А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет54/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   90
Маңғыстаумұнайгазбарлау
» (
ММГБ
) тресі құрылып, ол БҒЗГБИ ғалымдарының ғылыми 
ұсыныстарын іс жүзінде байқау үшін Маңғыстауда терең бұрғылау жұмыстарын бастады. 
Осы жылы «ММГБ» тресі Жетібай алаңына таяз (структуралық) бұрғылау, ізденіс 
жұмысын қолданып сол жерде кӛтеріңкі құрылым барлығы дәлелденді. Дәл сондай жұмыс 
Ӛзен алаңында да жүргізіліп, жоғарғы бор қабаттарында құрылымның барлығын жете 
тексеріп және оларда ӛндірістік газ горизонттарының белгілері анықталды. Жасалған 
жұмыстардың нәтижесінде 1959 ж. Жетібай мен Ӛзен құрылымдары терең бұрғылау 
арқылы мұнай-газ кен орындарын іздеу жұмыстарына толықтай дайындалды. 1959 ж. 
Жетібай алаңында терең бұрғылау жұмыстары басталды, ал 1961ж. 5 шілдеде №6 
ұңғымадан 2400 м тереңдіктен мұнай фонтаны атқылады. Осы жылдың желтоқсан айында 
Ӛзен алаңында юра қабатынан мұнай кӛзі ашылды. Бұл осы аймақтың республикалық 
маңызы бар ірі мұнай-газ қоймасы екендігін әйгіледі. 4-кезең 1961 жылдан, яғни Оңтүстік 
Маңғыстауда жаңа мұнай кӛздерін барлау жұмыстарының кең кӛлемде жүргізілген 
кезінен басталады. 1964 жылға дейін барлау жұмыстары кӛбіне Жетібай, Ӛзен 
алаңдарында жүргізіліп, бұл кен орындарын ӛндірістік игеруге дайындады. Кейінгі 
жылдары терең бұрғылау, барлау жұмыстарының нәтижесінде Оңтүстік Маңғыстаудан 
Теңге (1964), Тасболат (1965), Қарамандыбас (1965), Шығыс Жетібай (1965), Доңға – 
Еспелісай (1969) мұнай-газ кен орындары, Қансу (1970), Ақсу – Кендірлі (1972), Оңтүстік 
Аламұрын газ кен орындары ашылды. 1973 жылдан бастап «ММГБ» тресі бұрғылау 
жұмыстарының басым кӛпшілігін Бозащы түбегіне бағыттады да Қаражанбас (1974), 
Солтүстік Бозащы (1975), Қаламқас (1976), Жалғызтӛбе (1976), Арман (1979), Шығыс 
Қаратұрын (1979), Теңіздегі Қаратұрын (1980), т.б. кен орындары ашылып, ӛндірістік 
игеруге берілді. Соңғы жылдары «ММГБ» тресі Солтүстік Маңғыстаудан, Үстірттен және 
Оңтүстік Каспий маңы аймақтарынан мұнай-газ кендерін ашып, аудандарды барлау 
жұмыстары терең бұрғылау әдісімен жүргізілуде. Маңғыстау «қара алтынын» ашуға 
тікелей ат салысқан бір топ ғалымдар мен ӛндірістік қызметкерлер кезінде одақтық – 


124 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
Лениндік сыйлықтың лауреаты атағына ие болды. Олар: Ж.Досмұханбетов, Б.Дьяков, 
Ш.Есенов, Е.Иванов, Н.Имашев, Н.Калинин, X.Махамбетов, В.Матвеев, В.Токарев, 
Н.Черепанов, X.Ӛзбекғалиев. 1964 ж. Маңғыстаудың мұнай-газ қорын халық игілігіне 
пайдалану үшін Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында «Маңғышлақмұнай» бірлестігі 
құрылды (қазіргі «Маңғыстаумұнайгаз» ӛндірістік бірлестігі). Сол жылдардан бастап 
бірлестік Ӛзен – Жетібай тектоникалық сатысының алқабын терең барлау жұмыстарын, 
«Маңғыстаумұнай» бірлестігіне берілген Ӛзен барлау экспедициясымен (басшылары 
Д.Үсенов, С.Саркисов, X.Махамбетов), 1966 жылдан жаңадан құрылған Жетібай бұрғылау 
конторының күштерімен жалғастырды. 1979 ж. Бозащыдағы мұнай кен орындарын 
ӛндірістік игеруге байланысты Жетібай бұрғылау басқармасы екі басқармаға бӛлінді: 
Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасы және Маңғыстау барлау бұрғылау басқармасы. 
Осылардың біріншісіне Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас мұнай кен орындарында 
пайдалану ұңғымаларын қазу міндеттелінсе, екіншісіне барлау ұңғымаларын қазу 
белгіленді. Терең бұрғылау жұмыстары алғашқы жылдары юра қабаттарына жүргізілсе, ал 
70-жылдардың басынан бастап тереңде жатқан триас шӛгінділерінде ізденіс жұмыстары 
басталды. Сол жылдары ашылған мұнай-газ кен орындары: Асар, Түрікменой, Оңтүстік 
Жетібай, Бектұрлы, Ақтас, Бұрмашы, Батыс Теңге, Ракуш, Тамды, Оймаша, Шынжыр, 
Солтүстік Қарақия, Солтүстік-батыс Жетібай, Каменистое, Сәрсенбай, Пионер, Шығыс 
Нармаул, Алатӛбе, Солтүстік Придорожный, Солтүстік Қарамандыбас, Жарты, Махат, 
Шығыс Ӛзен, Оңтүстік-шығыс Бектұрлы, Сарытӛбе, Айрантақыр, Батыс Ақтас, Ащыағар 
және Придорожное [3]. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
http://kk.:wikipedia.org 
2.
Серікбол Қондыбай, Маңғыстау географиясы. Маңғыстау мен Үстірттің киелі 
орындары. Толық шығармалар жинағы, 3 том, Арыс баспасы, Алматы қ., 2008 жыл, (3T)
3.
Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: «Мұнайшы» 
Қоғамдық қоры, 2005.
РЕЗЮМЕ 
В этой статье рассматриваются промышленное производство Мангыстауской 
области. 
SUMMARY 
The article deals with the industrial productions of Mangystau area. 
УДК 373.1.02 : 372.891 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет