А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


 Факультатив сабақтарының мақсаты, маңызы



Pdf көрінісі
бет62/93
Дата17.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#108294
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   93
Байланысты:
ФӘО

6.5. Факультатив сабақтарының мақсаты, маңызы. 
Факультатив курсының мазмұны және өткізу әдістері 
Оқушылардың физика-математикалық, жаратылыстану, гума-
нитарлық ғылымдар бойынша білімдерін тереңдететін оқушы-
лардың қабілеттерін жан-жақты дамытып және қызығушылық-
тарын қанағаттандыру мақсатында факультатив сабақтары 
мектептерде 1966 жылдан бастап енгізілген. Ол кезде 
мектептерде білім беру жүйесі де, мектептердің өздері де бірдей 
болатын. Сондықтан факультатив сабақтар сол кездегі саралап 
оқытудың жалғыз формасы болды.
Қазіргі кезеңде факультатив сабақтары мектептегі саралап 
оқытудың басқа формаларымен қатар жүреді (деңгейлік және 
бағдарлы саралау). Оларға берілетін уақыт базистік оқу 
жоспарының вариативтік бөліміне енгізілген: факультатив 
сабақтарға оқушылар өз қалаулары бойынша курсты таңдап 
қатысады.
Факультатив сабақтарының маңызы:
- оқушылардың қабілеттерін дамыту; 
- қызығушылықтарын қанағаттандыру; 
- оқушылардың шығармашылық қабілетерін дамыту; 
- оқушылардың білімдерінің сапасын арттыру; 
-оқушыларды қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың 
жетістіктерімен таныстыру; 
- оқушыларда жалпы оқу біліктерін қалыптастыру (баян-
дамаларды әзірлеп баяндау, рефераттар жазу, топпен жұмыс 
істеу, ақпаратпен жұмыс істеу); 
- оқушыларға кәсіби бағдар беру. 
Факультатив курстарының жүйесі үш топтан тұрады; 
1) 
Жоғары деңгейдегі курстар. 
Бұл курс негізгі физика
курсымен тығыз байланысты. Оның мақсаты – оқушылардың 
сабақтарда алған білімдерін тереңдету.Бұл курстар оқушылардың 
теориялық білімдері мен экспериметальдық іскерліктерін 
байланыстырып, толықтырады. 
2) 
Қолданбалы физика курсы.
 
Мақсаты оқушыларды
 
физика 
ғылымының жетістіктерін практикада қолдану әдістерімен 
таныстырып, олардың техника мен технологияға қызығушы-
лықтарын тәрбиелеп дамыту. Факультатив курсының бұл түрінде 
оқушылар ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының 


129 
физикалық негіздерімен (механикаландыру, автоматтандыру, 
аспап жасаудың, энергетика) негіздерімен, физика-техникалық 
зерттеулерді жүргізу мен өлшеу әдістерімен танысып, физика-
техникалық модельдер мен конструкцияларды құрып жинақтауға 
үйренеді.
3) 
Арнайы курстар

Бұларда оқушылардың ғылыми дүние-
танымдық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды роль 
атқаратын физика мен астрономияның кейбір тараулары 
қарастырылады.
Бұл курстың мақсаты – негізгі физика курсының бағдарла-
масында жоқ кейбір маңызды тақырыптардың орнын толтыру. 
Арнайы курстарға пәнаралық факультативтер де жатады. 
Олардың мақсаты – бірнеше жаратылыстану және гуманитарлық 
пәндерден алған оқушылардың табиғат пен қоғам туралы 
білімдерін интеграциялау.
Кейбір факультатив курстары 1 жыл бойы оқытылса, 
кейбірулерін 2-3 жыл бойы оқиды. Егер факультатив курсы 
бірнеше жыл бойы оқытылса, оның әр жылдағы бағдарламасы 
автономды болып, оқушы кез-келген жылда қалауы бойынша бұл 
курсқа қатыса алады.
Факультатив сабақтарына қатынасатын оқушылар саны 10 
адамнан кем болмауы керек. Шағын жинақталған метептерде 
факультативтік сабақтарға қатынасатын оқушылар әр сыныптан 
жинақталуы мүмкін. 
Факультатив сабақтары арнайы жасалған бағдарламалар 
бойынша өткізіледі. Кейбір факультатив курстарының бағдарла-
малары Білім Министрімен бекітіліп, бағдарламалар жиынтығына 
енгізілген. Мектеп әкімшілігі бекіткен мұғалімнің өзі жасаған 
бағдарлама бойынша да факультатив сабақтарды өткізуге болады. 
Физикадан факультатив курстарының мазмұнын таңдап тағайын-
даудың негізінде О.Ф.Кабардин көрсеткендей ұстанымдар 
жатады: 
- факультативтің негізгі курспен байланысы; 
- факультатив курстарының мазмұнында фундаментальді 
физикалық заңдар мен принциптердің (сақталу заңдары, 
сәйкестік пен симметрия принциптері т.б.) болуы;
- пәнаралық байланыстың жүзеге асуы; 
- политехнизм принципінің жүзеге асуы жатады.


130 
Жоғарғы деңгейдегі факультатив курстарының бағдарламасы 
мазмұны жағынан негізгі физика курсының бағдарламасымен 
сәйкестенген болуы керек. Бұл сабақта қаралатын физикалық 
заңдар мен құбылыстарды тереңірек қарауға мүмкіндік береді. 
Осы факультативтік сабақтарды жоспарлау негізгі курстық 
сабақтарды жоспарлаумен параллель жүзеге асады.
Мысалы жоғарғы деңгейдегі факультатив курстарының маз-
мұны (8-сынып) «Жылулық, электрлік, жарық құбылыстары»,
(9-сынып) «Механика», (10-сыныптың физикадан факультативтік 
курсы) «Молекулалық физика», «Электродинамика», (11-сынып-
тың физикадан факультативтік курсы) «Электродинамика» 
(жалғасы), «Тербелістер», «Толқындар», «Кванттар». 
8-сыныптың факультатив сабақтарында оқушылардың жылу-
лық, электрлік, жарық құбылыстары туралы білімдері толықты-
рылып тереңдетіледі. Молекулалардың өлшемдерін, массаларын, 
жылдамдықтарын, концентрациясын анықтайтын тәжірибелер 
қарастырылады. МКТ негізінде капиллярлық құбылыстар түсінді-
ріледі. Жылулық ұлғаю және оны техникада ескеру қарасты-
рылады. «Атмосфера физикасы» тақырыбын қарастырудың 
білімділік құндылығы оқушылардың физика мен географиядан 
алған білімдері интеграцияланады.
«Электр тогы», «Электромагниттік құбылыстар» тақырып-
тарын қарастырғанда негізінен қолданбалы мәселелер: электро-
лиз, оның қолданылуы; электр өлшеуіш құралдар, электрмаг-
ниттік реле, айнымалы токты алу, трансформатор т.б. 
қарастырылады.
«Оптика» тарауы бойынша фотометрия элементтері, жарық-
тың сыну заңдары, линзалардың формулалары, ақ жарықтың 
спектрлерге жіктелуі сияқты мәселелер қарастырылады. 
9-сыныптың факультативтік курстарының мақсаты – оқушы-
ның механика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдетіп, 
қашықтықты және уақытты өлшеудің әртүрлі практикалық 
әдістерімен таныстыру. Кинематикада зейін қозғалысты график-
тік бейнелеуге, классикалық жылдамдықтарды қосу заңдылық-
тарының қолдану шегі мен жарықтың жылдамдықтарының 
шектігі мен инварианттылығын талдауға бөлінеді. 
«Динамика» тарауын қарастырғанда негізгі материалдармен 
қатар инерциалдық емес санақ жүйесіндегі денелердің 
қозғалысы, центрден тепкіш механизмдер қарастырылады. Бұл 


131 
сыныпта «Қатты денелердің айналмалы қозғалысы» тақырыбын 
қарастырғанда айналмалы қозғалыстың кинематикалық және 
динамикалық сипаттамалары 
-инерция моменті ұғымы мен 
айналмалы қозғалыстың динамикасының теңдеуі 
беріледі.
10-сыныптың факультативтік курстарында молекулалық 
физика модельдерінің қолданылу шегі, молекулалардың 
жылдамдықтары бойынша жіктелуі (Максвелл), статистикалық 
және термодинамикалық әдістер қарастырылады.
«Термодинамика» тарауы бойынша жылу сиымдылық ұғымы 
тереңірек қарастырылып, газдардың жылу сиымдылығының 
оның күйінің өзгеру процесіне тәуелділігі, қайтымсыз процесс 
туралы түсінік, термодинамиканың ІІ заңы және оның статис-
тикалық мағынасы, жылу двигателінің жұмыс істеу принциптері 
қарастырылады. «Электродинамика» тарауында Остроградский-
Гаусс теоремасы, сегнетоэлектриктер, пьезоэлектрлік эффект, 
жартылай өткізгіштің қолданылуы сияқты мәселелер қарасты-
рылады. Электрлік шамаларды және магниттік шамаларды өлшеу 
әдістеріне көңіл бөлінеді.
11-сыныптың факультативтік курсында электромагниттік 
тербелістер туралы білімдері гормониялық емес тербелістерді 
қарастыру арқылы тереңдетіледі. Политехникалық білім берудің 
мақсаты оқушыларды үш фазалы токты алу, үш фазалы токтың 
асинхронды двигателі мен үш фазалы электр энергиясын 
тасымалдау жүйесін қарастыруда жүзеге асырылады. Жарықтың 
толқындық қасиеттерін қарастырғанда Френель зонасы, Гюйгенс-
Френель принциптері туралы түсінік беріледі.
«Кванттар» тақырыбы бойынша материаның корпускулалық-
толқындық қасиеттерін дәлелдейтін фотонның нақты өмір 
сүретінін дәлелдейтін материалдар қарастырылады.
«Қолданбалы физика» факультативтік курстарында уақыт-
тың көбі практикада кеңінен қолданылатын механизм-дердің, 
машиналардың, автоматтық қондырғылардың жұмыс істеулерінің 
физикалық принциптерін қарастыратын практикалық сабақтарға 
бөлінеді. Мысалы: (7-8 сынып) «Физикалық шамалар және 
оларды өлшеу». Курстың міндеттері: 
- оқушыларды физикалық шама, өлшеуіш құралдар, өлшеу 
әдістері, өлшеу қателіктері, экспериментальдық зерттеу деген 
сияқты ұғымдармен таныстыру; 
)
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет