А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет62/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90
 
Зеренді.
 
Кӛкшетау қаласынан 50 км жерде Зеренді кенті орналасқан. Зеренді 
Кӛкшетау үстіртінде орналасқан тау-қыраттары бар, орман, кішігірім кӛлдер мен ӛзендер 
жайылған кӛлемді аумақтың бір бӛлігі. Бұл ӛңірге жеке-жеке шоқылары бар жазық жерлер 
мен тау жүйесі тән. Жазық жерлер ӛзен аңғарларымен қиылысады. Кей жерлерде жазық 
жерлер ӛз арналарымен терең каньондар жасайтын кішігірім ӛзендермен жиі қиылысады. 
Кӛп жылдар бойы мұнда жел, жаңбыр, аяз және аптап ыстық сияқты табиғат құбылыстары 
қожайын етуіне байланысты биік таулар отырып, жарылып, шашылып, үгітіліп қалған. 
Қазір олар биік емес болса да, нәзік, әдемі кӛрінеді әрі қызықтырады. Зерендіге кіріп бара 
жатқанда, алыстан-ақ олардың кӛкше шыңдары кӛрінеді. Кӛз алдарыңызда Зерендінің 
жап-жасыл табиғаты, кӛгілдір таулардың шыңдары, ондаған шақырымдарға созылып 
жатқан кілемдей жайылған орман суреттеледі. Зеренді кӛлі үлкен кӛлемдегі тектоникалық 
шығу тегі бар, оған теңіз деңгейінен биік орналасуы (370 м) болып табылатындығы тән, 
жағасындағы демалуға арналған жағажай орындары аз және басым кӛбі қарағай болып 
келетін ағаштар сирек ӛскен. Кӛлдің түбі тегіс, құмды, малтатаспен және бӛлек-бӛлек 
қойтастармен жабылған. Кӛлдің ұзындығы 7 км, тереңдігі 6 км. Суы тұщы, мӛлдір, 
жаздың күні судың температурасы 24
0
С-қа дейін жетеді. Кӛлде шабақ, таутан, рипус, 
айналы тұқы жүзеді. Зеренді бұл ӛңірдің ең әдемі кӛлдерінің бірі болып есептеледі. Бұл 


142 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
тек табиғаттың әшекейі ғана емес, сонымен қатар сүйікті демалыс орны болып табылады 
[3].
 
Ерейментау.
Бурабай курорттық аймағына үлкен антропогендік жүктеуді есепке ала 
отырып, осы уақытта жоғары туристік-тынығуға арналған әлеуеті бар басқа да 
аудандарды игеру қажеттігі туындады. Мұндай аудандарға бірінші кезекте Ерейментау 
ауданы жатады. Ерейментау ауданының туристік қызметті дамыту үшін барлық 
алғышарты бар. Ӛңірдің ерекшелігі болып кеңінен белгілі Қарағайлы тауы немесе Сұңқар 
таулары табылады. Ерейментау ауданындағы тау ландшафты, бай жануарлар және 
ӛсімдіктер әлемі, қазақтың ұсақ шоқыларының араларында орналасқан ӛзендердің кӛптігі 
– бүкіл осы байлық туристік ағындарды қызықтыру үшін әлі әлсіз пайдаланылуда. 
Ерейментаудың аласа таулары мен Сұңқар аралдық таулары экологиялық экстремалды 
туризмді дамыту үшін қалай болса да келеді. Аумақтың кеңдігі, шын мәніндегі халықтың 
аз тұрақтауы Ерейментау тауларының аумағына табиғи-аумақтық кешенге зиянсыз 
оңтайлы жүктеме жасауға мүмкіндік береді. Ерейментау қаласында «Акмолатурист» АҚ 
ӛкілдігі қызмет етеді. Табиғат мүмкіндіктері Қалқаман мекенінің тӛңірегінде демалыс 
базасын ашуға мүмкіндік береді (бұлақ, орман, су айдыны, қалаға жақын орналасқандық). 
Осыдан активті және пассивті демалыстың барлық түрі үшін турларды бастауға болады. 
Сондай-ақ, Тілес, Қоржынкӛл, Ордабай, Бозайғыр, Қабыланкӛл, Алғабас, Баймен кӛлдері, 
Ақдын, Белодымка, Тӛре таулары, Қарағайлы (Соколинка) мекені экологиялық туризмді 
дамыту үшін қолайлы жерлер. Ерейментау ауданы демалыс аймақтары мен туристік 
базаларды салу үшін бірден-бір жер болып табылады [4]. 
Сандықтау.
Ӛлке мәдениеті, археология және табиғат ескерткіштерімен бай, 
оларды тиісті түрде сақтау қажет, ӛйткені олар туристік ӛнімнің негізгі түрлерінің бірі. 
Сандықтау орта мектебінде ӛлкетану мұражайы бар; кенттің құрылу тарихы, бұл ӛлкенің 
белгілі адамдары әлі есінде жүрген байырғы тұрғындар бар. Сандықтау таулары 
экотуризмді дамыту үшін қолайлы. Тамаша табиғат ландшафтары, жануарлар мен 
ӛсімдіктер әлемінің алуан түрлілігі, экологиялық қолайлы аудан жақсы туристік ӛнім 
ретінде пайдаланыла алады. Шиши аралдық тауларының әлем-жәлем кескіндері, тағы 
табиғаттың адам қолының тимегендігі, тек осы ауданға ғана тән ӛсімдіктердің сирек 
түрлері экотуристерді қызықтыруға қолайлы, ал Түкті су құламасының жартасты тік 
беткейлері – экстремалды туризмнің дамуы үшін табылған олжа. Сандықтау ауылында 
туристерге қызмет кӛрсету үшін «СВТ-топқа» топтасқан (экологиялық бірлестік) 
адамдардың бастамашыл шығармашылық тобы бар. Сондай-ақ экотуризм мен 
экстремалды туризмді дамыту үшін іске дұрыс жол тапқан кезде ӛте үлкен материалдық 
шығындар қажет емес, бұл алдағы уақытта Сандықтау ауданы да туризмнің үлкен 
перспективаларына үміт береді [5]. 
Облыс туристік бизнесті дамытуға аса қолайлы аумақты алып жатыр. Демалыс 
аймақтарының индустриалды кӛп орналасқан ӛңірлердің жақын болуымен байланысты 
ыңғайлы географиялық орналасуы бар. Бірегей табиғи-климаттық жағдайларымен – 
жартасты таулардың, қарағайлы орманның, ыңғайлы жағажайы бар кӛлдердің, «Бурабай» 
курорттық аудандарындағы кӛлдердің, Жӛкей, Қатаркӛл, Майбалық, Үлкен және Кіші 
Шыбыш ӛзендерінің тынығуға арналған аймақтарының тамаша үйлесімділігі бар 
ландшафттың сұлулығымен ТМД мемлекеттерінің ең белгілі курорттарымен бәсекелесе 
алады. Облыс аумағында «Бурабай», «Кӛкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, 
сондай-ақ бүкіл Еуро-Азия континентінде бірден-бір жерлердің бірі болып табылатын 
халықаралық мәндегі Қорғалжын қорығы бар. Щучье-Бурабай курорттық аймағы – бұл 
керемет табиғи-климаттық жағдайлары, бай емдеу-тынығу ресурстары мен тарихи-мәдени 
қоры, Республиканың орталығындағы географиялық Қазақстан Республикасының 
елордасы Астана қаласына жақын орналасуы бар курорттық жерлер. Болашақта оның 
Еуразияның ірі қазіргі заманғы орталығы болуын күтудеміз. Мұнда іскер, әлеуметтік-
мәдени, ғылыми-білім беру, сондай-ақ ойын-сауық мәніндегі объектілер салу 
жоспарлануда. Курорттық аймақтың алдағы уақыттағы дамуына шетел капиталын 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
143
қызықтыру үшін инфрақұрылымның дамуына кӛп кӛңіл бӛлінуде. Жаңа жолдарды салу, 
әуе хабарламаларын ашу, тұрақты сумен және энергиямен қамсыздандыру бойынша іс-
шаралар әзірленді. Осы шаралар тұруға, белсенді демалуға және туристердің қарым-
қатынас жасауына арналған ғимараттар мен мекемелер салуға қаржы салу үшін жағдай 
жасауды қамтамасыз етеді. 
Сондай-ақ қолайлы инвестициялық климат жасау, отандық және шетел 
инвестицияларын қызықтыру мақсатында аумағында туристік ойын-сауық орталығын 
дамыту перспективасы бар «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Туристік 
ойын-сауық орталығы - әлеуметтік жоба: ойын үй-жайларын ауыстыру осы ауданның 
инвестициялық климатын жандандыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, салық 
түсімдерін арттыруға, сондай-ақ ілеспелі инфрақұрылымның дамуына мүмкіндік береді. 
Щучье-Бурабай курорттық аймағының дамуына ойын бизнесі дамытылатын арнайы бӛлек 
алынған екі орталықтың біреуінің орналасуының анықталғаны септігін тигізеді. Жалпы, 
облыс ӛңірдің экономикасынының дамуына инвестицияны, оның ішінде халықаралық 
туристік бизнесті қызықтыру үшін бай әлеуетке ие, оған қоса қазіргі таңда рекреациялық 
туризмді дамыту кеңінен қолға алынылып жатыр. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. М.А.Титова, Экономические основы развития туризма Акмолинской области// 
Валихановские чтения – Х: Сб. Матер.междунар.науч.-практ.конф.-Кокшетау, 2005. 
2. М.А.Титова Потенциал и перспективы развития экологического туризма в 
Акмолинской области //Вестник КазНУ. Серия географическая.2005. №1. 103-106 бет. 
3. М.А.Титова Перспективы развития туризма Акмолинской области//V-Сатпаевские 
чтения: Сб. Матер. Республиканской науч.-практ.конф.-Павлодар, 2005. 
4.
ҚР-да туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік 
бағдарламасы. 
5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға 
арналған стратегиялық жоспары. 
РЕЗЮМЕ 
В этой статье рассматриваются привлекательные места Акмолинской области.
SUMMARY 
The article deals with the sightseeing of Akmola region. 
ӘОЖ 373.1.02:372.891 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет