Кесте 7.
№
Тартылыс
өрісіндегі
Серпімді тербеліс
Электромагниттік
тербеліс
98
тербеліс
1
2
3
4
5
x=x
m
cosωt
υ
x
=−x
m
ωsinωt
a
x
=−x
m
ω
2
cosωt
ω=√g/
l
T=2π√
l
/ g
x=x
m
cosωt
υ
x
=−x
m
ωsinωt
a
x
=−x
m
ω
2
cosωt
ω=√k/
m
T=2π√
m
/ k
q=q
m
cosωt
i=-q
m
ωsinωt
i`=- q
m
ω
2
cosωt
ω=1/√LC
T =2π √LC
Индукция-бақылау нәтижесіне, тәжірибелік фактларға
сүйенеді.
Теориялық
деңгейдегі физикалық білімдер жүйесі теориялар
мен негізгі идеялардан, принциптер мен гипотезалардан (жора-
малдардан) түзіледі. Физикалық теория математикалық тендеу
түрінде өрнектелген, қарастырылып отырған физикалық
құбылыстардың мәні мен қасиеттері сипаттайтын теориялық
заңдардан тұрады. Мысалы, М.Фарадей мен Дж.Максвелдің
электромагниттік өріс теориясы тікелей тәжірибе нәтижелерінен
алынған жоқ, оның идеал образы теориялық тұрғыда жасалын-
ған. Физикалық теорияның құрылымы үш бөліктен (негізі,
ядросы, қорытындысы) тұрады. Оның негізіне идеализациялан-
ған объект, физикалық шамалар кіреді. Мәселен, электрондық
теория үшін абстракты электрон газы, кванттық электродина-
мика
үшін
гармониялық
осциллятор
жүйесі
алынған.
А.Эйнштейн айтқандай, тәжірибелердің нәтижелері (фактылар-
дың) негізінде теория құруға және оның күрделі теңдеулерін
жасауға болмайды, бұл әрине, скелет-сүйектерінен тірі орга-
низмді құрастырып «жасауға» болмайтыны сияқты іс. Физикалық
теорияның ядросы математикалық теңдеулермен өрнектелген
зандардың жүйесінен, постулаттардан, принциптерден құрылады.
Мысалы, классикалық механиканың ядросы - Ньютон, электро-
динамика ядросы - Максвелл, релятивистік емес және релятивис-
тік кванттық механика ядролары - Шредингер және Дирак, жалпы
салыстырмалық теория үшін - Эйнштейн теңдеулері. Энергияның
сақталу және айналу заңдары, салыстырмалық және симметрия
принциптері, статистикалық және кванттық концепциялар фунда-
ментальды теориялардың құрамды бөліктеріне мысал бола алады.
Фундаментальды концепциялар мен теориялардың негізінде
физикалық нысандар (объектілер) мен құбылыстардың жиын-
тығын қамту, олардың моделін жасау және қолданылу шекара-
ларын анықтау - теориялық физикалық ойлаудың ерекшелік
белгілері.
|