А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет61/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90
.
 
Қазақстанның солтүстігінде, Астана және Кӛкшетау 
қалаларының арасында таң қалдырар ӛңір – Бурабай мекені орналасқан. География 
тұрғысынан бұл аймақ Кӛкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жолбасшылар оны 
«Қазақстан Інжуі» деп атайды. Бурабай курорттық аймағының табиғат кешендері тек 
Қазақстан Республикасының туристерін ғана емес, сонымен қатар таяу және алыс 
шетелдерінің туристерін де қызықтырады: ол керемет табиғи-климаттық жағдайлары, бай 
емдеу-тынықтыру ресурстары мен тарихи-мәдени қоры, пайдалы географиялық 
орналасуы, трансмемлекеттік, авиациялық, теміржол және автокӛлік магистральдары бар 
курорттық жерлер. Бурабай тауы (690 м.) – керемет кең кӛлемді жер. Бурабай – бұл түйе. 
Оңтүстікке қарай Щучье шоқылары, олардың ішіндегі ең үлкені Жеке батыр (826 м.) деп 
аталады. Бурабай ӛңірінің таулы аймағы жұмбаққа толы. Бурабай – Қазақстанның 
тынығуға арналған інжу орны тылсым ғажайыптарға толып тұрған қиял-ғажайып таулы 
жерде орналасқан. Тамаша қарағайлы ормандар, үлкен жартастар, кейде кӛз алдыңа 
египет пирамидаларын елестететін кӛлемі жағынан орасан зор шыңдар тынық мӛлдір 
кӛлдермен бӛлінген. Парктің аумағындағы ӛсімдік әлемінің түрі орманды, далалы, 
шабындық, шалшықты және сортаңды, 800-ге жуық ӛсімдік түрі бар. Омыртқалы 
жануарлардың 305 түрі бар. Бурабайда 86 стационарлық демалыс мекемесі шоғырланды. 
Парк аумағындағы ландшафттың қазіргі кездегі құрылымында дала, кӛл, орман, орман-
дала ландшафтары және тӛмен таулы ландшафттар бар. Щучье-Бурабай курорттық 
аймағының аумағында 14 кӛл бар, оның ішіндегі кӛпшілігі кіші кӛлдер. Жасыл орман 
айналасында Щучье, Бурабай, Үлкен және Кіші Шыбыш, Қотыркӛл кӛлдері жарқырап 
жатыр. Кӛкшетаудың айдарынан кіші кӛлдер: Светлое, Карасье, Горное, Лебединое 
кӛрініп тұр. Ӛзен желісі онша дамымаған, тек кіші ӛзендер, жылғалар және уақытша су 
ағыстары ғана бар. Бурабайдың кӛрнекті жері сол атаулы кӛлдегі Голубой залив 
шығанағы болып табылады. Дәл шығанақтың суынан сфинкске ұқсайтын Жұмбақтас 
жартасы шығып тұр, баурайында ағаштары жайылып ӛскен Оқжетпес жартасы кӛтерілген. 
Мұнда әр атаудың ӛз аңызы бар. Бурабайдың аң әлемінде 300-ден астам аңдар бар. Бұл 
мекеннің ӛсімдік-шӛбі де шипалы [2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет