режимінде кӛру үшін ListBox, TextBox, 
ComboBox компоненттері қолданылады. 
Visual Basic ортасында мәліметтер қорымен байланыс орнату үшін ADO Data Control 
6.0 басқару элементін қолданамыз. 
Мәліметтерді ӛңдеу үшін SQL құрылымдық сұраулар тілі қолданылады. 
Мәліметтерді таңдап алуда Select операторы қолданылады. Бұл оператор SQL операторы 
тілінің негізгі операторы болып табылады, ол күрделі критерийлерді қанағаттандыратын 
жазбаларды таңдап алуда қолданылады. 


98 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
Visual Basic ортасында Crystal Reports pro программасының кӛмегімен есептерді 
құруға болады. Бұл программаны қолдану үшін оны алдымен компьютерге орнату керек. 
Crystal Reports pro программасы орнатылғаннан кейін Visual Basic-ті іске қосамыз. 
AddIns менюінен ReportDesigner программасын таңдаймыз. Ашылған диалогтық терезеде 
жаңа есепті құру үшін File-New компонентін орындаймыз. Есеп шебердің кӛмегімен 
құрылады. Шебердің жұмысы бірнеше қадамнан тұрады. Барлық қадамды орындағаннан 
кейін есепті алдын ала кӛру режимінде кӛруге болады. Егер есеп ӛз қалауымызша 
шықпаса, оған әртүрлі түзетулер енгіземіз. Ол үшін design жапсырмасына кӛшеміз. Бұл 
бӛлім есептің құрылымын ӛзгертуге мүмкіндік береді. Яғни, бұл жерде ӛрістің орналасу 
ретін ауыстыруға, әртүрлі шрифт түрлерін таңдауға, артық ӛрістерді жоюға, графикалық 
бейнелерді орналастыруға және т.б орындауға болады. Есеп кеңеймесі rpt түрінде 
сақталады. Есепті қосымшада қолдану үшін стандартты емес элементті (Crystal Report) 
жобаға қосу керек. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.Тим Андерсон. Visual Basic «Шаг за шагом». – Москва, 1997.-223 б. 
2. 
К.З.Халықова, 
Б.Ғ.Бостанов, 
А.Р.Тұрғанбаева 
Обьектілі 
бағдарланған 
программалау жүйелерінің негіздері. – Алматы, 2005. 
3. Д.П. Мак-Манус. Обработка баз данных на Visual Basic 6.0.М, С-П, Киев, 2000. – 
396 б. 
РЕЗЮМЕ 
В этой статье рассматривается принципы проектирования базы данных в среде 
Visual basic. Также приведены условие при проектировании базы данных.
SUMMARY 
This article deals with the principles of database design in the environment of Visual basic. 
Also given the condition in the design of the database. 
ӘОЖ 378.02:37.031.4 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет